link2880 link2881 link2882 link2883 link2884 link2885 link2886 link2887 link2888 link2889 link2890 link2891 link2892 link2893 link2894 link2895 link2896 link2897 link2898 link2899 link2900 link2901 link2902 link2903 link2904 link2905 link2906 link2907 link2908 link2909 link2910 link2911 link2912 link2913 link2914 link2915 link2916 link2917 link2918 link2919 link2920 link2921 link2922 link2923 link2924 link2925 link2926 link2927 link2928 link2929 link2930 link2931 link2932 link2933 link2934 link2935 link2936 link2937 link2938 link2939 link2940 link2941 link2942 link2943 link2944 link2945 link2946 link2947 link2948 link2949 link2950 link2951 link2952 link2953 link2954 link2955 link2956 link2957 link2958 link2959 link2960 link2961 link2962 link2963 link2964 link2965 link2966 link2967 link2968 link2969 link2970 link2971 link2972 link2973 link2974 link2975 link2976 link2977 link2978 link2979 link2980 link2981 link2982 link2983 link2984 link2985 link2986 link2987 link2988 link2989 link2990 link2991 link2992 link2993 link2994 link2995 link2996 link2997 link2998 link2999
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
«Қиын бала» дегеніміз кім?

Год: 2012

Страна: Казахстан

Ембергенова Әсем Салауатовна

№262 мектеп-гимназия мұғалімі
Қызылода облысы, Арал ауданы

«Қиын бала» дегеніміз кім?

Осы бір сұрақ көптеген ата-ана мен педагогтарды және жалпы жұртшылықты жиі толғандырады, әрі оған бір-екі ауыз сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз. Өйткені, баланың «қиын» аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес.

Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу, даму эволюциясынан өтеді. Сол кездерде жанұядағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен оқу-тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың қалыпты жағдайдан ауытқуына себепші болады. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескермеу, олардың жас мөлшері мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктер байқалмай кетіп жатады.

Әсіресе, отбасында қалыптасқан микроклимат (жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, үй тіршілігін әрқайсысының шама-шарқына қарай бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадір-қасиеті, қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет-дағдылары) баланың мінез-құлқының жақсы не жаман болып өсуіне көп ықпал етеді. Өкінішке орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс жанұя болса да, бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары да кездеседі. Біраз жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз қылықтар орын алады. Ендеше, қиын баланың пайда болуындағы объективтік және субъективтік факторлар ретінде мынадай себептерді айтқан орынды. Біріншіден, білім мен мәдени өресі төмен ата-аналар ішкі жан-дүниесіне үңілмей, педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап –тілек қояды, әрі оны сөзсіз орындауын талап етеді. Бұл жердегі қателік балаға қойылған талаптың оның жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу-келмеуін ескермеуде. Соның салдарынан бала жанұя ортасында адамгершілік қадір –қасиеттері мен эстетикалық сезім-талғамдары, логикалық ой өрісі жағынан өмір талабына сай өріс ала алмайды. Оған дәлел, педагогикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша үнемі ұрыс- жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын жанұяларда өскен балалардың 40-43 пайызы, ішімдік орын алған ортада өскен балалардың 30 пайызы, жезөкшелік пен моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата-ана өсірген балалардың 12 пайызы «қиын бала» аталады. Оларға тән қасиеттер — дөрекілік, қатыгездік, ұрлық, жалқаулық, қиқарлық, тағы басқа жағымсыз мінездер.

Көптеген ата-аналар өндірістік еңбектен бала тәрбиелеуге қолы босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің көпшілігі баласының кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын, кімдермен бірге жүретінін біле бермейді. Елімізде еңбекпен айналыспайтын адам кемде кем, өндірістік міндетін атқара жүріп тәрбиелі, іскер, білімді, мәдениетті ұрпақ өсірген ата-аналар да мыңдап саналады. Олардан үйренетін жақсы дәстүр — баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермеуі (музыка, спорт, түрлі үйірме жұмыстары), әрі үйдегі үлкенді-кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеуі.

Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14 жасқа аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора-жолдастарымен оңаша сұхбаттасуға, әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі басталады. Сондай сәтте жолдастары кім, қай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп режимінде белгіленген уақыттан аспау сияқты тәртіпті ескермеген ата-анаға баласын уысынан шығарып алу қиын емес. Ал бетімен жүрген, әсіресе түн жарымға дейін көше торыған қаңғыбастар қоғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді, немесе баланың сондайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес.

Педагогикалық зерттеу мақсатымен ата-аналарға кешкісін баласының немен айналысуы жайында анкета жаздырғанда олардың 54 пайызы түнде баласының қайда жүретінін білмейтінін, 46 пайызы кешкісін жұмыстан шаршап келуіне байланысты баланы күнделікті қадағалауға мүмкіндігі жоқтығын мойындайды. Ал «қиын» бала ретінде есепке алынғандардың бос уақытын қалай өткізетінін сұрағанда, үй шаруасына көмектесетіндері 5, сабақ әзірлейтіндері 3, спортпен айналысатындары 1,5, театрға баратындары 13, көркем әдебиет оқитындары 9, кино көретіндері 64, бұзықтық жасайтындары 3 пайыз болып шықты. Мектептегі оқу бағдарламасына ілесе алмай, үлгермеушілер санын көбейтетін оқушылардың 85 пайызы осындай «қиын» балалар екені анықталды. Сондай-ақ, жанұя жағдайында баланың күн режимі дұрыс ұйымдастырылмауы, сабаққа әзірленуге мүмкіндік жасалмауы да үлгермеуге себепші болады.

Скачать урок

Скачать файл: kiyn-bala.rar

Комментарии пользователей /2/
  1. Никитоссс
    Всем привет!Отличная погода сегодня! Настроение просто супер!Давайте поболтаем

    Всем привет!Отличная погода сегодня! Настроение просто супер!Давайте поболтаем
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности