link13968 link13969 link13970 link13971 link13972 link13973 link13974 link13975 link13976 link13977 link13978 link13979 link13980 link13981 link13982 link13983 link13984 link13985 link13986 link13987 link13988 link13989 link13990 link13991 link13992 link13993 link13994 link13995 link13996 link13997 link13998 link13999 link14000 link14001 link14002 link14003 link14004 link14005 link14006 link14007 link14008 link14009 link14010 link14011 link14012 link14013 link14014 link14015 link14016 link14017 link14018 link14019 link14020 link14021 link14022 link14023 link14024 link14025 link14026 link14027 link14028 link14029 link14030 link14031 link14032 link14033 link14034 link14035 link14036 link14037 link14038 link14039 link14040 link14041 link14042 link14043 link14044 link14045 link14046 link14047 link14048 link14049 link14050 link14051 link14052 link14053 link14054 link14055 link14056 link14057 link14058 link14059 link14060 link14061 link14062 link14063 link14064 link14065 link14066 link14067 link14068 link14069 link14070 link14071 link14072 link14073 link14074 link14075 link14076 link14077 link14078 link14079 link14080 link14081 link14082 link14083 link14084 link14085 link14086 link14087 link14088 link14089 link14090 link14091 link14092 link14093 link14094 link14095 link14096 link14097 link14098 link14099 link14100 link14101 link14102 link14103 link14104 link14105 link14106 link14107 link14108 link14109 link14110 link14111
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Астықты алқап

Год: 2012

Страна: Казахстан

Кызылординская область,Казалинский район,пос Басыкара,школа №182

Учитель начальных классов

Агибаева Махаббат Абдиалимовна

Сабақ тақырыбы:

Астықты алқап

Сабақ мақсаты:

1.Оқушыларға табиғатты , табиғат байлықтарын қорғау,экология,экономика жайында айтып түсіндіру.

2.Оқушыларды еңбек адамдарын қадірлеуге,еңбек сүйгіштікке,нанды қастерлеуге,танымдық ойлау қабілетін арттыру.

3.Балалардың еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,дәстүрді жалғастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Карта,тірек сызба,суреттер

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Сабақ әдісі:Ой қозғау,Ассоциация,Дискуссиялық карта,Тірек сызбасы.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2.Түгелдеу.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

-берілген тапсырманы сұрау

-қосымша сұрақ қою

-оқушыларды бағалау

Өткен сабақтарды бекіту мақсатында І — ІІ топтағы оқушыларға жарыс түрінде сұрақтар қойылады.

-Ой қозғау:

І — топ ІІ — топ

1.Қазақстан ел ордасы қай қала? 1. «Жүрексің».Кімнің өлеңі?

-Астана -Мұқағали Мақатаев

2.Ел рәміздерін ата? 2.Мемлекеттік әнұранның бір шумағын

-Елтаңба,Әнұран,Ту. айт.

3.Біздің мемлекеттік тіліміз. 3.Тіл туралы заң қай жылы қабылданды.

-Қазақ тілі. -1997 жылы.

4.Тәуелсіздік күні — қай күн? 4.Қазақ халқының тарихында тұңғыш

5.Қазақстан Республикасының - «Жеті жарғы».

тұңғыш президенті кім? 5.Заң шығарушы орган қалай аталады?

-Нұрсұлтан Назарбаев - Парламент

6.Ақ күрішті аймақ қай облыс? 6.Атақты күрішші.

-Қызылорда. –Ыбырай Жақаев.

7.Еліміздің інжу — маржаны қай 7.Маңғыстаудың ең негізгі байлығы не?

аймақ? –Шығыс Қазақстан. –Мұнай

ІІІ.Жаңа сабақ:Астықты алқап.

Оқушылар назарын жаңа сабаққа аудару.

а) Ассоциация жасау:

Астық


жүгері бидай

тары күріш

сұлы арпа

ә) Астық деп отырғанымыз не?

Астық — нан.

б) Нан туралы не білесіз?

Ас атасы — нан.

Нан өмір - өзегі.

Дән — дегеніміз нан.

Түйір нан — тамшы тер.

Алтын күміс тас екен,

Арпа бидай ас екен.

в) Ал, осы нансыз тіршілік бар ма? — жоқ

Сонда осы нан дастарханға қалай келеді екен?

Топпен жұмыс. Осы кезде балалар 2 топқа берілген тапсырма бойынша жұмыс жүргізеді.

I топ.

Нан дастарханға қалай келеді?

  • жерді жыртады
  • дән себеді
  • суғарады
  • арам шөбін жұлады
  • бидай піседі
  • оны орады
  • оны сабағынан айырады
  • тазартады
  • суырады
  • Диірменге апарады
  • Ұн болады
  • Илеп ашытады
  • Нан етіп пісіреді

а) Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша жұмыс жүргізеді.

б) Нан дастарханға жеткеше қаншама тер төгіледі . Оның дәмін еңбек еткен адам ғана біледі .

« Көзін сатып жеген нан

Көптелді өңешке

Терін сатып жеген нан

Балдан тәтті емес пе?! »

Нан жарқыраған алтын емес , бұрқыраған ақша емес, оған баға жетпейді. Дағыстандағы бір әйелдің қабырының басындағы тасқа « бір құмыра алтынды, бір құмыра бидайға айырбастай алмаған мына дүниені тәрк еттім » - деп жазылыпты.Осы жерге халық келіп тағзым етеді екен. 1931-1932жылғы ашаршылықта қазақ халқының жартысынан жуығы қырылған. Сонда адамзат бір үзім нанға зар болып қиналған. Өмір нәрі,тіршілік атауы нанды өсіретін дихан. Халық ерте кезден- ақ егіншілкпен айналысқан. Егін шаруашылығының аса бір дамыған кезеңі 1954 жыл болды. Бұрын соқа тимеген тың жер игерілді. 1954-1955 жылы өз еркімен мыңдаған қыздар мен жігіттер тың игеруге аттанды. Тың игеруге бүкіл ұлт өкілдері қатысты. Республикамызға ауыл-шаруашылық мамандары: механизаторлар,инженерлер,техниктер,ауыл шаруашылығының құрылысшылары келді. Аз уақыт ішінде 42млн га жер игеріліп,тың төсі түлеп тас жолдар,темір жолдар,колхоз,савхоздар мен қалалар бой көтерді. Тыңда Абай,Рудный,Ермак,Екібастұз,Арқалық,Целинград қалалары пайда болды. Тың игеруге 640 000 қазақ жастары мен басқа ұлт өкілдері қатысты.

Картадан тың игеру кезінде пайда болған қалаларды көрсету.

1979 жылы бұрын-соңды болмаған рекорд жасап Отан қоймасына 1млд 262 мың тонна астық құйды. Сол кезде еңбегімен көзге түскен тракторшы қазақ қызы Кәмшат Дөнентаева Социалистік Еңбек Ері атағын алды.Дегенмен,жерді жаппай жырту пайдасы мен қатар зиянын да тигізді. Ағаштар оталды,жырылған жер құнарын жел суырып, сортаң жерге айналып, мал шаруашылығына орасан зор зиянын тигізді. Ал ,пайдасы ел экономикасы артты,сауда-саттық көзіне айналды.

Тың игеру ХХ ғасырдың елеулі оқиғасы. Кешегі өткен салтанатқа Укараинадан , Ресей,Беларусь,Қазақстан облыстарынан 1500 тың игеруші қатысты. Елбасымыз 22 тыңгерге «Тыңға 50 жыл» медалін табыс етті.Дастархан ырысы-дихан еңбегі, жер-ана. Жер иесі-дихан. Жерге әкімшілік,өктемдік жүрмейді.

Сонымен Тың дегеніміз не?

Тың — нан туралы күрес.

Тың – Кәмшаттың ерлігі.

Тың — ерен еңбек.

Тың – дархан байлық.

Тың — мызғымас достық.

Тың – Ерлік.

Дискуссиялық карта.

Ия Жоқ

Экономика дамыды,сауда-саттық Жерді жаппай жырту,жер құнарын

өсті. Жаңа қалалар пайда болды. Кетірді. Ағащтар ретсіз қырқылды.

Мәдениетіміз дамыды. Мал жайылымдары жойылды.

Жердің құнары азайды. Ұлттық дәстүрімізді жоғалттық. Қазақ мектептері жабылып қалды.

Тың игерудің пайдалы,зиянды жақтары болды ма?

ІҮ.Қорытынды бөлім:

Сабақ «Менің Қазақстаным» әнін хормен айту арқылы аяқталды.

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Думанды бастаған

Далама қарашы.

Кең екен,

Жер деген

Жерге дән шықты ғой.

Дән егіп,

Терлеген

Қазағым мықты ғой.

Ү.Бағалау.

ҮІ:Үйге тапсырма:Астықты алқап

Скачать урок

Скачать файл: astyty-alap.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности