Газиза Чегибаева
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
Бейнелеу өнері пәнінен ашық сабақ: «Сәндік қолданбалы өнер».

Сабақтың тақырыбы: «Сәндік қолданбалы өнер».-5 сынып

Сабақтын мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға сәндік қолданбалы өнер туралы түсінік беру, оның түрлерімен таныстыру, оларды жасау технологияларымен таныстыру.

2. Дамытушылығы: оқушылардың ұлттық өнер туралы білімдерін бір жүйеге түсіріп; шығармашылық қиялын дамыту. Бедер технологиясын шебер қолдана білуге үйрету.

3. Тәрбиелігі: оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын оятып, ұқыптылыққа, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтын түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.

Сабақтын әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, бедер жұмысы.

Сабақтын көрнекілігі: слайдтар.

Сабаққа қажетті құралдар: фольга, қарындаш, сым, шаблон.

Пәнаралық байланыс: тарих, технология.

Сабақтын барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа дайындау, құрал-жабдықтарын тексеру, жоқ оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  2. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы «Сәндік қолданбалы өнер».

Бүгін біз сендермен сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не, оған не жатады және қалай жасалады деген сұрақтарға жауабын тауып, өзіміз де бұйымдар жасап көреміз.(Слайд № 1)

Слайд № 1 Слайд № 2 Слайд № 3

Сонымен экранға назар аударамыз, ең алдымен сәндік қолданбалы өнер дегеніміз эстетикалық мәні жағынан маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады. (Слайд № 2)

Балалар, сендер сәндік қолданбалы өнерге жататын қандай заттарды білесіңдер?
Оқушылардың жауаптары (Білезік, текемет,)

Жақсы балалар, ал оларды жасау үшін қандай материалдарлы пайдалануға болады екен? (Ағаш,сүйек, тас, әйнек, мақта, жүн, т.б.), (Слайд № 3)

Слайд № 4 Слайд № 5 Слайд № 6

Бірақ, байқасақ кейбір материалдар өңдеуді талап етеді, немен өндеуге болады? (Алтынмен, күміспен қаптау, акғашты лакпен бояу, асыл тастармен әшекейлеу), (Слайд № 4)

Сәндік қолданбалы өнердің көп түрлері бар. Олар керамика, көркем оймыш, әйнек, металдан жасалған бұйымдар. (Слайд № 5)

Олардың бәрін жасау үшін көптеген технологияларды пайдалануға болады, олай болса қандай технологиялар бар екен көрейік. (Слайд № 6)

Осы технологиялардың көбі бізге таныс, бірақ бүгінгі сабақта біз бедер технологиясын пайдалана отырып ежелгі кезде өмір сүрген сардардың көбе сауытын жасап, оны өңдеп көреміз.

3. Сарамандық жұмыс:

Слайд № 7 Фото № 1 Фото № 2

Көне жазба деректерінде сақтардың, ғұндардың тері және темір сауытпен жарақтанған ауыр қаруланған атты әскері болғанын білеміз. Келесі слайдта қарапайым жауынгерді көреміз. Оның көбе сауыты темір пластиналардан жасалған. Мен сендерге қазір осындай пластиналармен суретін таратамын, сендер суретті пластинаға түсіріп, бедер технологиясын пайдаланып қаламның басымен бедерлейсіндер. Әр пластинанын теріс жағында үсті-асты деп көрсетілген, асықпай, аспай әдемі істеуге тырысамыз, түсініксіз болса қол көтеріп сұраймыз, олай болса сәттілік тілеймін, жұмысқа кіресеміз.

Өте жақсы, болды бүгін өте ұқыпты, бедерлеуді дұрыс пайдалана білген баланы ортаға шақырамыз, осы жасаған көбе сауытын оған киіп көруге, сол заманның жауынгері ретінде өзін сезінуге шақырамыз. Керемет өте әдемі көрінеді, бірақ бұл көбе сауытты әлі де сәндік қолданбалы өнердің туындысына жатқызуға ертерек, олай болса келесі сабаққа, балалар, жұмысымызды жалғастырамыз.

4. Үй тапсырмасы: оқулықта 75-77 бетт.оқу, келесі сабаққа алтын түсті оракал, әртүрлі моншақтар, тастар,ПВА желімін әкелу.

5. Пысықтау: Бүгінгі тақырыпқа келсек, сол кездердегі жауынгерлердің де атақтары жоғарланған сайын,

олардың көбе сауыттары да, қару жарақтары да өте әдемі өңделген. Сендер тарихтан қандай мысал келтіре аласындар?


Фото № 3


Дұрыс, әрине, бүкіл әлемге танымал Алматы облысынан Есік қаласының маңынан табылған алтын адамды айтуға болады.

Он алты-он жеті жастағы сақ патшасының болат сауыты үшбұрышты алтын пластиналармен безендірілген, олардың сырты әртүрлі аңдар мен құстардың бейнелерімен бейнеленген. Қазақстанның символына айналған алтын адамнын аруағы қолдасын деп сабақ аяқталды дегім келеді.

Слайд № 8 Чегибаев Ерлан Маратұлы

Бейнелеу, сызу және технология

пәндерінің мұғалімі

«Ү-Владимировка орта мектебі» КММ

Бесқарағай ауданы ШҚО


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности