link143 link144 link145 link146 link147 link148 link149 link150 link151 link152 link153 link154 link155 link156 link157 link158 link159 link160 link161 link162 link163 link164 link165 link166 link167 link168 link169 link170 link171 link172 link173 link174 link175 link176 link177 link178 link179 link180 link181 link182 link183 link184 link185 link186 link187 link188 link189 link190 link191 link192 link193 link194 link195 link196 link197 link198 link199 link200 link201 link202 link203 link204 link205 link206 link207 link208 link209 link210 link211 link212 link213 link214 link215 link216 link217 link218 link219 link220 link221 link222 link223 link224 link225 link226 link227 link228 link229 link230 link231 link232 link233 link234 link235 link236 link237 link238 link239 link240 link241 link242 link243 link244 link245 link246 link247 link248 link249 link250 link251 link252 link253 link254 link255 link256 link257 link258 link259 link260 link261 link262 link263 link264 link265 link266 link267 link268 link269 link270 link271 link272 link273 link274 link275 link276 link277 link278 link279 link280 link281 link282 link283 link284 link285
Malgeldinova Kizat Aidarhanovna
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Ғылыми жоба "Жарма ауданының флорасы"

Тақырыбы: Жарма ауданының флорасы

Студент: Сатыбалды Қанат.

Ғылыми жетекші: Малгельдинова Қизат Айдархановна
биология пәнінің оқытушысы

Астана қаласы 2015 жыл

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................3

I. Ғылыми теориялық бөлім

1.1.Ғылыми еңбектерге шолу ............................................4

1.2.Жарма өңірінің физико-географиялық сипаттамасы.................................................................................. 7

1.3. Зерттеу материалдары мен әдістері................................9

II. Ғылыми эксперимертальды бөлім .................................

2.1. Жарма ауданындакездесетін өсімдік бірлестіктері.......

2.2. Зерттеу материалдарының таксондық, морфологиялық және экологиялық белгілеріне сипаттама .......................

2.3.Жарма өңірінен жиналған зерттеу материалдарының ботаникалық сипаттамасы.................................................

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша материалдар

Кіріспе

Өсімдіктер әлемі алуан түрлі және саны жағынан өте көп. Олар дүние жүзінің барлық континеттерінде таралған. Өсімдіктер алуан түрлілігіне және маңызына байланысты тіршілікте ең маңызды роль атқарады. Солардың ішінде аса маңызды орын алатын жоғары сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктер-күн энергиясын пайдалана отырып, көміртегі мен көмірқышқыл газын байланыстыра көмірсу мен басқа да органикалық заттар түзеді. Сонымен қатар тек өсімдіктерге ғана тән құбылыс - ол жердегі тірі организмдердің тыныс алуына қажетті оттегіні бөліп шығарады [5].

Өсімдіктер топырақ пен климаттың түзілуіне белсенді қатысады. Жер қойнауындағы көмір, мұнай, шымтезек және т. б. пайдалы қазбалар өсімдіктердің нәтижесінде пайда болған.

Төменгі сатыдағы өсімдіктерге қарағанда гүлді өсімдіктердің денесі ұлпаларға және мүшелерге жақсы дифференциялданған, аталық-аналық органдары көп клеткалы.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер споралы және тұқымды деп екі топқа бөлінеді. Сонымен қатар бұл топтағы өсімдіктердің бірнеше классификациялары белгілі. Олардың қатарына жоғары споралы, архегониялды, жалаңаш және жабық тұқымдылар деп те бөлінеді. Әлемдік флорада жоғары споралы өсімдіктер 50000 түрден тұрады. Тұқымды өсімдіктер жалаңаш тұқымдылар мен жабық тұқымдыларға бөлінеді.

Жабық тұқымдылар өсімдіктер патшалығында ең үлкен бөлімді құрайды. Бұл өсімдіктер морфологиялық алуан түрлілігімен және тіршілік формасының алуан түрлілігімен таң қалдырады. Барлық өсімдіктердің ішінде тек жабық тұқымдыларда ғана гүлі болады. Гүлде аталық-аналық жыныс мүшелері дамиды. Гүл тұқымды көбею мүшесі болып табылады. Сол себепті жабық тұқымдыларды гүлді өсімдіктер деп те атауға болады [7].

Гүлді өсімдіктер өсімдіктер әлемінде 390 тұқымдасты, 13 000 туысты және 24 000-дай түрді тұратын ең үлкен бөлімді құрайды. Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде гүлді өсімдіктер басқа топтарға қарағанда түр саны жағынан алдыңғы орында.

Қазақстанның табиғи климаттық жағдайларының әртүрлі болуына байланысты еліміз өсімдіктер әлеміне бай. Қазақстан флорасы 1100 туыс пен 135 тұқымдасқа жататын 6000 түрді біріктіреді.

Жер бетіндегі өсімдіктер жабыны әр алуан өсімдік түрлерінен және олардың бірлесуінен түзілетңн өсімдік қауымдарынан құрылады. Өсімдіктер жабынын зерттегенде оны Флора және өсімдіктер деген екі түрлі ұғымға бөледі. Бұл өсімдіктер жабынының әртүрлі екі жағы. Әдетте бұл екі ұғым жиі шатастырады.

Флора дегеніміз, ол белгілі бір аймақта, өлкеде, ауданда, жерде тіршілік орындарының барлық типтеріне орналасып, сол жерге тән барлық өсімдік қауымдарын құратын өсімдік түрлерінің жиынтығы. Әр флораның негізгі белгісі — ол оның түрлік құрамы. Белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктердің түрлерін есепке алу, яғни флоралық инвентаризация жасау — ол әрбір флоралық зерттеу жұмыстарының негізі болып саналады. Флорадағы түрлердің құрамын есепке алу олардың жалпы саны туралы және олардың қандай туыстарға, тұқымдастарға жататындықтары туралы түсінік береді. Флораны құратын түрлердің саны оның байлығын тікелей көрсетеді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

1. Жарма ауданында кездесетін өсімдік түрлерін анықтап, оларға систематикалық сипаттама беру.

2. Жарма ауданының өсімдік бірлестіктерін анықтап, оларды құрайтын өсімдік түрлерін табу.

3. Жарма ауданының өсімдіктерінің экологиялық өсу ерекшеліктерін зерттеп, зерттелген өсімдік түрлерінің ішіндегі мәдени, дәрілік, арамшөп, улы, сирек кездесетін және ауыл шаруашылыққа пайдаланатын өсімдіктерін анықтау.

4. Жарма ауданындағы өсімдік түрлерін анықтап, олардың морфологиялық ерекшеліктерімен танысу.

Курс жұмысының практикалық маңызы: Жармаауданы бойынша зерттелген өсімдік түрлерінің ішіндегі дәрілік өсімдіктерін, ауыл шаруашылыққа пайдаланатынын бөліп алып зерттеу және осы жиналған өсімдіктердің гербарийлерін мектептерде, жоғарғы оқу орындарында өсімдіктерді анықтағанға құрал ретінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құндылығы.

Диплом жұмысы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының жалпы биология кафедрасы зерттеп отырған «Семей өңірінің флорасы» тақырыбындағы ғылыми жұмыстың құрамдас бөлігі болып табылады. Шығыс Қазақстан өсімдік жамылғысына бай. Ал оның белгілі бір флоралы аудандарының бірі болып табылатын Жарма ауданының өсімдіктері жайлы нақтылы жеке мағлұматтар жалпы биология кафедрасында жоқ. Сондықтан осы диплом жұмысында Жарма ауданының өсімдік бірлестіктерінен өсімдік түрлері жиналып, олардан гербарийлері дайындалды. Жиналған гербарийлерді ботаника курсын оқытуда көрнекті құрал ретінде пайдалануға болады.

I. Ғылыми теориялық бөлім

1.2.Ғылыми еңбектерге шолу

Біздің еліміз климаттық жағдайы мен климатты құрушы факторлары әртүрлі болуына байланысты өсімдіктер әлеміне бай. Осыған қарай ғасырлар бойы көптеген ғалымдар өсімдіктерді зерттеумен айналысып келеді. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін,түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.

Отанымыздың кең-байтақ жері жоспарлы түрде зерттеле бастады. Онда тек жоғары сатыдағы өсімдіктердің 20 мыңнан астам түрі кездеседі. Бұлардың түрлерін анықтап, таралуын мұқият зерттеуде СССР Ғылым академиясының президенті В. Л. Комаровтың (1869-1945) еңбектерінің маңызы зор болды. Комаров жас кезінен бастап бірнеше жыл бойы Орта Азия және Қиыр Шығыс флорасын зерттеп, көптеген жабайы өсетін өсімдіктерді игеріп, мәдени егіске енгізуге көмектесті.

Борщов (1833-1873), ботаникалық, географиялық, экологиялық бағытта Арал-Каспий өлкесі өсімдіктерін зерттеп(1865) шөлдала, шөлейт ксерофитті өсімдіктері, климаты, экологиясы туралы алғашқы классификациялық еңбек жазды. Арал-Каспий өлкесін 5 флоралық микрооблысқа бөліп, 66 өсімдіктер ареал картасын жасады.

Дала, шөлдала, шөлейт, орман, ормансыз жерлер туралы — В.В. Докучаев (1864-1903), А.Н.Краснов (1862-1914), Г.И.Танфильев (1857-1928), С.И.Коржинский (1861-1900), А.Я.Гордягин (1865-1932) рельеф, топырақ, батпақ, тұзды жерлерді игеру, егінде мол өнім алу, агротехникалық шаралар туралы еңбектер жазды.

Рупрехт Ф.1864 жылы Орал таулары ялорасын зерттеп, тарихи юағытта еңбектерін жазды. “Қара топырақты жерлердің геоботаникалық зерттеулері” (1866) кітабында қара топырақтың пайда болу тарихын, ол топыраққа өсімдіктердің тарихи геологиялық дәуірлерде орналасуы, өсуі, таралуы, жасы туралы мәліметтер жинақтап, өз болжамын жазды.

<<Растительный покров Киргизкой республики>> деген И. М. Крашенинниковтың 1924 жылы жарыққа шыққан еңбегі СССР-дің өсімдіктер дүниесін жаңа түрлермен толықтыра түсті.

1932 жылы Қазақстанда СССР Ғылым академиясының филиалының ашылуына байланысты, Қазақстанның кең-байтақ жері жоспарлы түрде зерттеліп, алғашқы гербарийлері жинастырыла бастады. М. Г. Попов <<Растительный покров Казахстана>> (1940) деген еңбегінде жаңа зерттеулерге қорытынды жасап, Крашенинниковқа қарағанда әлдеқайда терең талдаулар жүргізді. Сондай-ақ Н. В. Павлов (1897-1938) Қазақстан өсімдіктерін зерттеп, ботаника ғылымының дамуына үлкен үлес қосты. Әсіресе, оның <<Флора Центрального Казахстана>> (1929-1938)деген үш томдық өсімдіктер анықтағышының маңызы зор болды.

СССР территориясын жан-жақты зерттеуге ботаникалық бақтарда, университеттерде, Ғылым академиясы мен оның көптеген филиалдарында жиналған өсімдік гербарийлері еліміздің флорасын анықтауға көмектесті. Комаровтың басқаруымен өсімдіктер анықтаушы Флора СССР (1934-1967) дейтін 30 томдық үлкен еңбек шығарылды. Онда елімізді өсетін жабайы және мәдени өсімдіктер түрлері баяндалған. Бұл коллективтік еңбектің жарыққа шығуы дүние жүзілік ботаника ғылымында зор жетістік болды. Бұл еңбектің практикалық маңызы өте зор. Жұмыстары өсімдіктермен байланысты қандай да болсын мекемелер мұндай жинақталған еңбекті қажет етеді. Қазіргі кезде жинақталған мұндай еңбектер көп распубликаларда шығарылып жатыр. Қазақстанда Н. В. Павловтың басқаруымен 9 томдық <<Флора Казахстана>> (1956-1966) жарыққа шықты. Төменгі сатыдағы споралы өсімдіктерді зерттеп, оларды бір-бірінен ажыратуда Б. Қ. Қалымбетов пен С. Р. Шварцманның басқаруымен көп томдық <<Споровые растения Казахстана >>деген атпен алғаш рет шығып жатқан еңбектің маңызы ерекше.

Қазақстан Республикасының өсімдік жамылғысы кең масштабта зерттелген. Өсімдік жамылғысын зерттеудегі негізгі этаптардың бірі болып өсімдік бірлестіктері мен оның құрамына кіретін өсімдік түрлерінің структурасы мен функциясын зерттеу болып табылады. Бұл бағытта Тихомиров А.В. (1968 ж.) көп еңбек етті.

Қазақстан таулы өлкесінің өсімдік бірлестіктері мен ондағы өсімдік түрлерін ең алғаш зерттеген ботаник И.Сиверс болды. И.Сиверстің негізгі зерттеу жұмыстары рауғаштың дәрілік өсімдік ретіндегі таралуын, өмір сүру жағдайларын анықтау еді. Бұл жұмысты И.Сиверс Тарбағатай, Қалба, Шыңғыстау, Дегелең таулы аймақтарында жүргізіп, осы жерлердің жергілікті өсімдік түрлері туралы құнды алғашқы мәліметтерді берді. (1962 жылы).

1864 жылы К. Струве мен Т.Н. Потанин (Степанова 1962ж) Шығыс Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде Қалба, Тарбағатай, Шыңғыстау, Арқат, Мыржық тау сілемдерінің солтүстік оңтүстік бөліктерін зерттеп, онда кездесетін өсімдік түрлерін анықтап, өсімдік бірлестіктері бойынша өсімдіктер тізімін жасайды да, оңтүстік және солтүстік бөктерлерінің ерекшеліктерін көрсетеді.

1904 жылы осы өңірлерде В.В. Сапожников (Степанов, 1962 ж) бастаған ғалымдар өздерінің ботаникалық зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінің соңында ол Тарбағатай, Шыңғыстау, Қалба, Дегелең өңірлерінің ормансыз екенін атап көрсетті. Алайда қарағайдың екі түрі: pinus және p.silvestris — кәдімгі қарағайдың Шыңғыстау тау сілемдерінің кей жерлерінде өсетіндігі анықталған (Павлов, 1948; Флора Казахстана, т.I, 1956).

1949 -1951 жж. Семей қаласының батыс бөлігін А.Вланголин (Степанова, 1962 ж) зерттеу кезінде Тарбағатайда, Қалба тауларында болып, осы өңірлердің флоралық коллекциясын толықтырып, оған өсімдіктер туралы жаңа мәлімет береді.

Қазақстан флорасы өзінің генезисі бойынша қазіргі көзқараста толығымен Ежелгі Жерорта территориясында жатыр. Осы Ежелгі Жерорта территориясының бүкіл флоралық құрылымын Попов (1927), Лавренко (1962) зерттеген болатын.

В.Н. Сукачев өзінің көптеген жұмыстарында доминатты өсімдіктердің ролі биология — морфологиялық және эколого-физиологиялық комплекстермен анықталады деді (1949 ж.).

Ең алғаш рет доминантты өсімдіктердің биокомплексті типтегі зерттеу жұмыстары биік таулы, шөлді жағдайда Тәжік ССР ҒА Ботаника институтының Памир биологиялық станциясында жүргізілді (Зеленский, 1944ж, 1949ж, 1955ж, 1956ж; Свешникова, 1944ж, 1956а ж, 1956б ж, 1962ж, 1965ж; Глаголева, Филиппова, 1965ж). Кейін дәл осындай зерттеу жұмыстары Өзбек ССР ҒА Ботаника институтының Қызылқұм стационарында (Алексеева, 1956ж; Захарлиц, 1965ж; Маматов, 1965ж) жүрді.

Бұталы-далалы қауымдастықтар шөптесін өсімдіктер типі ішіндегі бұталы –шөптесін өсімдіктері типі астына бөлінеді (Быков,1957).

1908 жылы Алтай тауы мен оның ұсақ шоқыларында, оның ішінде Шыңғыстауда жүргізілген экспедиция барысында бұршақ тұқымдасына жататын қараған туысы зерттеліп, оның осы өңірлерде кездесетін 10 түрі тіркелген (Комарова, 1947).

Быков Б.А. және Степанова Е.Ф. жұмыстарында (1953) Шығыс Қазақстанның кейбір жерлерінде кездесетін бұталы-далалы қауымдастықтарға сипаттама берілген. Мұндай өсімдіктердің таралуы белгілі бір географиялық заңдылыққа бағынады. Бұл өңірлерде бұталы даралар бірігіп келіп көптеген ірі өсімдік бірлестіктерінің белдеулерін түзеді.(Быков, Степанова, 1953; Быков, 1962; Карамышева, Рачковская, 1975).

Тянь –Шань, Памир Алтай, Тарбағатайдың оңтүстік беткейлеріндегі бұталы-далалы белдеуді зерттеу Степанованың (1962) есімімен тығыз байланысты. Қазақстан флорасындағы эндемді өсімдіктерді Н.В. Павлов (1959 ж) зерттеген болатын. Ол, әсіресе, құмды шөлдегі өсімдіктерді зерттеп, олардың 87 түрін тіркеді. Ең көп эндемді түрлер бұршақ тұқымдастарына, күрделігүлділерге, шатыршагүлділерге және лалагүлділерге жатады. Сонымен ол осы эндемді өсімдіктердің 70%-ы жартылай бұталы тіршілік формасы екенін анықтап берген. Ал Шыңғыстау тау сілемдерінде кездесетін өсімдіктерде полиморфизм жақсы байқалған. Оның ішінде астрагалдың бұталы және жартылай бұталы түрлері кездессе, жусанның псаммофитт-эндемді, эндемді-арамшөп түрлері бар (Павлов, 1948 ж).

Шыңғыстаудағы шалғынды-далалық өсімдік түрлерінің таралу ареалы туралы мағлұматтар Л.М. Носованың (1973 ж.) еңбектерінде берілсе, нағыз далалық түрлердің (Stipa, Astragalus, Artemisia, Festuca, Allium, Oxutropis, Caragana, Cagae, Iris, Euphorbita, Tanacetum, Tulipa, Spiraea, Achillea) шығу тегі, таралу ерекшеліктері, түр саны және т.б. құнды деректер М.Г. Поповтың (1949 ж.), Б.А. Быковтың (1977 ж), С.А. Невскийдің (1637 ж), И.М.Крашенинниковтың (1946 ж.) еңбектерінде берілген.

1955- 1956 жж. Қазақ елінің Ауыл шаруашылығы министрлігінің орталық комплекстік экспедициясы Шығыс Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс өңірлеріндегі қыратты жерлерді зерттеді.

1930-1960 жж. жүргізілген үлкен зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көлемді монографиялық еңбектер жазылды және осындай мағлұматтарға сипаттама «Сирек және өте бағалы Қазақстан өсімдіктері» деген кітапта (1981 ж) және «Қазақстан топырағы» (1981 ж) атты кітаптарда берілді.

Тарбағатай, Қалба, Дегелең, Семейтау және Шыңғыстау тау сілемдерінің формациясын зерттеу жұмыстары С.Ф.Степанованың (1962 ж) атымен тығыз байланысты. Бұл зерттеу жұмыстарын ол 1948-1955 жж. аралығында кең көлемде өз басшылығымен жүргізді. Үлкен зерттеулер жүргізу үшін жергілікті жердің құрамын, құрылысын, флораның типологиясы мен генезисін көсететін аймақтық эколого-флористикалық көрсетулер жасалады. Осы жоспар бойынша Орталық Қазақстанның жазықтықтарын және Түркістанның оңтүстік, Жоңғар-тянь-шань-тауларының (Коровкин,1962) флорасы анықталған болатын. Осындағы алуан түрлі өсімдіктердің ішінде — 1491 түрі талшықты өсімдіктерге бай екені анықталды.

Шығыс Қазақстанның ірі Тарбағатай, Қалба, Шыңғыстау, Арқат, Семейтау, Дегелең сияқты таулы аймақтарының өсімдік формациясында өсімдіктер түрлерін зерттеу 1948-1955 жылдар аралығында Е.Ф. Степанованың басшылығымен өтті (1962 жыл). Кейде адам мүсініне, кейде аң мен құсқа ұқсайтын түрлі жақпартастардан құралған Шыңғыстаудың сұлу көрінісі осы жерде болған жиһанкездерді (П. П. Семенов-Тянь-Шанский, Н. П. Пржевальский, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич) ерекше таңырқатқан.

Қазақстанның флорасы пайдалы өсімдік түрлеріне бай, соның ішінде маңызды орын алатындары: мал азықтық болатын, бал алынатын, эфир майы алынатын, дәрілік және дубильді заттар алынатын. Олардың құрамында өсімдік бірлестіктерінің, эндемді және сирек кездесетін түрлердің көптеген эдификаторлар және субэдификаторлары бар (Павлов, 1947, 1970, 1981; Кармышева, 1973; Виинтерголлер, 1976). Солардың ішінде кейбіреулері Қызыл кітапқа енген (1978;1981). Сирек кездесетін және эндемді түрлердің көпшілігі Ақсу-Жабағалы қорығында өседі.

Биік таулы және орташа таулы жоталар және шалғындар, көбінде көктемгі, жазғы және күзгі мал азығының көзі болып табылады. Шалғындарды зерттеу материалдары ірі мамандардың есімімен байланысты — А. П. Шенников (1935, 1938, 1941 ) , Р. А. Еленовский ( 1936 ) , В. Р. Вильямс ( 1949 ) , И. В. Ларин ( 1956 ) , С. П. Смелов ( 1966 ) , Т. А. Работнов ( 1974 ) және т.б.. Олардың негізгі зерттеу объектілері Қазақстанның шалғындарын зерттеу болды.

Өсімдіктерді табиғи жағдайда зерттеу әр түрлі экспедициялар ұйымдастырумен тікелей байланысты. Кезінде Мәскеу өсімдік шаруашылығы институты ұйымдастырған экспедициялар жабайы өсімдіктердің көптеген пайдалы түрлерін ашуға мүмкіндік берді. Осындай экспедициялардың арқасында ауыл шаруашылық өсімдіктер іріктемелерінің аса бай үлгілері жинақталды. Оны жинақтауда академик Н. И. Вавиловтың еңбегі ерекше еді. Н. И. Вавиловтың тікелей басшылығымен дүние жүзінің көптеген аймақтарында экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедицияға қатысқан ғалымдар әлемнің әр түрлі елдерінің жабайы өсімдіктерін зерттеді. Соңғы 15-20 жылдың ішінде осындай экспедициялардың құрамына Қазақстан ғалымдары да енді.

Іле Алатауын тұңғыш рет П. П. Семенов-Тянь-Шанский (1867), Н. А. Северцов (1867), Р. И. Аболин (1930) және басқа да көптеген адамдар зерттеген болатын.Мұндағы өсімдіктерді неғұрлым толық түрде академиктер Н. В. Павлов (1940, 1948 ) пен Б. А. Быков (1950 ) суреттеп жазған. Ең шырқау биіктерде мәңгі мызғымайтын қар мекенінің шекарасында, тіпті қардың үстінде де Н. В. Павлов (1948 ) Талғар өзенінің бастау тұсында мұзарттардың жиегінде Федченко жидекшөбін, соссюрея дейтін шөптерді кездестірген.

Тахтаджян А.Л. (1961) гүлді өсімдіктер алғашқыда кішігірім популяция ретінде, әр жерде, тау аралығынд плифилитикалық жолмен политопты түрінде пайда болды. Жер бетіндегі гүлді өсімдіктердің пайда болуына тек таулы жер ғана қолайлы деп тұжырымдаған.

Н.И.Вавилов (1887-1942) жер бетіндегі өсімдіктердіңпайда болуы, шыққан тегі, көптүрлілік орталығын табу (1920-1926) ашу, өсімдіктер географиясы мен биогеографиясына нәтижелі де , пайдалы көмек болды.

1.2. Жарма ауданының табиғи климаттық сипаттамасы

Шығыс Қазақстан республиканың шығыс бөлігінде, Алтай тауын және Сарыарқаның біразын қамтитын Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан. Ауданы 283,3 мың шаршы шақы

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности