link8400 link8401 link8402 link8403 link8404 link8405 link8406 link8407 link8408 link8409 link8410 link8411 link8412 link8413 link8414 link8415 link8416 link8417 link8418 link8419 link8420 link8421 link8422 link8423 link8424 link8425 link8426 link8427 link8428 link8429 link8430 link8431 link8432 link8433 link8434 link8435 link8436 link8437 link8438 link8439 link8440 link8441 link8442 link8443 link8444 link8445 link8446 link8447 link8448 link8449 link8450 link8451 link8452 link8453 link8454 link8455 link8456 link8457 link8458 link8459 link8460 link8461 link8462 link8463 link8464 link8465 link8466 link8467 link8468 link8469 link8470 link8471 link8472 link8473 link8474 link8475 link8476 link8477 link8478 link8479 link8480 link8481 link8482 link8483 link8484 link8485 link8486 link8487 link8488 link8489 link8490 link8491 link8492 link8493 link8494 link8495 link8496 link8497 link8498 link8499 link8500 link8501 link8502 link8503 link8504 link8505 link8506 link8507 link8508 link8509 link8510 link8511 link8512 link8513 link8514 link8515 link8516 link8517 link8518 link8519 link8520 link8521 link8522 link8523 link8524 link8525 link8526 link8527 link8528 link8529 link8530 link8531 link8532 link8533 link8534 link8535 link8536 link8537 link8538 link8539
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласы

Қазақстан,Қызылорда қаласы

№257 орта мектеп

Математика пәні мұғалімі

Утембетова Лида Картамысовна

Сабақтың мақсаты: Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласын қолданудағы біліктілігін арттырып, есеп шығаруда кездесетін арнайы мағлұматтарды бере отырып, оқушының іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

1) Білімділігі: Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласын жатқа білу. Формуланы есеп шығаруда пайдалана білу

2) Тәрбиелілігі: Ойын жеткізу дағдысын арттыру, есептер шығаруға баулу

3) Дамытушылығы: Ойын элементтерін пайдалана отырып ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше есеп шығару дағдысын дамыту. Есеп шығару барысында ағылшын тілін математика есептеріне қолдануға үйрету

Сабақтың түрі: Білімін жетілдіру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі жазбалар

Сабақтың типі: Кіріктірілген сабақ (ағылшын тілі)

Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақта, сигналды таблолар, плакаттар, пазл түріндегі кеспе қағаздар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар 2 командаға топтастырылады. Сабақ кіріктірілген сабақ түрінде мұғалім 2 тілде (қазақ және ағылшын тілі) өткізіледі. Оқушыларды түгелдеп, сыныптың сабаққа дайындығы тексеріліп, оқушылардың назары сабаққа аударылады. Оқушылар сабақтың мақсатымен таныстырылады. Командаларға әрбір дұрыс жауаптары үшін (әр командаға бөлек-бөлек) химия сабағында қолданылатын өлшем стақандарына 1 атомнан салынып отыратындығы айтылады.

ІІ. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:

  • Бірмүше дегеніміз не? (сандар, айнымалылар, айнымалылардың дәрежелерінің көбейтіндісі)
  • Көпмүше дегеніміз не? (бірмүшелердің қосындыларынан құралған мүше)
  • Бірмүше мен көпмүшені қалай көбейтеміз? (көпмүшенің әрбір мүшесін бірмүшеге көбейтіп, қосамыз)
  • Көпмүше мен көпмүшені қалай көбейтеміз? (бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, қосамыз)
  • a2+b2=? [(a-b)(a+b)]
  • Мысалдар келтіру.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №356 есеп ауызша тексеріледі. Әр оқушыда сигнал таблосы бар. Оның бір жағы жасыл, бір жағы қызыл. Оқушы есептің жауабын оқып болған соң, басқа оқушылар қолдарындағы табломен өз есептеріңіздің жауаптары сәйкес келсе жасыл, сәйкес келмесе қызыл жағын көрсетеді. Бұл әдіс арқылы сынып оқушыларының үй тапсырмалары тексеріледі. Интерактив тақтада дұрыс жауабы көрсетіліп, дәптерде қате кеткен жерлері жөнделеді. Бұл үй тапсырмасы 2 команда оқушыларына да берілгендіктен бірінің қатесін екіншісіне жөндеуге мүмкіндік беріледі.

IV. Өткен тақырыпты пысықтау. Өткен тақырыпты пысықтап, бекіту үшін мысалдар интерактив тақтада жазылып, мысалдар ауызша орындалады. Әр командаға 4 есептен беріледі.


Көбейткіштерге жіктеңдер:

x2-y2=

4-a2=

9x2-4=

25x2-16y2=

Өрнекті түрлендіріңдер:

(3a-2b)(3a+2b)=

(4xy+9)(9-4xy)=

(3x2-5)(5+3x2)=

(ab-c)(ab+c)=

Есептің жауаптары ағылшынша айтылады.

VI. Есептер шығару. 1) «Фишка ойыны» ойналады. Интерактив тақтада 2 кесте сызылып оқушыларға маркер беріледі. Әр команда өзіне берілген тапсырманы кезек-кезек орындап, дұрыстығын қарсы команда тексереді.


Кестенің жолдағы өрнектерді бағандағы өрнектерге көбейтіп, қиылысына шыққан өрнектерді жазу керек

2-a

3+b

3-b

2+a

Кестенің жолдағы өрнектерден бағандағы өрнектерді азайтып, қиылысына көбейткіштерге жіктеп жазу керек

4a2

9a2

9b2

25x2

Әрбір команда өз жауаптарының ағылшынша нұсқасын айтып өтеді.

2) «Математикалық пазл» ойыны ойналады. Ол үшін әрбір оқушыға пазл түрінде қиылған, бір бетінде әріп, екінші бетінде есебі бар қима қағаз таратылады. Тақтаға есептердің жауабы жазылады. Оқушы есебін шығарып болғаннан соң жауаптардың ішінен дұрысын тауып пазлдың әріп жағын бері қаратып жабыстырады. Сонда бір командада «ЖАРАЙСЫҢ» сөзі, екінші командада «WELL DONE» сөздері шығады. Нәтижелі сөз дұрыс шыққан және тапсырманы бұрын орындаған команда жеңіске жетеді. Ойын соңында жеңіске жеткен командаға 4 атомнан беріледі. Оқушылар өздері алып барып пазлдарын дұрыстап жабыстыру керек. Пазлды жабыстыруға кеткен уақыт оқушылар үшін сергіту сәті болып табылады.

3) Командалардың жеңіске жетуге ынталандыру мақсатында «Блиц турнир» ойыны ұйымдастырылады. Бұл ойында әр командадан бір-бір оқушыдан шығып, берілген уақыт аралығында плакатта жазылған есептерді шығарады. Әр команданың ойыншысы қанша дұрыс есеп шығарса, сол командаға сонша атом беріледі. Есептің дұрыстығын интерактив тақтада көрсетіліп, қарсы команданың оқушылары есептің дұрыс шығарылғанын тексереді. Жауаптар ағылшынша айтылады.

VII. Cабақты пысықтау. Тақтаға 5 есептен құралған тест жазылады. Оқушылар тестті дәптерлеріне орындайды. Орындалған тесттің жауаптары көрші отырған оқушыға беріледі. Интерактив тақтаға тест жауаптары шығарылып, көрсетіледі де, оқушылар көршісінің жауаптарын тексеріп, нәтижесін әр сынып өз мұғалімдеріне жеткізеді.

VIIІ. Сабақты қорытындылау. Өлшем стақандарындағы жиналған әрбір команданың атомдары ағылшынша саналып, ойынның қорытындысы шығарылып, белсенділік танытқан оқушылар марапатталады.

ІХ. Бағалау. Мұғалім сынып оқушыларын берген жауабына қарай бағалайды.

Х. Үйге тапсырма . №362, №364 есептер.

Резервті тапсырма. (а+b)(a+b) және (а-b)(a-b) көпмүшелерін көбейтіп келу

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности