Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Мырзаханова Жулдыз Жанархановна, учитель, методист средней школы №2, методист Алакольского РОО, города Ушарал, Казахстан

Эссе «Әдіскер…Мамандық?....Қызмет?.... Бейімділік?....»

Менің өмірдегі бақытым — жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым — маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу — жай ғана мамандық емес. Ол — адам өмірінің бағдарын беруші. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам — бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін, бала жанының бағбанымын. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Менің шәкірттерім егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық менде қайдан арман болсын.

Адам үшін мамандық таңдау — өмірдегі ең үлкен қадам болып табылады. Мектепті үздік аттестатқа аяқтап, мемлекет грантының иегері болдым. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдадым. Өмір атты сан қалтарыстан тұратын үлкен жолда ұстаздан тәлім алмаған жан кемде кем. Ұстаз адамды алғаш мектеп табалдырығын аттаған, бүлдіршін кезінен бастап, бар мейіріммен, білім айдынына жетектейді. Әр балаға өзінің мектебі мен ондағы ұстаздары ыстық болады. Сондықтан да болар ме өзім оқып, аяқтаған мектебіме төрт жылдан кейін қайта оралып, мектебімнің босағасын жас маман болып аттадым.

Міне содан бері,13 жыл өтті. Әрине, ұрпақ тәрбиесі оңай шаруа емес. Ол орасан төзімділікті, жас буынға деген жанашырлық пен өлшеусіз махаббатты қажет етеді. Сондықтанда, білім ордасына жұмыс істеуге жүрегінде балаға деген жылуы мен үйретемін деген құштарлығы бар шынайы педагог қана келеді. Ұстаздықты жүрек қалауымен таңдағандар ғана нағыз ұстаз бола алады. Мен өзімді сондай ұстаздың бірі екендігімді айта аламын.

Қазіргі таңда мен аудандық білім бөлімінің әдіскерімін. Қызығы мен жауапкершілігі мол бұл жұмысты бар ынтамен атқарамын. Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысымын. Әдіскер, үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Бұл жұмыстың ерекшелігі үнемі ата-анармен, оқушылармен және ұстаздармен байланыста болу, оларға бағыт –бағдар беріп, нәтижеге жету. Күн сайын ерінбей, жалықпай бағбанның тал еккені сияқты, шәкірт жүрегіне білім нәрін егуге тырысамын. Өйткені, сол жеткіншектерден ертеңгі күні асыл ана, ардақты азамат тәрбиеленіп шықса, күллі еңбегімнің ақталғаны деп білемін.

Қазіргі заман талабына сай мұғалім үнемі үлкен ізденісте жүруі керек. Сонда ғана ол үлкен жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көреді. Осы ізденіс жолында әдіскер болып, оларға көмек көрсету мақсатында түрлі семинарларларды, педагогикалық оқуларды үнемі ұйымдастырып, қатыстырамын. Іс-тәжірибемен бөлісіп, интернет-конференция мен форумдарда, кәсіби біліктілікті арттыру курстарында өз білімдерін көтеруге ықпал етемін.

Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші — білім көрсеткішімен өлшенбекші. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру — кезек күттірмейтін мәселе.

Елбасының білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде.
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің гүлденуі негізгі үш фактордан тұрады. Олар мыналар: - Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеру; - Білімнің деңгейін көтеру; - Мамандардың кәсіби білімі мен білігі.

Олай болса, әдіскер де ұстаздардың аталған факторлардың барлық сатысынан өтуіне бірден- бір ықпал етуші адам. Құрамындағы әрбір ұстаздың уақытылы біліктілігін арттыру курсынан өтіп, жаңа технологияны меңгеруіне, өз ісіне қолдана білуіне жөн сілтеп, керек жерінде шығармашыл өсуіне демеу көрсетіп отырады. Әдіскерлік қызмет әрқашан өзіңді жетілдіріп отыру деген сөз. Бұл қызметтегі адамдар ешқашан «Мен өзімді жетілдіріп болдым » деп айта алмайды, үнемі «Мен өзімді жетілдіріп жатырмын» деп айта алады.

Талдықорған қаласының педагогикалық шеберлік орталығында Кембриджуниверситеті бағдарламасы бойынша деңгейлік курстың бірінші деңгейін меңгерген кезімде менен бақытты жан болған жоқ сірә. Өйткені, жаңа формациядағы мұғалім, жаңашыл ұстаз қазіргі заманның талабы мен қатаң шарты. Осы курс барысында оқушыларға өз ойын өзге тілде еркін жеткізудің үйрету жолдарын, оқушы білімді толығымен меңгертуді және мәліметті өздері қабылдап, әрі қарай пайдалана алу технологияларын меңгердім. Ендігі кезде өзімнің бар білгенімді тірек мектептерде жас мамандарға, жалпы ұстаз қауымына коучинг, менторинг сессиялар өткіземін. Басқа педагог мамандардың осындай деңгейлік курстан өтуіне көмек көрсетемін.

Әдіскер жұмысының нәтижелілігі оның қармағындағы ұстаздармен оқушыларының жетістігі. Мен үшін ұстаздың әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады. Ол сатының алғашқы баспалдағы — үлкен тәжірибе, үлкен өмір мектебінің бастауы екені мәлім. Тек биылғы оқу жылында біздің жеңіс қоржынымызда облыстық «Үздік инновациялық шетел тілі сабағы» Даулетбакова Н. байқауында ІІ орын, облыстық «Қазақ тілі мен әдебиетінің ең үздік портфолиосы» байқауында Байбазарова А. І орын, облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2014» байқауында аликеева А. ІІ орын, қыркүйек айында өткен облыстық «Үздік сынып жетекші -2013» Оқапова А. ІІІ орын, облыстық «Ең үздік әскери жетекші - 2014» ІІІ орын бар. Аудандық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2 облыстық семинар өткізілді, ұстаздарымыз іс-тәжірибелерін таратып, үлкен жетістікке жетті.

Өнегелі ұстаз - өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі. Биылғы жылы ауданымыздың 14 оқушысы халықаралық ғылими жоба жарыстарының жеңімпаздары болып атанды, облыстық пән олимпиадасына 38 оқушы қатысып, 37 жүлделі орын иеленді. Республикалық «Тіл барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірі конкурсында Толеубекова Д. ІІ орын, облыстық Махамбет оқуларында Мамутов Д. ІІ орын, Қайниятов З.ІІІ орын, облыстық, республикалық Мұқағали оқуларында Дәукен С. ІІ орын, облыстық Абай оқуларында Мұқаметқан Н. ІІІ жүлделі орынға ие болды. 2013-2014 оқу жылына арналып шыққан Қазақстанның үміт артқан үздік оқушылар жинағына Алматы облысынан тек біздің ауданнын 5 оқушы енді. Республика көлемінде ұстаздар мақала жариялап, іс-тәжірибелерін таратты.

Әдіскер әрқашан өзгеге өнеге болуы тиіс. Сол себептен өзім де республикалық «45 минут» ғылыми — әдістемелік журналға сынып сағатымды, республикалық «Ауыл мектебі- ауыл тынысы» атты жинақта мақала, ашық сабақ жарияладым. Облыстық пән олимпиадасында оқушым Әлімбекова А. ІІІ орын иеленді. Джумагулова Г. Халықаралық ғылыми жоба жарысының ІІІ дәрежелі жеңімпазы.

Менің айтайын дегенім, әр әдіскер өз ісін тиянақты атқарып және жұмысына сүйсіне отырып, ұстаздарына, оқушыларына үлкен махаббатпен қарап, оларға жүрегін арнаса алынбайтын қамал, асалмайтын белес болмас. Әр педагог болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналарымен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

Әрбір әдіскердің жұмысы жаңа фильм түсүрумен тең. Бұл талапшыл, шығармашыл және өз алдына мақсат қоя беретін үздіксіз үдіріс. Көрермендерге қызық, әдемі фильм болу үшін әдемі көрініс, тың идея, керемет оқиға қажет. Сондықтан да жаңа фильм түсіргенде автор идеясы басшылыққа алынады. Білім беру үрдісінде мен өзімді және барша әдіскерлерді осы идея авторы кейіпінде көремін. Бар жұмыстың басы, нәтижеге жетуі бізден, яғни әдіскерлерден басталады. Кино түсіргенде келесі басты адам ол фильмның директоры. Фильмның директоры бақылаушы, қадағалаушы, бағыт-бағдар көрсетуші. Әдіскерлік жұмыс барысында осы рөлді білім министрлігі, облыстық әдістемелік кабинет, бақылау коммитеті, педагогикалық шеберлік орталықтары, біліктілікті арттыру институттары атқарады. Менеджер мен продюсерсіз фильм түсүруге мүмкін емес. Табысты фильм болу үшін зор сенім білдіріп, жарнамалап, табыс көзін еңгізетін осы менеджерлер. Біздің жұмыста менеджерлер болып, бізге қол ұшын тигізіп жүрген білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлар, қоғамдық мекемелер, әкімшілік. Фильмның режиссерлары шығармашыл жұмысшы, басым идеяны құрушы, қай рөлді қай адам атқаратынын біле алатын, автордың идеясын жалғастырып, оның басты кеңесшісі бола алатын тұлғалар. Білім жүйесінде, әсіресе менің әдіскерлік жұмысымда осындай міндетті мектеп директорлардың орынбасарлары, әсіресе әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлар және бізге көмекші болып жүрген Кэмбридж бағдарламасы бойынша І деңгейлі курстан өткен мұғалімдер атқарады. Олар біздің жұмысымыздың ілгерендірушісі, біздің идеяларымызды жүзеге асырушылар. Сонымен қатар, үздік фильм шығару үшін тағы бір жауапты тұлға — суретші қоюшы. Ол түсірімнің эскизын, актерлардың гриммы мен киімдерін қалыпқа келтіреді. Реквизит қойып, түсірімге талап қояды. Дәл сол сияқты білім жүйесінде суретшінің рөлін үлкен мұғалімдер, тәлімгерлер, әдістемелік бірлестік жетекшілері атқарады. Бір ғана мысал келтіргенде қай ұстаз қай байқауға қатысып, қандай жерлерде өздерін көрсете алатынын білетін дәл осы тәлімгер ұстаздар. Әрине еш фильм актерларсыз болмайды. Білім жүйесінде актер рөлін атқарып, әр қайсысы жеке қайталанбас тұлға болып қалыптасқан ұстаздар, оқушылар, ата-аналар. Солардың шеберлігі — сәттілік нышаны.

Табысты фильм болу үшін жарнама болу керек. Білім беру жүйесінда атқарылған жұмысты көрсете алатын, мұғалімнің дңгейін көтеретін баспасөз беттері. Осы жерде ұстаздар іс-тәжірибесімен бөлісіп, өздерінің ісін көрсете алады.

Міне осындай біріккен, нәтижеге бағытталған жұмыс арқылы ғана түсірілген фильм кинематография саласындағы ең үздік сыйлығы Оскарды жеңіп алады. Оскар біз үшін ҰБТ-де ең жоғарғы баллдар, кәсіби байқауларда жеңіске жетуі, оқушыларымыз жүлдегер атануы. Тіпті десеңіздер ол білім беру саласындағы ең үздік маманы атағы. Осындай жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Сөз соңында әдіскерлік — ол бейімділік те, қызмет те, жай ғана мамандық та емес. Ол жүрек қалауы, шығармашылық пен ізденіс көзі. Мен өзімді әдіскер болғаныма мақтан тұтамын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности