link1260 link1261 link1262 link1263 link1264 link1265 link1266 link1267 link1268 link1269 link1270 link1271 link1272 link1273 link1274 link1275 link1276 link1277 link1278 link1279 link1280 link1281 link1282 link1283 link1284 link1285 link1286 link1287 link1288 link1289 link1290 link1291 link1292 link1293 link1294 link1295 link1296 link1297 link1298 link1299 link1300 link1301 link1302 link1303 link1304 link1305 link1306 link1307 link1308 link1309 link1310 link1311 link1312 link1313 link1314 link1315 link1316 link1317 link1318 link1319 link1320 link1321 link1322 link1323 link1324 link1325 link1326 link1327 link1328 link1329 link1330 link1331 link1332 link1333 link1334 link1335 link1336 link1337 link1338 link1339 link1340 link1341 link1342 link1343 link1344 link1345 link1346 link1347 link1348 link1349 link1350 link1351 link1352 link1353 link1354 link1355 link1356 link1357 link1358 link1359 link1360 link1361 link1362 link1363 link1364 link1365 link1366 link1367 link1368 link1369 link1370 link1371 link1372 link1373 link1374 link1375 link1376 link1377 link1378 link1379 link1380 link1381 link1382 link1383 link1384 link1385
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Ирсалиева Нурзифа Жарысбековна, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №5 орта мектептің сызу, бейнелеу пәні мұғалімі

Тақырыбы: Проекциялау әдістері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға проекциялар туралы жалпы мағлумат беру.

Нәрсенің кескінін салу процесін орындау.

Білімділігі:Оқушыларға проекциялау ережелері бойынша салу әдістерін түсіндіру.Нүктеден, кесінді, Н проекция жазықтығы, проекциялау центрі S жөнінде оқушыларды таныстыру.

Дамытушылығы: Жаттығу жұмысын беру арқылы оқушылардың кеңістікті сезіну қабілетін арттыру.

Тәрбиелігі: Өткен сабақтарға сүйене отырып жаттығуды сызық түрлерін ескере отырып сызба қаріптерін дұрыс жазуға, таза, әдемі, ұқыпты орындауға қалыптастыру.

Сабаққа керекті кұрал-жабдықтар: А4, А3 пішімді сызбаға арналған қағаз, даярша, қарындаш, өшіргіш, сызғыштар, көрнекілік плакаттар, өткен жылда орындалған оқушылардың үлгілі жұмыстары.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, оқушылардың кұрал-жабдықтарын, сабаққа дайындығын тексеремін.Өткен сабақта өтілген “Түйіндесулер” тақырыбы бойынша берілген үй жұмыстарын тексеріп бағалаймын. Сызбада жіберген қателерін жеке-жеке айтып өтемін.

Жаңа сабақ: Сызу дегеніміз не?

Сызу пәні нені үйретеді?

Қандай сызық түрлері бар?

Сызу пәні қандай пәндермен байланысты?

Сызбалардың ғылым мен техникадағы маңызы?

деген оқушылардан сұрақ-жауап алып жаңа сабағымды бастаймын.

“Проекция” — латын сөзі, ол “алдыға лақтыру” деген мағынаны білдіреді. Электр шамының алдына қандайда бір нәрсені орналастырайық. Сонда оның қабырғада пайда болатын көлеңкесін нәрсенің проекциясы деп айтуға болады.Қағазға кандай да бір жазық нәрсені қояйық та, оны қарындашпен айналдыра жүргізіп шығайық. Бұл жағдайда да біз осы нәрсенің проекциясына сәйкес келетін кескінді аламыз. Оқушыларға мысал ретінде кинотеатрларда проекциялау тәсілдері бойынша экранда киноны көре алатынымызды түсіндірдім.

Кеңістікте кез келген А нүктесін алайық та, оны Н проекция жазықтығының үстіне орналастырайық.А нүктесінен Н жазықтығын а нүктесінде қиып өтетіндей проекциялаушы сәуле жүргізейік. а нуктесі берілген А нүктесінің проекциясы болып табылады.Кесіндінің проекциясын салу үшін оның екі нүктесінің проекцияларын салып, сонан кейін оларды қосу керек. Проекция жазықтығына параллель болатын түзу кесіндіні проекциялау кезінде кесіндінің проекциясы нақты шамаменкескінделеді.

Егер түзу кесіндісі проекция жазықтығына 90 градус бұрыш жасап проекцияланатын болса, онда ол нүкте болып кескінделеді.

Сонымен, қандай да бір фигураның жазықтағы проекциясын салу үшін осы фигураның нүктелері арқылы жазықтықпен қиылысқанға дейін проекциялаушы саулелер жүргізу қажет. Сонда фигураның барлық нүктелерінің проекциялары берілген фигураның проекциясын құрайды.

Сарамандық жұмыс

Жаттығуларды оқушылар жұмыс дәптерлеріне түсіреді. Жұмыстарын бақылап қадағалаймын. Дәптер бетіне жатығуларды орындай отырып, тақырыпты орындау тәсілдеріне түсінгеніне көз жеткізген соң, сызуға арналған кағазға масштабын үлкейтіп графикалық жұмысты бастаймыз.

Үйге тапсырма Сызбаларды аяқтап келу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности