Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Ахмадиева Ләзат Есімжанқызы Эссе «Мен-бастауыш сынып мұғалімімін… »

Мазмұны

1.Мен бастауыш сынып мұғалімі болуынын себебі.

2.Мен ұстазбын.

3.Жетістіктерім.

4.Қорыта келе.

Эссе

«Мен-бастауыш сынып мұғалімімін… »

Мен, Ахмадиева Лязат Есімжанқызы 1969 жылы қыркүйектің үшінде өмірге келдім.1986 жылы орта білім алып,отбасымның жағдайына байланысты оқуымды жалғастыруыма мүмкіндік болмады.Анам өмірден ерте озды,мен отбасымдағы жалғыз қыз едім.Ағам әскерде,інілерім кішірек еді.Үйдің тіршілігі әкем екеуіміздің үлесімізде болды.Әкем оқуымды әрі қарай жалғастыруымды қанша өтінгенімен,мен ағам әскерден келгесін жалғастырамын деп уәде бердім.Ауылымызда тоғыз жылдық мектеп бар болатын.Ол кезде кішкентай ғана ауылдың тыныс тіршілігі бәріне таныс еді.Өзім оқыған мектебімнің директоры Ләзат сен мектепті жақсы бітірдің,тарих пәнін жақсы көрдің,орта буында тарих пәнін бере аласың деп,маған сағат беріп,бұйрық шығарды.Бала кезімнен дәрігер болуды армандаушы едім,ал марқум әкем болса,ұстаз деген ең тамаша мамандық,күні бүгінге дейін ұстаздарым есімде.Егер менде білім алатын жағдай болғанда ұстаз болар едім,-деген сөзі әлі есімде.Сонымен бір жыл ауылда тарих пәнінен сабақ бердім.Ағам әскерден келді.Оқуымды сырттай жалғастырамын дегеніме көнбей,сырттай оқыған оқу,білім бермейді деп әкем ренжіді.Бір күні нағашы жеңгемді шақыртып,менің құжаттарымды жинап қалаға оқуға түсуіме жіберді.Нағашы жеңгем қолымнан ұстап Қостанай педагогикалық институтына әкеліп,факультеті таңда деді.Мен бастауыш сынып мұғалімі болғым келетінін түсіндірдім.Сонымен педагогика және бастауыш сынып факультетіне құжаттарымды тапсырдым.Емтиханды жақсы тапсырып,жоғары білім оқуына түсіп кеттім.Сенбі сайын үйге келіп,әкемнің еркек басымен сиыр сауып,сепаратормен сүт салып жүргенін көріп,іштей жылап жүргенде төрт жылда өте шықты.Мен әкем армандаған дипломды алып,туған ауылыма оралдым.Әкемнің қуанышында шек болмады,той жасады.1991 жылы Жанасу аулына бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым.Осылай ұстаздық қасиетті жол басталып кетті.

1997 жылы тбасымызбен ауылдан қалаға қоныс аудардық.

1992 жылы тұрмысқа шыққам,1993 жылы дүниеге Әділ есімді ұл-бала әкелдім.

2001жылы28 қыркүйектеҚостанай қаласы №5 «А» бастауыш мектебіне мемлекеттік тілде оқылатын бастауыш сынып мұғалімі болып қабылдандым.

28.04.01 ж. Бұйрық №98 аттестациялық комиссияның шешімі бойынша 13 разряд дәлелденді.

2002 жылы № 122 орта мектебіне ауыстым.

2006 жылы 01.09. бұйрық №145 аттестация комиссияның шешімі бойынша 1-ші санат дәлелденді.

Сабақтарымда жаңа технологияларды қолдандым.

2005 жылы «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша сертификат алып келдім.

Сабақттарымда осы технологияны жиі қолдана отыра диагностика құрып жетістіктерін бақылаудамын.

2010 жылынан бастап Қостанай қаласындағы №30 орта мектебінде — бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап жатырмын.

Менің сабақ өткізетін сынып кабинетім бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай эстетикалық талғамда безендірілген, сабаққа қажетті материалдар реттеліп,әр сыныптағы пәндер бойынша жинақталған.

Менің дамыта оқытудағы басты міндетім оқу материалының мазмұнын дайын күйінде жеткізу, түсіндіру емес, оқушымен бірлесе, жалпы іс әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндетті түсініп, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру, пікір айткысы келген оқушыларды тыңдап, оның логикасын түсіну .Қатесі болса, елеусіз түзету арқылы әр оқушының ой-пікірі бар тұлға екенін сезінуге мүмкіндік беремін. Өз сыныбымдағы оқу тәрбиесі үрдісінің сапасын арттыруға, жеке тұлғадан жан-жақты дамуына, сондай-ақ, балалардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуға, пәнаралық байналыстарды кеңінен қолданып, егемен еліміздін жастарын тәрбиелеуде шығармашылықпен енбек етудемін.

Бірнеше рет бастауыш сынып мұғалімдерінін алдында ашық сабақтар өткіздім. Методикалық бірлестікте, педагогикалық бірлестікте бірнеше баяндамалар оқыдым.2011 жылдан бері атаулы мектепте мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сыныптар әдімемелік бірлестіктің жетекшісі болып жүрмін.

Оқушыларым қалалық жарыстарға да қатысып отырады.

Қалалық білім басқармасы, балалар шығармашылық үйінд өтілген «Менін елім-Қазақстан» атты Республика күніне арналған шығармашылық кешінде «Сегіз қырлық, бір сырлы топ» номинациясымен марапатталды.. Кенгуру Халықаралық математикалық ойын-сайысына 4 «А» сынып оқушысы Кабдырахманов Н. Қатысып сертификатпен сыйлық алып келді.

Республикалық «Зиянды әдеттер» тақырыбындағы шығармалар байқауына қатысқан үшін 4 «А» сынып оқушысы Кабдрахманов Н. Дипломмен марапатталды.

Оқушылар қалалық олимпиадаға қатысып,дүниетану сабағынан 3орынға ие болды

Қалалық «Кәусар бұлақ» сайысына 3 «А» сынып оқушым Әлім Ж қатысып 1 орынға ие болды.

2011 жылы Қадырбек Ақжол «Менің әке ең ең ең жақсы» атты қалалық сайысына қатысып жеңімпаз атанып дипломы және сыйлығымен марапатталды.

2012 жылы 1 аймақтық конференцияға Ексанов Ардақ қатысып 3 орынға ие болды.

2014 жылы ақпан айында өткен 3 аймақтық конференциясында 2 «А» сынып оқушысы Байту Нұрсұлтан 1 орынға ие болды.Тақырыбы «Барақ батыр»

2009 жылы 29 мамырда Сараптама және лицензиялау жөнінде облыстық кеңеске қатысып «Тіл дамыту» атты 2 сыныпқа арналған факультативтік курсы және дидактикалық материалдар жинағы атты педагогикалық бастама бекітілді(серия КСТ 0995)

2011 жыл 26 қарашада Сараптама және Лицензиялау жөніндегі облыстық кеңеске қатысып №1265 сериясы КСТ лицензиясы берілді

« Асыл мұра»атты үйірме жұмысына бағдарлама және әдістемелік нұсқау.

2013 жыл ақпан айында JSBN 978-601-7438-10-4

УДК 3733 (072)

ВВК 74268.51

А 94

«Атамекен» атты ұлттық сәндік-қолтанбалы өнер үйірме жұмысына бағдарлама және әдістемелік нұсқау жинақтадым.

2013 жылы наурыз айында JSBN 978-601-7418-91-5

УДК 371

ББК 742024

«Асыл қазына» атты үйірме жұмысына бағдарлама және дидактикалық материалдар жинағы.

2014 жылы 28 ақпанда СЕРИЯ АА№130 КУӘЛІК «Қостанай дарыны» өнерлік ғылыми-практикалық орталығы жанында Облыстық Экспертік Кеңестің шешімі негізінде Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Өнер»атты білімдік бағдарлама және әдістемелік құралы педагогикалық әдістемесі бекітілгені туралы берілді.

2 орын Республикалық сайысында «Ұлағатты ұстаз» Астана 2013ж

Газет және журналдарға да статияларым басылып шықты:

2011 жылы қалалық газеті «Жасыл алма» Салауатты өмір салтына байланысты тақырыбы: «Денсаулық отбасы үшін қажет».

2013 жылы 7 маусымда облыстық «УЧИТЕЛЬСКАЯ плюс» газетінде «Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру».

2014 жылы 28 ақпанда №8(98) «УЧИТЕЛЬСКАЯ плюс»газетінде «Басты борыш-елжандылыққа тәрбиелеу».

Осылайша менің ұстаздық мамандық жолымен жүріп келемін.Мен өзімді бақытты мын деп ойлаймын.Ал қандай да бір жетістікке жетсем,шәкірттерімнің жетістіктеріне қуансам,ішімнен ризашылығымды,рахметімді әкемнің рухына айтамын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности