link6000 link6001 link6002 link6003 link6004 link6005 link6006 link6007 link6008 link6009 link6010 link6011 link6012 link6013 link6014 link6015 link6016 link6017 link6018 link6019 link6020 link6021 link6022 link6023 link6024 link6025 link6026 link6027 link6028 link6029 link6030 link6031 link6032 link6033 link6034 link6035 link6036 link6037 link6038 link6039 link6040 link6041 link6042 link6043 link6044 link6045 link6046 link6047 link6048 link6049 link6050 link6051 link6052 link6053 link6054 link6055 link6056 link6057 link6058 link6059 link6060 link6061 link6062 link6063 link6064 link6065 link6066 link6067 link6068 link6069 link6070 link6071 link6072 link6073 link6074 link6075 link6076 link6077 link6078 link6079 link6080 link6081 link6082 link6083 link6084 link6085 link6086 link6087 link6088 link6089 link6090 link6091 link6092 link6093 link6094 link6095 link6096 link6097 link6098 link6099 link6100 link6101 link6102 link6103 link6104 link6105 link6106 link6107 link6108 link6109 link6110 link6111 link6112 link6113 link6114 link6115 link6116 link6117 link6118 link6119
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерінің дамуына ықпал ететін ізгілікті білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі іске асыру

Қазақстан,Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Койшыгарина Арайлым Жоламановна

Мақсаты:

  • тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағыттау;
  • оқушылар рухани- адамгршілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерту;
  • оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті түрде таңдата білу.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Оқушыларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу- бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани — адамгершілік қасиеттерді қалыптасады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік таңдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани –адамгершілік тәрбие –екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан — тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс –тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат — міндеттерінің ең бастысы- өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. 12 жылдық білім тұжырымдамасында «мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі орташа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»-делінген.

Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім жобасы мектептерде пән ретінде оқытылуда.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа — қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», депті Ақан сері. Олар: жалған айтпады, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Ола болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға , оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу- адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші-патшада, сәбидің күші-жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек — ұлы жеңіс болары анық.

Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мазмұнында ескеріліп, көзделген эмоционалдық тұрғыдағы ауқымды жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттер баланың адамгершілік рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл білім мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың бойында ең басы қажеттілік өзін-өзі дамытушылық қажеттілігін қалыптастыруы тиіс.

Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым-қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез-келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін-өзі тану» пәні зор ықпал етеді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности