Казахстан, Актюбинская область, г.Актобе
Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Преподаватель черчения
Джайлибаева Жайнагул Абдигалиевна
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құрастыру сызбасы туралы түсінігін қалыптастыра отырып графикалық білімдерін толықтыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: аралас.
Қолданылатын әдіс: дифференциалдық әдіс.
Көрнекілік құралдар: плакат, көрнекілік бұйымдар, карточкалар, оқулықтар, сызу құралдары, мультимедия.
Пән аралық байланыс: техникалық механика, материалтану.
Сабақтың мазмұны
І. Ұйымдастыру бөлімі
1.1. Оқушылармен амандасу.
1.2. Оқушыларды түгелдеу және журнал толтыру.
1.3. Оқушылардың жұмыс құралдарын тексеріп, кезекті тағайындау.
1.4.Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарынын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткенге шолу
2.1. Сауалнамамен жұмыс істеу.
2.2. Сызбаны аяқтау.
2.3. Сұрақтарға жауап беру.
2.4. «Кубизм» ойыны.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3.1. Құрастыру сызбасы туралы түсінік.
3.2. Құрастыру сызбасындағы кескіндер.
3.3. Спецификация туралы түсінік
3.4. Құрастыру сызбасы туралы түсінік
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
4.1. Сұраққа жауап беру.
4.2. Спецификация толтыру.
4.3. «Алтын қақпа» телеойыны
V. Сабақтың қортындысы
5.1. Оқушыларды бағалау
5.2. Үй тапсырмасы: С.К.Боголюбов 51 бөлім, 3 тарау, 255 бет.
Сызбаны аяқтау
Аяқталмаған сызбаны сауална мен жұмыс істеп отырған оқушылардан басқа оқушыларға деңгейі бойынша таратылады, сызбада жіберілген қателерді тауып және оны аяқтау керек.
Сұрақтарға жауап беру
«Кубизм» ойыны
Үстел үстіне кубик лақтырып түскен санға сәйкес тапсырманы орындау керек.
Тапсырма №1
Берілген сызбадағы тетікбөлшектердің пішімдері қандай геометриялық денелерден тұратының аңықта.
Тапсырма №2
Көрініс және қима бойынша тетікбөлшектің көрнекілік бейнесін тап.
Тапсырма №3
Сызбада тетікбөлшектер өзара біріктірілген қосылыстарды ата?
Тапсырма №4
Берілген валдың эскизін тақтаға орындап, қажетті қималарды жаса.
Тапсырма №5
Берілген тетікбөлшектің үш көрінісін қолдана отырып эскизін орында.
Тапсырма №6
Берілген аксонометриялық проекциясына сәйкес тетік бөлшектің қимасы мен тілігің тап.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бұйымдарды жасау үшін олардың жобаларын есептейді, тексереді және бекітеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бұйымның конструкторлық құжаттары дайындалады. Тетікбөлшектің конструкторлық құжаты деп сызбасын айтады. Тетікбөлшекті оның сызбасы бойынша жасайды. Бұйымның құрамына енетін бөлшектердің өзара байланыстарын, орналасуларын және олардың біріктірілу тәсілдерін сызба арқылы көрсетеді.
Машиналардың немесе басқа бұйымдардың кескіндері (көріністері, тіліктері, қималары) және оларды құрастыруға, тексеруге қажетті мәліметтер көрсетілген конструкторлық құжаттарды құрастыру сызбалары деп атайды. Құрастырылған бұйымның құрастыру сызбасындағы кескіндерге оның тетікбөлшектерге біріктірілген қалпында көрсетіледі. Бұрандалы тетікбөлшектердің көмегімен біріктіруді шпондық және шлицті.
Құрастырылған бұйымға кіретін тетікбөлшектерді нөмерлейді. Оларды тіркеу ретінің нөмірлері деп атайды да, шығару сызықтарының сатыларына жазады, ал шығару сызықтарының тетікбөлшек кескіндеріне барып тірілген ұшына нүкте қойылады. Шығару сызықтары және олардың сатылары тұтас жіңішке сызықпен жүргізілетін білесіңдер.
Тіркеу ретін көрсететін нөмірлер сызбада өсу ретімен сатыға сағат тілінің қозғалу бағытымен жазған дұрыс.
Спецификация дегеніміз - бұйымның құрамына енетін тетікбөлшектер, құрастырылған бұйымдар және материалдар туралы негізгі мәліметтер көрсетіл-ген кесте. Спецификация А4 пішіміндегі жеке сызба қағазға орындалады және негізгі жазудың үстіңгі жағына жазылады. Ол 7 бағаннан тұрады. Оның бағанына бұйымның сызбасы салынған қағаздың пішімі, екіншісі тетікбөлшек көрсетілген пішімнің зонасы, үшіншісіне тетікбөлшектің тіркеу номері жазылады. Ені 70 мм төртінші бағанға бұйымның белгіленуі көрсетіледі, бірақ оқушылар бұл бағанды толтырмайды. Стандарт тетікбөлшектер үшін олардың атауларынан кейін белгілері де жазылады. Мысалы: «Болт М12х60 МЕСТ 7798-70 » деп жазылуы мүмкін.
Жаңа тақырыпты бекіту
Сұрақтарға жауап беру
Спецификация толтыру
«Алтын қақпа» телеойыны
Ойын шарты: Алғаш қойылған сұраққа жауап берген оқушы ойынға қатысуға мүмкіндік алады. Ойыншы тас қақпаның, күміс қақпаның, алтын қақпаның сұрақтарына дұрыс жауап берсе, алтын сандық тапсырмасын орындайды.
Сұрақ: конструкторлық құжат қалай бөлінеді?
Жауабы: текстік және графикалық.
Әдебиеттер: