link432 link433 link434 link435 link436 link437 link438 link439 link440 link441 link442 link443 link444 link445 link446 link447 link448 link449 link450 link451 link452 link453 link454 link455 link456 link457 link458 link459 link460 link461 link462 link463 link464 link465 link466 link467 link468 link469 link470 link471 link472 link473 link474 link475 link476 link477 link478 link479 link480 link481 link482 link483 link484 link485 link486 link487 link488 link489 link490 link491 link492 link493 link494 link495 link496 link497 link498 link499 link500 link501 link502 link503 link504 link505 link506 link507 link508 link509 link510 link511 link512 link513 link514 link515 link516 link517 link518 link519 link520 link521 link522 link523 link524 link525 link526 link527 link528 link529 link530 link531 link532 link533 link534 link535 link536 link537 link538 link539 link540 link541 link542 link543 link544 link545 link546 link547 link548 link549 link550 link551 link552 link553 link554 link555 link556 link557 link558 link559 link560 link561 link562 link563 link564 link565 link566 link567 link568 link569 link570 link571 link572 link573 link574 link575
Базаркул Кеулимжаева
Должность:Учительница английского языка
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:Актюбинская область, город Шалкар
Внеклассное мероприятие на тему" Жеткіншек және жанұя"

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

№2 мектеп - гимназияның

ағылшын тілі пәні мұғалімі,

11 сынып жетекшісі

Кеулімжаева Базаркүл Елеуқызы

Жеткіншек және жанұя

Жас кезінде тәлім берсең қалай да,

Өсе келе қолы жетер талайға…

Ж.Баласағұни.

Мақсаты: ата — аналар мен сынып жетекшісінің және оқушылардың арасында тығыз байланысты қалыптастыру; оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, сана — сезімін дамыту; ата — ана мен баланың өзара сыйласымдылығын арттыру, баланы ата — анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру.

Жеткіншектердің немесе жасөспірім балалардың мінез-құлқының қалыптасуында жанұя жағдайларына тәуелді болмайтын ештеңе жоқ. Барлығы да ата-ана тәрбиесіне байланысты екені баршаға аян. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас жаңа бір сапалы белеске бет алады. Өйткені, жанұяның әсері жеткін-

шек тұлғасының барлық адами қасиеттерінің ауқымдарын қамтиды. Ата-аналар балаларының өсіп жетілу үрдісінде олар үшін маңызды адамдар болып табылады.

Ата — аналар пікірін тыңдап көрейік: Хайрулла Зәру

Біріншіден, ата-аналар бала үшін жылылық пен демеу сезімдерінің қайнар көзі, онсыз бала өзін дәрменсіз, әрі қорғансыз сезінеді.

Екіншіден, ата-аналар нұсқау беріп билік жүргізетін өктем күш, балаларды мадақтау да, жазалау да солардың қолында.

Үшіншіден, ата-аналар балалар еліктейтін үлкен өнеге-үлгі, олардың бойындағы қасиеттер тез қабылданып отырады.

Төртіншіден, ата-аналар білімнің, ақылдың кені, балаларға кеңес беретін, өмірлік тәжірибесі бар адамдар.

Талипов Жалғас: Балаларымыз өсіп ер жеткен сайын ата-аналар тарапынан көрсетілетін қызметтердің және тәрбиелердің де ара-қатынастары, олардың психологиялық мәнділіктері де бірте-бірте өзгере бастайды. Айталық, бала жетілуінің алғашқы кезеңдерінде жанұя жылылығы мен қолдауының ерекше маңызы болады. Өйткені, осы тұста жеткіншектің қалыптасуы жедел және ауқымды түрде түзіле бастайды. Баланың өзіндік «Мені» әртүрлі қайшылықтарға кезігіп, сәтсіздіктерге ұшырап, көңілдері бұзыла бастайды. Осындай жағдайларда оларға қамқорлық танытып, қолдау көрсету-маңызды шаруа.

Бұдан әрі баланың жанұяға тәуелділігі бұрынғыдан арта түспесе кемімейді. Өйткені ата-аналар - олардың барлық қажеттіліктерінің қомақты бөлігін қанағаттандыра алатын «жоғарғы орын». Дәл осы кезеңде балалар өз құрбы-құрдастарынан қалмай киінуге, дүниелер ұстауға, ұжымда өзін маңызды ұстауға тырысып бағады.Жеткіншектің келесі сатысында, жасөспірімдік шақта ата-аналар өз балалары үшін бұрынғыдай шексіз бедел иесі бола алмайды. Енді олар ата-аналарына сыни көзбен қарай бастайды. Басқа балалардың ата-аналарының бойындағы тамаша қасиеттерді байқағыш боп, өз ата-аналарының да сондай болғанын қалайды. Осындай қабілеттер өз әке-шешелерінің бойынан табылып жатса, олар мұны аса қуанышпен мақтан тұтады.

Айтуғанова Мирамкүл: Жеткіншектер неғұрлым есейген сайын ересектердің әлеуметтік болмыстарына ие бола бастайды. Олардың көпшілікпен араласу шеңбері кеңейіп, өздері де өз бетінше жүріп-тұруға талпынады. Ал, бұл уақытта оларға үлкендердің өмірлік бай тәжірибесі мен ақыл кеңесі ауадай қажет болары сөзсіз.

Жалпы, жеткіншектік шақ балалардың өз қалауымен жүріп-тұруымен, дербестікке ұмтылуымен, сыртқы ортаға еліктеуімен ерекшеленеді. Өз ата-аналарымен өзара қарым-қатынас мәселелері балаларды негізінен 12 жасынан бастап толғандырып, 13,14 жасында маңызды да өткір қалыпқа түседі.

Енді өзіміздің күнделікті өмірімізде қалыптасқан бала тәрбиесінің әртүрлілігіне тоқталайық.

Тәрбиелеудің өктемдік түрі. Бұл жерде барлық шешімдерді тек ата-аналар қабылдайды, бала әке шешесінің еркіне бағынып, олардың беделіне бас ұрады. Ата-аналар баласының дербестігін шектейді, қатаң бақылауға алады және де өз қылықтарын түсіндіріп, ақталып жатпайды. Ұрып-соғуға дейінгі жазалар қолданылады. Мінезді, мықты балалар бұған кейде қарсылық көрсетіп жанжалға дейін барады. Тіпті, туған үйін тастап кетуге де дайын балалар кездеседі.

Ахметова Ботагөз: Тәрбиелеудің демократиялық түрі. Бұл жерде ата-аналар өз балаларының жеке жауапкершілігін, өз жас ерекшеліктеріне қарай өз қалауынша жүріп-тұруын мақұлдайды. Кей уақыттарда жанұя мәселелерін шешуде балалардың да ықыласын тыңдайды. Ал, балалар болса үлкендердің пікірлерін тыңдап, оларды өздерінше талқылайды. Дегенмен де олардың негізсіз әрекетке бармауы, не істесе де ойланып істеуі, әділ де тәртіпті болуы қадағаланады.

Тәрбиелеудің немқұрайдылық түрі. Бұл жерде тәрбие нақтылы бір арнаға бағытталмайды. Іс жүзінде ата-аналар тарапынан оларға ешқандай шектеу, тосқауыл қойылмайды. Ата-ананың айтқандары орындалмайды. Өйткені, олар бала тәрбиесінің мәнін түсінбейді, оларға біліксіздік тән, немесе олар балаларын тәртіпке салғысы келмейді. Ал, өсе келе осы балалар өздерін қоштамаған дармен жиі жанжалдарға барып тұрады. Олардың басқалардың мінез-құлқына бақылау жасай алмауы, артынан үлкен өкінішке апаруы әбден ықтимал. Себебі оларды қоғамда өмір сүруге ешқандай негіз қалыптаспаған және ертеңгі күндеріне сенімсіздік көп.

Сембаева Жанаргүл: Тәрбиелеудің әрізділік, шашыраңқы түрі. Тәрбиенің осы жағдайында ешқандай нақтылық болмайды, бірізділік деген атымен жоқ. Тәрбиеленушіге ешқандай айқын, нақты белгілі бір талаптар қойылмайды. Немесе тәрбие барысында ата-аналар арасында тәрбие әдістерін қолдануға үнемі қайшылықтар кездесіп отырады. Осындай тәрбиеде өскен балаларда қоршаған орта жөнінде реттелген, нақтылы бір ұғым қалыптаспайды. Олар ештеңеге де бір дұрыс баға бере алмайды. Осыдан барып балаларға жоғары алаңдаушылық, ертеңге деген сенімсіздік дамиды. Кей жағдайларда сотқарлық, бағынбаушылық, әлеуметтік кері бейімделушілік туындайды. Осы тәрбиенің барысында өзіндік бақылау мен жауапкершілік сезімі мүлдем жоғалады.

Тәрбиелеудің мәпелеу (еркелету) түрі. Осы тәрбие түрін таңдап алған ата-аналар үнемі баласының қасында болып, бала туындатқан мәселенің барлығын өздері шешуге тырысады. Олар баласының әрбір қылығына өте қырағы келеді. Бірдеңе боп қалады-ау деген оймен тіпті өз бетінше ештеңе де жасатпайды. Қамқорлықтың осы көрінісі тәрбие барысында сырттай жағымды көрінгенімен, оның кемшін тұстары да жетерлік. Бір жағынан, бұл баланың өзіндік бағасын арттырып, мінезін, өзіндік «мен» - ін тым асқақтатып жібереді де, екінші жағынан оның болмысында алаңдаушылық, қорғансыздық әрі әлеуметтік пісіп жетілудің кешігуін орнықтырады.

Шүренова Гүлнәз: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі-білімді ұрпақ»-деді. Ал, осы мемлекетіміздің тұтқасына ие болар тұлға қалыптастыруда жанұяның рөлінің қаншалықты маңызды екенін неше қайталасаң да аздық етпейді. Бұл дегенің ата-ана алдында үлкен де келелі міндеттер қойып отыр. Жоғарыда айтып өттік, тәрбие түрлерінің қалыптасуына тоқталдық. Айта кететін тағы бір жағдай, бала тәрбиесін іске асыратын ата-аналардың өздері тәрбиелі болмақ керек. Бала тәрбиесінде іске асырылатын жанұя жарасымдылығы, ерлі-зайыптылар арасындағы үндестік ауадай қажет.

Ал енді осы осы қасиеттер кемшін боп жататын жанұяларда балалар өздерін қалай ұстайды, кімнің кейпіне енеді, енді соған біраз ой жүгіртейік.

«Сүйікті бала» - (ата-ана сезімдерін ерекше кеңеюі) — көңілдің балаға ерекше шоғыр лануы. Бұл жағдайда ерлі зайыптылар арасындағы жарасымдылық ата-ананың біреуін қанағаттандырмайды, немесе ол мүлдем жоқ болады (ажырасу, өлім т.б) Сондықтан да әке немесе ана жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін балаға ерекше ден қойып, бар көңілді соған аударады. Ал, жеткіншек есейген шақта өз бетімен өмір сүріп кете ала ма деген қор-

қыныш көлденең тұрады.

«Сәби бала» - (баладағы сәбилік сапаларды қолдау) — тіпті ересек балалардың өзі ештеңеге жауап бере алмайтын сәби деп есептеледі. Ата-ана баласының есейгенін тіпті де мойындағысы келмейді, оларды әлі бүлдіршін көреді олардың ерке, аңқау қылықтарын қолдап, оларға қойылатын талаптардың деңгейін тым төмендетіп жібереді. Осындай жағдайдың өздеріне ұнайтындарын жасырмайды.

«Сотқар бала» - (қиын балалар) — ата-ананың қайсібірінде болатын ұнамсыз сапалардың бала тұлғасынан орын алуы. Мұнда ата-ана өз баласындағы жағымсыз мінезді сезсе де, оны өзінше мойындағысы келмейді. Мысалы, бала ызақор, жалқаулыққа бейім, салақ немесе спирттік ішімдіктерге тәбеті шауып тұрады, сабыр сақтай алмайды. Осындай келеңсіз жайттармен күрес жүргізе отырып, кейбір әкелер мақтанғанды да жек көрмейді; «Осы бала үшін бәрінде жасадым, аянбай тер төктім, қаншама тәрбиеледім. Бірақ ештеңе шықпайды. Өйткені, ол өзі сондай түзеуге келмейді. Құдай оны солай жаратқан» - деп отырады.

«Кемеңгер бала» - бұл жағдайда өздерінің қанағаттандырылмай қалған қажеттіліктерін ата-ана өз баласының тұлғасында кездесуін көксейді. Мысалы, қызметтің өспеуі, сәтсіз неке, жанұяның толыққанды еместігін сезіну т.б. Осының барысында жаңағы жетіспеушіліктердің орнын толтыру үшін ата-ана балаға жоғары талаптар қоя бастайды. Ата-ананың балаға деген көзқарас деңгейі жеткіншектің шыққан биігіне, қол жеткен нәтижесінің мөлшеріне қарай есептеледі.

Түгелбаев Ғалымжан: «Бәрін көтеретін бала» - бұл балалардың жайтартқыштық рөлін ойнағандығы. Әке-шеше өздерінің шиыршықталған сезімдерін бала арқылы босатады. Бір сөзбен айтқанда, бір-бірінен ала-алмаған есесін баласынан алады. Өйткені ол бала, ешкімге де қауқар көрсетіп, қарсылық жасай алмайды.

«Төреші, бітімгер бала» - жанұяның күрделі, шырғалаң өміріне ерте араласады, ата-аналардың жанжалдарына төрелік айтып, реттеп отырады. Ерлі-зайыптылар баланың көзінше жанжалдасып, бұл іске баланы да тартады. «Көріп тұрсың ғой, айтшы, қайсымыз кінәліміз?» т.с.с. Баланың осы мезеттегі көңіл-күйіне есеп беріліп жатпайды. Олар баланы бір-бірін татуластыратын немесе қарсы жаққа айдап салатын құрал ретінде қарастыруы мүмкін.

Сынып жетекшісі Кеулімжаева Базаркүл: Сонымен, біз бала тәрбиесінің біраз қыры мен сырына үңілгендей болдық. Мұндағы мақсат — жанұя тәрбиесінің маңыздылығын ескерту, аз да болса, ата-аналармен психологиялық ағарту жұмысын жүргізіп, тәрбиелік сауатын дамыту.

Жанұя тәрбиесі — бала тұлғасындағы адами қасиеттерді қалыптастыратын жауапты да, күрделі іс. Сондықтан да мен «Бір де — бір баланың тәрбиесі назардан тыс қалмасын»! — деп айтқым келеді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности