Талдықорған қаласы
№9 орта мектеп
Директордың оқу-әдістемелік орынбасары
Ақшолақова Ғалия Молдағалиқызы
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін тағы бір оқу жылын да аяқталды. Мектептердің төл мерекесіне айналған «Соңғы қоңырау» жиынын Егемендігіміздің орнығып, тәуелсіздігіміздің нығайғандығын айшықтайтын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңына орай өткізілді. Бүгінгі таңда әлемге танылған егеменді еліміздің ынтымағы мен бірлігі келешек жас ұрпақтың еншісінде. Олай болса, мектебіміздің тарихында екінші рет «Алтын белгіге» үміткер бір оқушы, Нұрмұханова Назерке және 30 мектеп бітіруші түлектер алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
Ағымдағы оқу жылы мектебіміз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, оқу жылын табысты аяқтады.
Атап айтқанда, Халықаралық “Дарын” сайысы бойынша “Физика” бөлімінен 11 сынып оқушысы, оқу озаты Әбдібек Олжас-ІІ орын, Республикалық Кіші ғылыми жобалар сайысында «Тарих және әлеуметтік пәндер» бөлімі бойынша 10 сынып оқушысы Садық Жанар -2 орын, Тұрғанжан Айгерім «Экология» бөлімі бойынша 3- орын.
Қалалық пән олимпиадасында 8 оқушы жүлделі 2,3,4, орындарға ие болды. Аймақтық «Дарын» және Кіші ғылыми жобалар сайысына мектеп бойынша 27 оқушы қатысып, 15 оқушы марапатталды. Оның 3 оқушы -2 орын; 12 оқушы -3 орындарға ие болды.
Халықаралық жас өспірімдер арасында өткізілген 5-ші ашық маусымдық көркем гимнастика сайысында 5 сынып оқушысы Сейсенбек Алтынай “Ертіс жұлдыздары” медалімен және дипломмен марапатталды.
Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХІІІ қалалық байқауында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, жас маман Оспанова Мадина -1 орын.
Қалалық Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында өткізілген “Жас ұлан-2011» әскери-спорттық ойын сайысында мектеп командасы І-орынды иеленіп, “Марш-бросокты үздік тапсырған взвод” атты номинациясымен марапатталды.
Қалалық “Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2011” байқауында Архипова Светлана — 1орын, облыстық “Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2010” байқауында — 3 орын, “Үздік сынып жетекші-2011 байқауында Ашаргина Анастасия –2 орынды иеленді.
Қалалық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-2011» сайысында Хусаинова Роз-3 орын, ал орыс сыныптарында «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі- 2011» сайысында Көнекбаева Марзия — 3 орынды иеленді.
«Жетісу өрнегі» би байқауында «Ұлттық би» номинациясы бойынша шығармашылық деңгейде шеберлік танытып «Айсұлу би» ансамблі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткен қалалық сұлулық байқауында 10 сынып оқушысы Бұлғақбаева Ақбота І-орынды иеленді.
Оқу жылын табысты аяқтай отырып, мектеп бітіруші түлектерге айтарым, алдағы ақтық сын-Ұлттық Біріңғай Тестілеуден сүрінбей өтіп, аяулы ұстаздарыңыз бен ардақты ата-аналарыңыздың сенімін ақтап, мектеп қоржынын үлкен жетістіктермен толтырады деген сенім білдіремін. Мектеп түлектері Сіздерге - сәт сапар, ашық жол тілеймін!