link14760 link14761 link14762 link14763 link14764 link14765 link14766 link14767 link14768 link14769 link14770 link14771 link14772 link14773 link14774 link14775 link14776 link14777 link14778 link14779 link14780 link14781 link14782 link14783 link14784 link14785 link14786 link14787 link14788 link14789 link14790 link14791 link14792 link14793 link14794 link14795 link14796 link14797 link14798 link14799 link14800 link14801 link14802 link14803 link14804 link14805 link14806 link14807 link14808 link14809 link14810 link14811 link14812 link14813 link14814 link14815 link14816 link14817 link14818 link14819 link14820 link14821 link14822 link14823 link14824 link14825 link14826 link14827 link14828 link14829 link14830 link14831 link14832 link14833 link14834 link14835 link14836 link14837 link14838 link14839 link14840 link14841 link14842 link14843 link14844 link14845 link14846 link14847 link14848 link14849 link14850 link14851 link14852 link14853 link14854 link14855 link14856 link14857 link14858 link14859 link14860 link14861 link14862 link14863 link14864 link14865 link14866 link14867 link14868 link14869 link14870 link14871 link14872 link14873 link14874 link14875 link14876 link14877 link14878 link14879
Рзагалиева Камха Агзамовна
Должность:Учитель русского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангистауская область, Каракиянский район, село Жетыбай
1 — желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 — желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты

1 — желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 — желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған

1 — желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 — желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған
«БӘЙШЕШЕК ПЕН БӘЙТЕРЕК» ЕРТЕГІСІ

Тақырыбы: Бәйшешек пен Бәйтерек (ертегі)
Мақсаты: Жас жеткіншектерге Тәуелсіздік ұғымын үйрету, Елбасы туралы және мемлекеттік рәміздер жайлы алғашқы түсініктерді беру. Сонымен бірге отанды сүю сезіміне және ұлттық салт — дәстүрлерді білуіне, құрметтеуіне ықпал ету.
Керекті құрал — жабдықтар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері (Елтаңба, Жалау, Әнұран жазылған текст — қағаз және Елбасының суреттері) қойылған.

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен оқытушылар, мектепке дейінгі сынып оқушылары әзірлеген «Ертегілер елінде» атты айдармен өтілетін «Бәйтерек пен Бәйшешек» ертегісі бойынша танымдық — тәрбиелік шараны назарларыңызға ұсынамыз. Ертегі негізінде дайындалған бұл көрініс жақындап келе жатқан былтыр бірінші рет ал биыл екінші рет тойланғалы отырған 1 — желтоқсан Тұңғыш Президент күні және 16 — желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне арналады. Бұл қастерлі мерекелерге әлі уақыт бар. бірақ ертегі тақырыбы осы мерекелерге сәйкес жазылған. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің іргетасын қалаған, негізін салған — аса құнды құжат — Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданған еді.
Сонан бері бұл күн Республика күні деп аталып келеді. Енді мен сіздерге осы ертектің мазмұнын оқып берейін.

Ең алдымен ертегі кейіпкерлерін ортаға шақырып, таныстырайын.
1. Бәйтерек пен Бәйшешек;
2. Шаңырақ;
3. Қос қанатты қос тұлпар;
4. Бала бүркіт;
5. Бозторғай;
6. Бәйтерек.

Бәйтерек пен Бәйшешек (ертегі оқылады)
Баяғы, бағзы, ежелгі ерте заманда қазақ жерінде жасайтын адамдар бақытты да берекелі өмір сүріпті. Халқы құт қонған қасиетті, елі — емін — еркін, ержүрек, адал да ақкөңіл болыпты. Жері мен жұртына ырыс пен дәулет, кие мен құдірет қонақтапты. Көгінде алтын күн жарқырап, шаңырағынан нұр төгіпті. Белес — белінде бәйшешек пен қызғалдақ құлпыра өсіпті. Ақордасының белдеуінде қос — қостан қанатты тұлпарлар байланыпты, алтын ордалар мен аппақ отаулардың маңдайында егемендіктің еншісі, тәуелсіздіктің таңбасы, азаттықтың айғағы болып саналатын көкбайрақ желбірепті, аспанда қыран құстар қалықтапты. Байлыққа, бақытқа, берекеге бөленген ел тыныш, тату — тәтті, мамыржай тіршілік етіпті. Бірақ үсті — кең, асты — кен ұлан — байтақ дарқан далаға дұшпандар көбейіп, өзара күш біріктіріп оны басып алыпты. Сөйтіп дербес даланың азат Отанның ұлын — құл, қызын — күң етіпті. Мал — мүлкін, байлық — дәулетін талан — тараж етіпті. Қарсы шыққан ер — азаматтарды аяусыз жазалапты, алыс жақтарға айдауға жіберіпті. Басқыншылар егемендік пен тәуелсіздіктің белгісі көкбайрақты мүлдем жойып халықтың еркіндікке, азаттыққа деген үміті мен арманын біржола құртуды ойлапты. Ел қамын жеген ерлер мен білікті билер, ардақты азаматтар қайтсе де көкбайрақты сақтап қалуды ойластырыпты. Олар көпті көрген кемеңгер, ақылды ақсақалдың айтуымен ең соңғы қалған құйттай көк жалауды Бәйшешек бейнесіне ұқсатып, шебер — ұсталарға жасатып биік Бәйтеректің ұшар басына қойып жау көзінен жасырыпты. Басқыншылар ең соңғы көкбайрақты қанша іздегенмен оны таба алмапты, адамдар жау қанша қинап, қорлық көрсеткенімен оның қайда екенін айтпапты. Себебі олар ең соңғы көкбайрақ жау қолына түспей аман қалса, күндердің күнінде азаттық алып, егемен ел болатындарына сеніпті. Арада айлар, жылдар, ғасырлар өтіпті. Ақыры адамдардың ата — бабалардың арманы, сенімі орындалып биіктеп өскен алып Бәйтеректің басын баяғы Бәйшешек жарып шығып көк жалауға айналыпты. Сол кезде халқымыз тәуелсіздікке қол жеткізіпті.

Міне ертектің қысқаша мазмұны осындай мен оның бір тарауын ғана оқыдым. Ертектің басқа бөлімдерінде елдігіміз, ерлігіміз, еркіндігіміздің нышаны белгісі, символы — көк жалаудың кейіпкерлері: бала бүркіт, Әнұранды жау қолына түсірмеу үшін аспанға алып кетіп, бұлтқа жасырып сақтап қалған — Бозторғай, Тәуелсіздігіміздің таңбасы Елтаңбаның үлгілері шаңырақ пен қос қанатты қос тұлпар жайлы да қызықты пікірлер айтылады. Балалар біз оқыған ертекте Бәйшешек бүгінгі шындық пен ақиқат. Елбасымыз бастамасымен бой көтерген ерке Есіл жағасындағы сұлу да сәнді жаңарған жас қала, бас қала — Астанада зәулім де салтанатты Бәйтерек бар. Бұл Бәйтерек бостандықтың, бейбітшіліктің, бақыттың, достықтың дәлелі мен дәнекері, символы. Ал қырдағы желмен желбіреген Жалауша мен Бәйшешек — сендерсіңдер. Ертең сендер де Бәйшешектен Бәйтерекке айналып Отан жалауын, ел намысын жоғары көтеретін үлкен азамат боласыңдар. Тәуелсіз Отанымыздың тарихын бүгіннен бастап тани білуіміз керек енді соған байланысты мен сұрақтар қоямын сендер жауап бересіңдер.

1. Біз Тәуелсіздігімізді қашан алдық? (1991 жылы, 16 — желтоқсан)
2. Биыл Тәуелсіздігімізге қанша жыл? (22)
3. Елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
4. Қазақстанның астанасы, бас қаласы қайсы қала? (Астана)
5. Тұңғыш Президент күні қай күн? (1 — желтоқсан)
6. Еліміздің негізгі заңы, басты құжаты? (Конституция)

Қорытынды: Сонымен біз бүгін мектепке дейінгі сыныбымен шағын іс — шара өткіздік. Балалар елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің рәміздері Әнұран, Жалау, Елтаңбамен азды — көпті танысты. Мемлекетіміздің басшысы, елі сүйген Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және егемен елдің Негізгі заңы Конституция — Атазаңымыз туралы қысқаша мағлұмат алды.
Тау — тастан, тамшыдан — теңіз құралады. Біздің бүлдіршіндерді осылайша біртіндеп білім кенін игере береді. Себебі олар әлі кішкентай тіпті оқу, жазуды да меңгеріп үлгермеген, олардың бәрі алдында.
Тек ұстаз ғана емес ата — аналар баршамыз көмектесіп, жол көрсетіп, үлгі өнеге беріп отырсақ олардың білімді де, білікті ұл, қыз болып жетілуі кәміл.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности