link10560 link10561 link10562 link10563 link10564 link10565 link10566 link10567 link10568 link10569 link10570 link10571 link10572 link10573 link10574 link10575 link10576 link10577 link10578 link10579 link10580 link10581 link10582 link10583 link10584 link10585 link10586 link10587 link10588 link10589 link10590 link10591 link10592 link10593 link10594 link10595 link10596 link10597 link10598 link10599 link10600 link10601 link10602 link10603 link10604 link10605 link10606 link10607 link10608 link10609 link10610 link10611 link10612 link10613 link10614 link10615 link10616 link10617 link10618 link10619 link10620 link10621 link10622 link10623 link10624 link10625 link10626 link10627 link10628 link10629 link10630 link10631 link10632 link10633 link10634 link10635 link10636 link10637 link10638 link10639 link10640 link10641 link10642 link10643 link10644 link10645 link10646 link10647 link10648 link10649 link10650 link10651 link10652 link10653 link10654 link10655 link10656 link10657 link10658 link10659 link10660 link10661 link10662 link10663 link10664 link10665 link10666 link10667 link10668 link10669 link10670 link10671 link10672 link10673 link10674 link10675 link10676 link10677 link10678 link10679
Жунусова Ардак Советовна
Должность:Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Казахстан г. Астана
Регион:Астана қаласы
Коучинг жоспары

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ

Сын тұрғысынан ойлау

Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді:

  • айтқандарын негіздеуге және өмірлік тәжірибемізден «сабақ алуға» әзірлік;
  • күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау;
  • өзіңнің пікірінді басқалардың сыни бағалауына және пікіріңіздің қате болуына ашық болу;
  • идеяларды тексеріп, «шындықты» іздеуге ұмтылу.

Балаларға негізделген, әділ сын тұрғысынан ойлауды қалай дамыту керектігін көрсету қажет. Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен модельдеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сын тұрғысынан ойлауға оқыту:

  • қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет екендігі;
  • қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керектігі туралы негізді шешім шығаруға үйрету дегенді білдіреді

Бенджамин Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.

  1. Ақылдың алты қалпағы

Ақылдыңалтықалпағы — ЭдварддеБоноәзірлегенәдістеме, оләртүрлішешімдердіңішіненойдыбір мәселе төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласыпойлауүдерісі болып табылады.

Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Қара қалпақ– бұл «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейтінін бағалау.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді.

  1. «Дананың кілттері» (Thinker's Keys)

Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет (кілттер) кешені болып табылады.

Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.

  • «Керісінше» кілті — сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».
  • «Егер де» кілті — «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.
  • «Әліпби» кілті — берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.
  • «Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R — remove, replace) алып тастау) — күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.
  • «Конструктор» кілті — шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.
  • «Кемшіліктер» кілті — нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.
  • «Тағы қалай?» кілті — күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.
  • «Қиыстыру» кілті — үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.
  • «Жөнсіздік» кілті — ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.

  1. Сананың әдеттері

Санаәдеттерін(Ойлау ерекшеліктерін) жасағанАртКостабылай деген екен: «Сана әдеттері» - бұл шешімдерібірдентуындамайтынпроблемаларғатапболғандаақылдыадамжасайтыніс-әрекеттердіңсипаттамалары.

Олар көптеген дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде:

  • Құндылық: өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық моделін қолдануды таңдау.
  • Бейімділік: зияткерлік мінез-құлықтың белгілі бір моделін пайдалану үрдісін сезіну.
  • Сезімталдық: зияткерлік мінез-құлық моделін орынды пайдалану мүмкіндіктерін сезіну.
  • Қабілеттілік: зияткерлік мінез-құлықтың түрлі модельдерін пайдаланудағы негізгі дағдылар мен мүмкіндіктерді меңгеру.
  • Адалдық: зияткерлік мінез-құлық модельдерін терең түсінуге және оны пайдалану дағдыларын жақсартуға ұдайы ұмтылу.

Сананың 16 әдеті бар:

  1. табандылық таныту;
  2. қызбалықпен күресу;
  3. басқаларды тыңдау  — түсіністікпен және тілектестікпен;
  4. ойлау икемділігін таныту;
  5. ойлау үдерісіміз туралы ойлау  — метатану;
  6. дәлдік пен шынайылыққа қол жеткізу;
  7. сұрақ қою және проблеманы тұжырымдау;
  8. бар білімін жаңа жағдайға қолдану;
  9. анық және дәл ойлау және өз ойын білдіру;
  10. барлық сезім азғаларыныңң көмегімен ақпарат жинау;
  11. инновацияларды жасау, қиялдау және енгізу;
  12. таң қалып, ілтипат білдіру;
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности