Заирова Бибигуль Бейсенбековна
Должность:Заместитель директора по УМР, учитель казахского языка
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Аксу,
Қазақ тілінен сабақ жоспары "Көкөністер"

Сабақтың тақырыбы: Көкөністер.

Мақсаты: 1. Оқушыларға көкөністер туралы түсінік беру және сұрақтар қоя

отырып толық мәлімет беру , ойларын жүйелеу.

2.Тілін, сөздік қорын, логикалық ойлау, есте сақтау, сөйлеу

қабілеттерін арттыру.

3.Білімділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, қазақша дұрыс сөйлеуге, еңбекқорлыққа, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жарыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Суретті қағаздар,жеміс ағашы, жемістер, көкөністер,

себеттер, жыл мезгілдерінің суреттері,кластер, ребус, әріпті кесте.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Алма ағашынан алма алу арқылы сұрақтарға жауап беріп үй жұмысын тексереміз:

1.Жеміс атауларын ата.

2. Суреттегі жемістерді көрсете отырып,атауларын тап.

Қайталау:Алма пісті, алмұрт пісті,
Алша пісті, жерге түсті.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақты бастамас бұын мына ребусты шешейік.(Көкөністер)

Ал қазір жаңа сөздермен танысайық.

Жаңа сөздер: Қарбыз-арбуз

Қауын-дыня

Қызанақ -помидор

Қияр -огурец

Сәбіз -морковь

Балалар, көкөніс деген не? Көкөністер сөзі қалай аударылады? Олар қайда өседі? Көкөністер бізге пайдалы ма? Олар қайда өседі?(Оқушылар жауабы.)

Ойын ойнау: Үстелдің үстінде жатқан қағаз қиындыларын құрастыру. (әр үстелде көкөністердің суреттері құрылады.

Сергіту сәті:

Хлоп-хлоп, топ-топ.

Мы играем с другом доп

Доп взлетает к облакам

И летит обратно к нам.

Суреттерді бояу.

Сөйлесу: Мынау не?

Мынау сәбіз

Мынау алма? Жоқ, мынау қартоп

Мынау қызанақ? Иә, мынау қызанақ

Қорытынды.

- Балалар біз бүгін көкөністер мен жемістердің қазақша атауларын біліп үйрендік.

- Мен сендердің жұмыстарыңды өте жақсы деген бағамен бағалаймын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности