Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
"Қазақстан-2050:бір халық-бір ел-бір тағдыр"

Казахстан, Западно-Казахстанская область, г.Уральск

СОШ №36 им. М.Б.Ихсанова

Учитель русского языка и литературы

Кадришева А.С.

"Қазақстан-2050:бір халық-бір ел-бір тағдыр"

Мақсаты:

Білімділік: жолдауды жан-жақты талқылап, ой бөлісу. Оқушыларға Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру;

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, саралау, өз пікірлерін ортаға салу қабілеттерін арттыру, өздігінен білім алуға, ізденулеріне жағдай жасау, ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға баулу. Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: елбасының суреті, сөзжұмбақ, елтаңбаның сүреті, әнұран, ту, шарлар.

Сабақтың барысы.

І. Кіріспе.

Сабақ әнұран айтумен басталады.

Учитель: Құрметті оқушылар, жаңа оқу жылдарыңызбен құттықтаймын! "Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы" дегендей осынау өміріміздің шамшырағы Білім күні дүниежүзіндегі барша адамзат баласына ортақ күн. Бұл күнде бүкіл әлем болып білім табалдырығын салтанатпен аттайды.

Әр мемлекет ғылым, біліммен танылады, ғылым мен білімнің арқасында өркен жайып дамиды. Сондықтан ел болашағы жас ұрпақтың әр бірінің білім алуы басты міндет. Ұмытпаңыз, ел болашағы сіздің қолыңызда.

Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық.

Учитель: Сегодня у нас необычный урок, сегодня на уроке классного часа, мы будем рассуждать, доказывать, наблюдать и делать выводы. Мы будем говорить о дружбе народов как о бесценном достоянии нашей страны, которое нужно беречь и приумножать, о воспитании казахстанского патриотизма, любви к Родине.

ІІ. Ой қозғау:

Учитель: - Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

- Қазақстан.

- Балалар, айтынызшы біздің Қазақстанның жері қандай? (балалар жауабы: Қазақстанның жері бай, үлкен, әдемі).

- Қазақстанның жерінде не бар? (балалар жауабы: Қазақстанның жерінде үлкен қалалар, ауылдар, көп үйлер бар, жасыл орман, биік таулар, теңіз, өзендер бар).

Оқушы: Қазақстан - көк байрақты нұр едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Оқушы: Менің елім Қазақстан

Бар ғой онда бәрі де:

Өзен де бар, көл де бар,

Орман да бар, тау да бар,

Жайнаған сансыз қаласы бар,

Жайқалған жомарт даласы бар.

- Балалар, Отан туралы қандай мақал — мәтелдер білеміз? (балалар жауабы)

« Отан –елдің анасы».

« Отан — оттан да ыстық»

« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

« Отанды сүйю отбасынан басталады».

« Жері байдың елі бай». т.б.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Балалар жауабы)

Оқушы: Астана — арман қала

Астана — сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында.

Мүғалім: Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 21 жыл болып қалды. Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық дегенді қалай түсінесіңдер? (балалар жауабы: Тәуелсіздік алдық дегеніміз — өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтанбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар).

Мүғалім: Дүрыс айтасындар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған қандай тақпақ білесіңдер?

Оқушы: Танғажайып атында дәл табылды,

Табылда талай жұртқа танылды,

Туған елім, көкке жетті көк туын

Сен, Тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі!

Оқушы: Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік тандары

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

Мүғалім: Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім? (балалар жауабы)

Оқушы: Елімде бейбіт тыныш заман болсың,

Тілеймің әр адамға бақыт қонсын,

Елімнің ел ағасы, елбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!

Мүғалім: 14 желтоқсан күні жаңа «Астана опера» опера және балет театрында ҚР Президенті Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналысынды откизди. Не ушин откизгенди сиз мына сөзжұмбақтан билесиз.

ІІІ. Сөзжұмбақ. «Жолдау» сөзі шығу керек.

1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)

2. Отағасының антонимі (отанасы)

3. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)

4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» лт денсаулығы)

5. Ата-ана тәрбиелейді? (бала)

6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)

- Иә, балалар, Жолдауын арнады.

- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.

Отағасының серігі отанасы демекші Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.

Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.

Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы - Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан -2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .

Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт - бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 30 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян -қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.

- Жолдау туралы не түйдің, осы айтылған тарауларда не айтылмады?

Ән: Елім менің. (тыңдалады)

ІV. «Ойын»

«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Мүғалім: Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен? (балалар жауабы: Олар бір — бірімен дос, тату тұрады.)

Оқушы:Орыс, ұйғыр, неміс те

Үміт қосып жеңіске

Жұдырықтай жұмылды

Келешегі кең іске.

Оқушы: Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттын баласы

Достығымыз жараскан.

Оқушы: Как повезло тебе и мне,

Мы родились в такой стране

Где люди все одна семья

Куда ни глянь – кругом друзья!

V. Мемлекеттік рәміздер.

Мүғалім: Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме? (балалар жауабы)

- Дүрыс, мемлекеттін рәміздері: елтанба (герб), ту (флаг), әнүран (гимн) жатады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы сүретші Шәкен Ниязбеков. Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтанбасының авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков. Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нүрсүлтан Назарбаев, әнің жазған Шәмші Қалдаяқов.

Мүғалім: Сұрақтар — Вопросы

1. Рәміздер Мемлекетке не үшін керек?

(балалар жауабы: Әр мемлекеттің өзіндік ерекшілік белгілері болады. Еліміздегі халықтарды бірліктіру үшін.)

2. Еліміздің туын қайдан көруге болады?

(балалар жауабы: Үлкен мемлекеттік ғимараттардан, біздің балабақшаның төбесінде де ту бар, мереке күндері тулармен көшелерді сәндейді).

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтанбасың қайдан көруге болады?

(На знаменах, на печатях, на монетах, на архитектурных сооружениях,произведениях искусства, книгах… Тулардан, мөрлерден, теңгелерден, кітаптардан …)

Оқушы: Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Оқушы: Елтанбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі!

Құт, береке шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Оқушы: Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Мүғалім: Жарайсындар, балалар. Ал енді балалар, біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл болады?

(балалар жауабы: мемлекеттік тіл — қазақ тілі).

Оқушы: Жарық біздің күніміз,

Біз өмірдің гүліміз,

Қазақстан — жан Отан

Қазақ тілі — тіліміз!

Оқушы: Бақыт құсы қондығой,

Менің туған елімі.

Тіліміз бен дініміз

Қайта келді еліме.

Тіл туралы мақалдар дидактикалық ойын арқылы «Мен бастаймын, сен қошта»

1. Тіл — (қылыштан да өткір).

2. Тілі тәтті — (көнілі қатты).

3. Ең ащы да тіл — (ең тәтті де тіл).

Ең қатты да тіл — ( ең жүмсақ та тіл).

4. Тіл — (көңілдің кілті)

VI. Қорытынды:

Мүғалім: Ал, балалар, Қазақстан Республикасы казірге кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз, егеменді ел. Олай болса, осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек.Сонда ғана — ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

- Ал балалар, ендеше айтағойыңыз, сіздің ойынызша, неге біздің тәрбие сағатымыздың атауы "Қазақстан 2050: бір халық-бір ел - бір тағдыр"?

Потому что «один народ» - это единые для всех национальные интересы.

«Одна страна» - это наша единая для всех Родина.

«Одна судьба» - это трудности и победы, которые мы прошли вместе!

Это наша общая перспектива - благополучный и процветающий Казахстан!

Всё это, вместе взятое, означает, что для успешной реализации Стратегии необходимо единство общества.

- Осымен сабағымыз аяқталды. Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!

Ән «Қазақстан»

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности