Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты
Кітапханашы
Калина Таншолпан Омиртаевна
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920 жж)
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120 жылдық мерейтойына арналған ақынның өмірі мен
шығармашылығы туралы оқырмандар конференциясы.
Мақсаты: Оқырмандарға жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылын насихаттау. Оқушы шығармашылығы мен ізденімпаздығын арттыру.
Сәлеметсіздерме, құрметті оқырмандар, кітапхана қонақтары. Өздеріңізге таныс қазақ халқының xx ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі , демократ, ақын-жазушысы С.Торайғыровтың туғанына 28 қазанда 120 жыл толып отыр.
Сұлтанмахмұт Торайғыров — қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі.
Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылығына арнаған.
Ақын еңбектерінде өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті мәселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін көркем кескіндей білген. С.Торайғыров - нағыз ағартушы, педагогқа тән еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді.
Ақын өмірінде көпшілікке белгісіз ақтаңдақтар бар, оның өмірінің кейбір кезеңдері туралы білетініміз де аз. С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы егжей-тегжейлі зертеліп, туған әдебиет тарихынан олар орны сараланғанмен, оның ағартушылық қызметі саласында сіңірген еңбегі әлі де болса, өнер қазынасын мұра тұтқан ұрпақтар мойнына жұктелетіні парыз. С.Торайғыровтың шығармаларын талдау арқылы қараңғы қазақ халқын өнер-білімге, мәдениетке шақырып, көзін ашу мақсатында сіңірген еңбегі, бала оқытып, ұстаздық ету жолындағы ақынның шеберлігінің поэтикалық қуатын көрсету қажет.
Шындықтың аулын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығамын,
Бірақ бір табармын деп көңілім сонда, - деген екен . Өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, өзіне, өз халқына өнер, білім, еркіндік, бақыт іздеді.
1 — оқушы: «Туған еліме» Соколова Алина
Сұлтанмахмұт Торайғыров 23 қазанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Ұш жасында анасы өліп, әкесінің қолында тәрбиеленеді. Оның туған әкесі кедей шаруа, момын, қазақша хат тани білетін адам болды. Ақын бар болғаны бір жасқа толғанда, анасы қайтыс болды. Ол балалық шағынан аштық пен жалаңаштықты, қиындықты көріп өсті.
Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде, әкесінен оқып, хат таниды. Осыдан соң 1902-1907 жылдары ауыл молдасына оқуға береді. Ол молдаға оқып жүрген кезінен бастап, сонан көріп, он үш жасында өлең жаза бастайды. Оның тұңғыш жазған өлеңі «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады.
2- оқушы: «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» Исжанов Арсен
Ол 1908-1910 жж. Баянауыл қаласында ашылған діни медреседе оқиды. 1912 жылы Сұлтанмахмұт Троицк қаласына келіп, мұсылман діни мектебіне оқуға түседі. Онда барып оқуға түскен кезде Сұлтанмахмұт іздегенім табылды, енді дегеніме жетем деген ойға келеді. «Шәкірт ойы» деген өлеңінде:
3-оқушы: «Шәкірт ойы» Әлімова Жадыра.
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы ойларға тоқталатын болсақ:
Жүсіпбек Аймауытов: «Сұлтанмахмұт өз өмірінде көп өзгеріс көрген, берісі қазақтың, арысы адам баласының бақ-ырысын көксеген, өмірін әділдік, шындық іздеуге,арнаған , төкпек ойдың ақыны еді.Тірі жүрсе от жалындай заулаған болат, қайрат, құрыш жігердің, кекті жүректің ақыны еді.»
Мұхтар Әуезов: «Сұлтанмахмұт турасында оны Абайдың шәкіртіне қосу орынсыз. Жақсы болсын, жаман болсын, бұл ақын- басқа дәуір, басқа тарихтық, әлеуметтік салт-саналық жәй-жағдайлардың өзіне бөлек, өзінше бір үлкен өкілі.»
Темірғали Нұртазин: «Сұлтанмахмұт Торайғыров маған ертегідегідей, аңыздағы жандай көрінеді. Ол- өз туындысындағы қазақ интеллегенттерінің ең білгірлерінің бірі. Бұрынғы, бүгінгі және болашақ туралы оның айтқан пікірлері- ақындық ұшқыр қиялдың ғана жемісі емес, мол да терең білгірліктің, өмір тәжірибелерін кең толғаған зор даналықтың жемісі.»
Жүсіпбек Аймауытов: «Ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай. Жаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін! — деп жазды.
Мүслім Базарбаев: Сұлтанмахмұт Абайдан кейін қазақ елі ішіндегі әлеуметтік теңсіздікті жете көріп, оны өз шығармаларының негізгі арқауы ете білген, талантты шебер ақын болды. Сұлтанмахмұт өзінің құнды поэма, роман, өлеңдерімен қазақтың Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейінгі дәуіріндегі бұқарашыл ақын-жазушыларының бірсыпырасынан ақындық, шеберлік жағынан да, алға қойған мақсат-тілегі жағынан да әлдеқайда жоғары дәрежеде тұрды.
Есмағамбет Исмаилов: Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың жаңа жазба әдебиетінің тарихында іргелі орын алатын, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін, қоғамдық шындығын кеңінен қамтып жырлаған, бұқарашыл бағыттағы ақын-жазушы. Сұлтанмахмұт, өзінің реалистік шығармаларымен, әсіресе, өзіне дейінгі қазақ әдебиетінде жоқ прозалық жанрдағы шығармаларымен қазақ әдебиетіне зор үлес қосты.
Серік Қирабаев: Әр ақынның тағдыры әр түрлі жағдайда қалыптасады. Тұқымы топыраққа түсіп, оңай өнім беретін де, талмай ізденіп, қиыншылықпен алыса жүріп шындық жолын табатын да ақындар болады. Сөйте жүріп олар өз тағдырын өзі жасайды. Сұлтанмахмұт осы соңғы жолмен жүрген ақын. Ол өз өмірін өзі, өз өлеңімен жасады. Ақынның шығармашылық жолын қадағалай қарап, өлеңдерінің жазылу ізімен жүрсеңіз, бұған көзіңіз әбден жетеді. Сұлтанмахмұт көрген өмір азабы, жоқшылық, жас таланттың соған қарамай ізденіп шарқ ұру іздері — бәрі оның шығармаларында сайрап жатыр. Бұл жағынан оны өмірі мен тағдыры өлеңінде өрілген ақын деп айтуға әбден болады.
Сұлтанмахмұт дүрбелең жылдардың саяси ағымынан тыс қалмай азаттық ұранына үн қосты.: «Жаңбырдан соң көкерген Сарыарқадай, бостандықтың күшімен көгерсін ел» деп тіледі. «Жас жүрек» деген өлеңінде өзінің рухани жағдайын түсіндіре келіп: «Бұл күнде адасудан көз ашпадым, не нәрсені көздесем тап баспадым»,- деп мойындады.
Күй: «Балбырауын» Соколова Алина, Орынбаева Гульмира
4- оқушы: «Шығамын тірі болсам адам болып» Кентай Ермұхан
Сұлтанмахмұт тәрбиенің күшіне сенді. Дұрыс тәрбие арқылы адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Ақын адамның әділ, адал болуы тәрбиеге байланысты деп қарап, «Сүйекке біткен мінез, сүйекпен кетеді» дейтін көзқарасқа қарсы тұрып, өмірді өзгертуші адам, адал мінезін қалыптастырушы ұлы күш, саналы тәрбие дейді. Бұл көзқарасты Абайдың «Заң қуаты қолымда болса, адам мінезін өзгертуге болмайды деген адамның тілін кескен болар едім» деген қағидасымен ұштасып жатқанын аңғару қиын емес.
Ұстаздық етуден жалықпаған ұлы ағартушы «Оқу» (1911 ж) деген жаңа өлеңнің бірінде:
Надандықтан екенін білмейміз бе,
Көрінгенге болғаның семіз жемдік,
Ел болуға алдымен білім тірек,
Бір сөзді, бір ауызды, намыс керек, - деп білім алуға шақырады.
Ақынның өмірі өте қысқа болғанымен, оның артына қалдырған мұрасы, халқына істеген игілік істері, қазақ педагогикасына сіңірген еңбегі өте орасан дерлік.
Кіткпхана меңгерушісі «Ұл мақтанышы» атты көрмемен таныстыру.
5- оқушы: «Аққуда үлбіреген сұңғақ мойын» Қалымтаева Ақерке
Ұлтының, жұртының трагедиялық халі қаламгерді қатты тебірентеді, тығырлыққа тіреліп қалмай лирикалық кейіпкерінің жігерін жанып, алау сезімге бөлейді.
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып кұн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?!, дегендей
Жарық дүниеге 27 жыл ғана қонақ болып, мәңгілік өмірін рухани мұраларымен жалғаған С.Торайғыров шығармашылығы өз кезеңінің шындық шежіресі ғана емес, бүгіннен болашаққа ұласқан қысқа ғұмырының ұзақ та мағыналы жолы, өнер сапарының өнегелі құбылысы деуге әбден болады.
Ақынның «Алаш ұраны» атты өлеңімен аяқтау, видео ролик көрсету.