link8640 link8641 link8642 link8643 link8644 link8645 link8646 link8647 link8648 link8649 link8650 link8651 link8652 link8653 link8654 link8655 link8656 link8657 link8658 link8659 link8660 link8661 link8662 link8663 link8664 link8665 link8666 link8667 link8668 link8669 link8670 link8671 link8672 link8673 link8674 link8675 link8676 link8677 link8678 link8679 link8680 link8681 link8682 link8683 link8684 link8685 link8686 link8687 link8688 link8689 link8690 link8691 link8692 link8693 link8694 link8695 link8696 link8697 link8698 link8699 link8700 link8701 link8702 link8703 link8704 link8705 link8706 link8707 link8708 link8709 link8710 link8711 link8712 link8713 link8714 link8715 link8716 link8717 link8718 link8719 link8720 link8721 link8722 link8723 link8724 link8725 link8726 link8727 link8728 link8729 link8730 link8731 link8732 link8733 link8734 link8735 link8736 link8737 link8738 link8739 link8740 link8741 link8742 link8743 link8744 link8745 link8746 link8747 link8748 link8749 link8750 link8751 link8752 link8753 link8754 link8755 link8756 link8757 link8758 link8759 link8760 link8761 link8762 link8763 link8764 link8765 link8766 link8767 link8768 link8769 link8770 link8771 link8772 link8773 link8774 link8775 link8776 link8777 link8778 link8779 link8780 link8781 link8782 link8783
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі

Казахстан,г.Кызылорда
Кызылординский политехнический колледж им М. Иксанова
Преподаватель
Омарова Боранкул

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы Омарова Боранкүл

Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі

Бөлімі

Сағаты

Сабақтың мазмұны, түрі

Уақыты

Кіріспе

1

Блок құрылымын таныстыру, мақсаты:

  • Тірек сызбамен түсіндіру
  • Оқулықпен, дәптермен жұмыс
  • Қорыту, үйге тапсырма

5мин

15мин

20мин

5мин

Сөйлесу бөлімі

2

3

4

«Өз жартыңды тап» ойыны (дамыту)

Қорыту, үйге тапсырма

«Алгоритм» ойыны (дамыту)

«Техниканы танып — біл» (пысықтау) қорыту, үйге тапсырма

«Не, қайда, қашан?» ойыны.

Шығармашылық жұмысты қорғау

Қорыту, үйге тапсырма

40мин

5мин

20мин

20мин

5мин

20мин

20мин

5мин

Қорытынды

5

Тест

Сынақ

Жалпы тарауға қорыту

15мин

20мин

10мин

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ауыл шаруашылығында қолданылатын тракторлардың

құрылысымен таныстыру, салыстыру.

Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, сүйспеншілікке тәрбие.

Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере

отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін қиялдарын, жадысын,

шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушы нені білуі керек:

  1. Ауыл шаруашылығында пайдалынылатын тракторлардың жалпы

құрылысын білуі керек.

  1. Тракторлардың ауыл шаруашылығында қандай жұмыстар атқару

керектігін білуі керек.

Қосымша әдебиеттер:Мұғалімдер үшін: Әдістемелік нұсқаулар:

Момынбаев Б, К. Өстеміров «Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы», Алматы. 1990ж

Оқушылар үшін: Б.Бектасов «Тракторлар құрылысы (технологиялық нұсқау карталар

жинағы)». Астана, 2010ж

Кіріспе бөлім. 1 сабақ.

Лекция тезис.

ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат trahj - тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) - тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрлысы, жер қазу, көліктік т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.

Ауыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады.

.

Қозғалтқышының түріне қарай трактор «дөңгелекті» және «шынжыр табанды» болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары — жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуыжәне кез келген жермен жүруі, кемшіліктері — ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды төменгі шыдамдылығы. .

  • Батпақта жүруге арналған трактор - кәсіпорындарға арналған табанды өте жалпақ шынжыры бар трактор, ылғалды топырақ жерлерде, торф мелиорациялау жұмыстар кезінде істейді.
  • Тауға арналған трактор — ауыл шаруашылығына арналған дөңгелекті трактор көлденең жағдайда қаңқа орнатуға бейімді жұмыстар атқарады. Шынжыр табанды трактор — шынжыр тәрізді қозғағышы бар трактор: жерге түсіретін қысымы аз, өткіштігі жақсы болады. Дөңгелекті трактор- дөңгелек тәрізді козғағышы бар трактор..
  • Өнеркәсіптік трактор — жер құрғату, жер қазу, ағаш шаруашылығында, құрлыста және т.б. ауыр жұмыстарды атқаратын трактор: нақты тарту күші 100 ден 250 кН дейін.
  • Жалпы өнеркәсіптік трактор — кәсіптік трактор, әр түрлі ауыр жұмыс жасауға (негізінде жер қазу) аспалы бульдозермен топырақ қазып таситын жабдықпен жасақталған.
  • Жер өңдеуге арналған трактор — ауыл шаруашылық жер өңдеуге арналған трактор: жолдық саңылауы, үлкен із айнымалы және бұрылу радиусы аз болады.
  • .Баулық трактор — ауыл шаруашылығында арнайы қолданылатын трактор, аспалы машиналармен платформаны пайдаланып жұмыс атқаратын нақты тарту күші шағын трактор.
  • Жалпы ауыл шаруашылық жұмысты атқаратын трактор –ауыр ауыл шаруашылық жұмыстарды атуға арналған, нақты тарту күші 2 - ден 60 кН-ға дейінгі трактор.. Бу машинасы орнатылған алғашқы дөңгелекті трактор 1830 жылы Франция мен Ұлыбританияда жасалды. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан Павлодар трактор заводында шығарыла бастады.. Ауыл шаруашылық тракторы жер жырту, өңдеу, тұқым себу, егін жинау, т.б. жұмыстарды атқарады. Қуатты ауыл шаруашылық тракторлары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін пайдаланады. Өнеркәсіптік тракторлар ауыл шаруашылық тракторларына қарағанда ірі әрі қуатты етіп жасалады. Ол әр түрлі аспалы (бульдозер күрегі, қар тазалағыш, экскаватор шөміші, т.б.) және тіркемелі (скрепер,грейдер, т.б.) машиналармен бір агрегатқа біріктіріліп, жер қазу, жол құрлысы, мелиоративтік, т.б. жұмыстарды орындайды. . Трактордың механизмдері мен жабдықтарына: .
  • Күштік қондырғы,
  • Күштік беріліс,
  • Жүрістік бөлік,
  • қаңқасы,
  • басқару механизмі,
  • кабина
  • электр жабдықтары жатады.

«Күштік қондырғы» трактор құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін қозғалтқыш түрінде болады. Тракторға жылу қозғалтқышы «бу және іштен жанатын) мен электр қозғалтқышы пайдаланылады. «Күштік беріліске» ілінісу тетігі, жалғастырғыш муфта, беріліс қорабы, басты және ақырғы беріліс жатады. Дөңгелекті трактордың «жүрістік бөлігі» аспадан, осьтен және пневматик, шиналы дөңгелектен, ал шынжыр табанды трактордың жүрістік бөлігі аспа, шынжыр тізбегі, жетекші дөңгелек, т,.б. тұрады. Трактор «қаңқасы» әдетте әр түрлі құрылымды рама түрінде жасалады. Трактордың «басқару механизмі» рулдік басқару құрылғысы мен тежеуіштен (таспалы не дискілі) құралады. Трактор «кабинасы»рактордың «электрлік жабдықтары» тоқ көзінен «аккумулятор батареясы мен генератор), қозғалтқышты оталдыру, жолды жарықтандыру кабинаны желдету, дыбыс және жарық сигналының аспаптарынан құралады. Трактордың пайдалану кезіндегі негігі сипаттамаларына оның техника экономикалық, техникалық және агротехникалық көрсеткіштері жатады..

Оқулықпен, дәптермен жұмыс.

  • Тірек — сызбалары, термин сөздерді дәптерге жазып алу.

Үйге тапсырма: Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі

2 сабақ. «Өз жартыңды тап» ойыны.

Ойынның мақсаты: меңгерту. Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі.

Ойынның шарты: Мұғалім жұп карточкалар дайындайды: біреуінде –сұрақтар, екіншісінде — жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы (әрқайсысы- біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

  • Тракторлардың жасалу тарихы туралы не білесің?
  • Отандық трактор өнеркәсібінің даму кезеңдері жайлы не айтуға болады?
  • Ауыл шаруашылығы тракторлары жайлы қысқаша сипаттама бер?
  • Шетелдік және отандық тракторлардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

3 сабақ. «Алгоритм» ойыны.

Мақсаты: Ойынды ойнай отырып, білім-іскерлік дағдыларын дамыту.

Шарты: сынып 4 оқушыдан жеке топтарға бөлінеді.

Бұл ойында тапсырмалар жазбаша формада орындалады. ІІІ деңгейдің жеңіл формада болуы тиіс.

І-тур. Тапсырманы орындап болған соң дәптерлерін сағат тілімен бір қадам алмастырады. (1-ойыншының дәптері, 2-ойыншыға, 2-ойыншының дәптері, 3-ойыншыға, 3-ойыншының дәптері, 4-ойыншыға, 4-ойыншының дәптері, 1-ойыншыға ауыстырылып беріледі).

2-тур. Алдарына ауысып келген дәптерге тағы да аты-жөндерін жазып екінші стандарт деңгейіндегі тапсырманы ІІ деңгей орындайды. Тапсырманы орындап болған соң 1-турдағыдай сағат тілімен ауыстырады.

ІІІ-тур. Ауысып келген 3 дәптерге тағы да аты-жөні жазылып, ІІІ стандарттан жоғарғы деңгейіндегі тапсырманы (І деңгей) орындайды. Тапсырманы орындап болған соң 4-турдағыдай сағат тілімен ауыстырады.

ІҮ-тур. Оқушылар мұғалімнің берген жауап эталоны бойынша алдарындағы орындалған 3 тапсырманы жеке-жеке тексеріп, әрқайсысын 5 балл жүйесінде бағалайды.

Ү-тур. Тапсырманы тексеріп болған соң дәптерлерін бірінші турдағыдай сағат тілімен ауыстырады. Осы турда оқушылардың өз дәптерлері алдарына келеді. .

Тапсырма.

ІІІ деңгей . 1. Трактолрларды қандай белгілері бойынша жіктейді?

  • Трактор негізгі қандай бөлшектерден тұрады?
  • Трактордың әрбір бөлігінің атқаратын қызметі қандай?

ІІ деңгей.

  • Трактолрлардың негізгі бөлшектерін ата?
  • Двигатель қандай қызмет атқарады?
  • Трактор трансмиссиясы қандай механизмдерден тұрады?

І деңгей.

  • Тракторлардың жалпы құрылысын айтып беріңіз?
  • Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар қандай бөліктерден тұрады?
  • Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын дөңгелекті тракторлардың құрлысын түсіндір?

«Техниканы танып- біл» ойыны. Ойынның мақсаты: Өтілген материал бойынша оқушылардың білім-білік, іскерлік дағдыларын пысықтау.

Ойынның шарты: Жүргізуші ойынға қатысушыларға парақтар таратады, оларға Отандық және шетелдік тракторлардың суреттері жапсырылған технологиялық нұсқау карталарын таратамыз. Ойыншылар 5-6 адамнан топтарға бөлініп отырады. Балалар технологиялық нұсқау карталарындағы суреттердің рөлін, қызмет етуін, құрылысын және тракторлардың жіктелуін түсіндіруі тиіс. Топ ішінде талдау 10 минуттан аспайды.

Өз командасын топтың бір адамы қорғайды. Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген команданы анықтайды.

Шетелдік трактор Отандық трактор

Үйге тапсырма.

  1. Отандық және шетелдік тракторлардың құрылысы туралы реферат жазу.

Қорытынды бөлім

Мақсаты: білім,іскерлік дағдырларды бекіту.

Шарты: Оқушылардың дағдыларын тест арқылы қорыту,бекіту.

4-ші сабақ

Идеяларды тоғыстыру «Не, қайда, қашан?» ойыны.

Мақсаты: «Алгоритм» ойынынан алған білім, іскерлік дағдыны қорыту.

Шарты: Мұғалым сабақтар дайындайды. Сынып топтарға бөлінеді. әр команда тақырыптың негізін құрайтын проблемалық сұрақ алады. Команда спикері әрбір ойыншының жұмысын қадағалайды. Кез келген команда ойыншысы басқа топқа берілген проблемалық сұраққа жауап бере алады. әр топтың дайындалып улгеруіне қарай командаоар тындалады. Жүргізуші жауапты бағалай отырып, кестеге белгілейді. Жүргізушіге проблемалық сұрақты талғылауға 5 минут беріледі. Команданың жауап беру уақыты шектеулі.

То п нөмірі

Негізгі сұрақ

Басқа командаларға қойылатын сұрақ

Басқа команданың сұрағына жауап беру

Топтағы бірлескен енбек

Қорытынды бағалау

Орыны

ескерту

1

2

3

4

5

5 сабақ.

Тест тапсырмасы.


1. Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар қандай бөліктерден құралады? А) двигатель, трансмиссия, жүргізгіш бөлік, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. В) жүргізгіш бөлік, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. С) двигатель, трансмиссия Д) двигатель, трансмиссия, кабина Е) басқару механизмдері және цилиндр. 2. Құрлыстарына қарай трансмиссия неше түрге бөлінеді?А) механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық . В) гидромеханикалық, электромеханикалық және термомеханикалық С) механикалық, гидромеханикалық , термомеханикалық Д) электромеханикалық және механикалық Е) гидромеханикалық, электромеханикалық 3. Тракторлар құрлысына қарай қандай түрлерге бөлінеді? А) шынжыр табанды В) дөңгелек табанды С) дөңгелекті және шынжыр табанды Д) дөңгелекті, пневматикалық шиналар Е) шынжыр табанды, пневматикалық шиналар. 4. Дөңгелекті тракторлардың жалпы құрлысы: А) алдыңғы белдеме, двигатель В) соңғы беріліс, тіркеме, қозғалтқыш дөңгелек С) басқару дөңгелектері, алдыңғы белдеме Д) дифференциал, беріліс қорабы. Е) басқару дөңгелектері, алдыңғы белдеме, двигатель, ілінісу муфтасы, басты беріліс, соңғы беріліс, тіркеме, қозғалтқыш дөңгелек, дифференциал, беріліс қорабы. 5. Шынжыр тракторлардың жалпы құрлысы: А) бағыттағыш дөңгелек, двигатель, ілінісу муфтасы В) планетарлық механизм, тіркеме, соңғы беріліс С) ілінісу муфтасы, карданды беріліс, жұлдызша, Д) бағыттағыш дөңгелек, двигатель, ілінісу муфтасы, карданды беріліс, жұлдызша, планетарлық механизм, тіркеме, соңғы беріліс, басты беріліс, беріліс қорабы, шынжыр табан. &
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности