Сауат ашу пәнінен сыныптан тыс іс-шара
Балқаш қаласының №15 ЖББ қазақ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Мақсаты: әліппе кезеңінде алған білімдерінің деңгейінің нәтижесін
Барысы:
Мұғалім:
Сенің нұрын сөнбесін,
Ашық аспан, жарық күн
Келешегі сөйлесін
Қазақ деген халықтың.
Тілі балдай баланың
Талабына жарық бер
«Рахмет, саған Әліппе»
деп сөйлейді балалар!
- «Әліппе»бітіру — алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі той Сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Қош келдіңіздер!
Жақсы білім көрімдік Өтті оқу сан сабақ
Болсын сізге халайық. Бүгін үлкен салтанат.
Не үйреніп , не білдік Өсті білім, бойымыз,
Кәне, ортаға салайық! Құтты болсын тойымыз
Күмбір,күмбір қоңырау Күннің нұры шуақты
Созылған ай - қыркүйек. Сергітеді денемді.
Қалам ұстап қолыма Құрдастарым сияқты
Жазылған ай қыркүйек. Оқушымын мен енді.
Оқуды көп ойладық Мұғалім, ғазиз мұғалім-.
Қызығына тоймадық. Сарқылмас мәңгі бұлағың.
Әріптерді үйреніп Шәкіртің осы тойында ,
Сауат аштық,тойладық. Арнайды саған бұл әнін.
· ӘН «Мұғалім - ол біздің»
Жүр: Іші толған әріпке , білімдегі жарық не?
Оқ.: Болашаққа жол ашар ол - сүйікті, Әліппе! Ол сүйікті, Әліппе!
-Ендеше, бәрімізге қымбат дос «Әліппені» ортаға шақырайық.
Сыныпқа «Әліппе» кіреді.
-Құрметті «Әліппе» бүгін Сіз қадірлі қонақсыз. Сондықтан төрге шығып, біздің жетістіктерімізді тамашалаңыз.
Келгенде алғаш мектепке, Енді біз жаза білеміз,
Білмеуші едік әріпте. Әріпті қосып әріпке.
Оқимыз қазір ертекті, Риза боп саған жүреміз,
Үйреткен оны, Әліппе! Сүйікті біздің, әліппе!
Бұрқыраған білімің, Бар кітапқа бас болған
Қайнар көзің көріп пе ең? Әліппе — ғылым анасы.
Том-том қалың кітаптың Әліппеден бастаған,
Басы болған , Әліппе! Даналықтың данасы.
Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Қазақ биін көріңдер,
Өнерге баға беріңдер.
«Қара жорға» БИІ
Сыйлап үлкен ағаны,
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? Хормен: Әдепті екен бұл дейміз!
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз? Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз!
Таудай биік талабы,
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз? Хормен: Үлгілі екен бұл дейміз!
Бұғынбаса қорғалап,
Үлкенге болса қолғанат
Кім дейміз? Хормен: Еңбексүйгіш бұл дейміз!
Өтірік сөз айтпаса,
Уәдесінен қайтпаса
Кім дейміз? Хормен: Шыншыл екен бұл дейміз!
· «Ертегілер әлемінде» әні
«Ә» әрпі сыныпқа аптыға кіреді
Ә әрпі:
Сендерге асыға келерде,
Естідім бір әңгіме.
Аралдардың бірінде
Жалмауыз кемпір бар екен.
Әліппені ұрлаймын деп,
Бүлік салып жатыр екен.
Әріптердің барлығын,
Теңізге батырам дейді екен.
Сыныпқа Жалмауыз кемпір мен қарақшылар жүгіріп кіреді.
Жалмауыз кемпір:
Кім шулатты құлағымды,
Алды менің мазамды?
Мен ешкімге қарамаймын,
Сендерді де аямаймын!
Қарақшылар:
Тым ақылды болыпсыңдар
Сендер бізден қорықпай.
Теңізге әріптерді батырамыз
Өмірін біз бұлардың қысқартамыз.
Б әрпі:
Қалайша бізді тастайсыңдар сендер суға,
Бізсіз өмір сүру мүмкін емес адамзатқа.
Жалмауыз кемпір:
Бос әңгіме бұл сенің,
Елестетші сен өзің.
Оқымаймын , жазбаймын,
Әріптерсіз сендердің!
Бақытты өмір сүремін.
Доғар! Тыңда бұйрықты!
Теңізге батыр әріпті!
Қарақшылар әріптерді ұстап алып әкетеді. «Ә» әрпі тығылып үлгереді.
Ә әрпі:
Жоқ, болмайды бұларың!
Құтқарайын оларды.
Бірақ үлкен теңізде
Кемес жалғыз қолымнан
Тауып алу оларды.
Не істесем екен-ай,
Қиын болды бұл жағдай.
Пошташы кіреді:
Жедел хат! Жедел хат!
Құқарыңдар жедел бізді,
Құтқарыңдар, балалар.
Қарақшылар аралында
Қамауда бізді қалдырарар.
Жету бізге оңай емес,
Сенеміз біз сендерге.
Талай қиын тапсырмалар,
Алдарыңнан кездесер.
Жеңілдік болсын деп,
Жол картасын жолдаймыз
Біз сендерге.
Пошташы сөмкесінен картаны алып шығады.
Жарты сағат ішінде
Тез жете алмасаңдар,
Қарақшылар ойланбай,
Батырар оларды теңізге.
Жүр.:
-Ендеше, достар , көмекке әріптерге барамыз ба?
Мектеп- кеме, білім- теңіз,
Барар жерге тез жетеміз- картаға қарайық.
-Алдымызда «Жұмбақтар » аралы.
Музыка ойнайды. Ортаға «?» белгісі шығады.
«?»:Жұмбақтар аралы
Өздеріңді қуана қарсы алады.
Өздеріңнің жүздеріңде
Шаттық күлкі жоқ қой бүгін
Не боп қалды сендерге?
Әрқашанда мен сендерге
Қол ұшын беруге дайынмын.
Жүр.: Жалмауыз кемпір келіп,
Әріптерді ұрлап кетті.
«?»:
Білемін, мен сендерге
Көмек беру тәсілін.
Жолдарыңа керекті
Ерекше бір затта,
Алуларың қажетті.
Бірақ, бірден сендерге
Бұл сөзді айта алмаймын.
Жұмбақтарды жасырайын,
Сендер шешкен жұмбақтың
Алғашқы әріптерін жинайын.
Әріптер сөзді құрайды,
Бұл сөзсіз ешбір адам,
Досына көмек бере алмайды
«?» жұмбақтар жасырады.Әр жұмбақтың шешуіндегі бірінші әріптерден балалар «достық» сөзін құрайды.
«?»: Балалар, сендерге сәт-сапар тілеймін.
Жүр.: -Рахмет , саған «?» белгісі.
Кемемімізге мінейік,
Алдыға қарай жылжиық. ӘН « Шөжелерім », шөжелер биі
Жүр.:
Алдымызды бір арал,
Көрініп тұр , балалар,
Бұл аралды жаулап алған,
Бес басты зұлым айдаһар.
Бинтпен таңылған «Н» әрпі шығады.
-Ой, балалар, балалар,
Көмек қажет болып тұр.
Сендерге арналған сөздерді
Жеп қойыпты жартылай,
Бес басты зұлым айдаһар.
Мүмкін, батыр бала кездесер,
Сендердің де ішінде,
Әріптерді әрі емдеп,
Оқып шығар сөздерді.
Маркерлік тақтаға жазылады: Досы көпті жау алмайды. Әріптердің жартысы өшірулі. Балалар әріп элементтерін толықтырып оқиды.
«Н» әрпі: Сәт- сапар жолға тілеймін,
Достарымды - әріптерді
Құтқара аласыңдар
Деп мен сенемін.
Жүр.: Келесі аралға жеткенше бір ән салып жіберейік. ӘН
Жүрг.
Балалар, бері қараңдар,
Тастарды үйіп жол бөгеген
Бұл зұлым қарақшылар
Бұл бөгеттен өту үшін
Тастарда жазылған сөздерден
Мақал құрап жазу керек.
Мақал: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Жүрг.:
Бөгетті бұзып өттік біз,
Адымдап, тез-тез жүземіз.
Ертегілер аралының,
Тапсырмасын орындауға әзірміз.
Жүрг.:
Қарақшылар аралына,
Жетіп қалдық балалар.
Шапшаң жүзіп барайық,
Қамаудан әріптерді құтқарайық!
Музыка. Қарақшылар билейді.
Қарақшы:
Ал, достарым, бос тұрмайық,
Жоспарды іске асырайық.
Әріптерді теңізге лақтырайық!
Ж.кемпір:
Жалмауызбын, кемпірмін,
Әдепті де, тәртіпті,
Ұқыпты да үлгілі
Балаларды жек көрем.
Не үшін сендер келдіңдер,
Кімді іздеп жүрсіңдер
«Н» әрпі:
Босатыңдар әріптерді,
Қинамаңдар оларды.
Әріптерді танысаңдар,
Мына тұрған біз сияқты
Оқыр едің кітапты.
Қарақшы:
Қажет емес кітаптарың,
Әріптерді ұмытып,
Қарақшылар болып шығар,
Қыздар менен ұлдарың.
Әліппе.:
Болмас бұның айтқаны,
Мен де бір көмек жасайын.
Сиқырлы таяқпен,
Қарақшына тәртіпке салайын
Сиқырлы таяқпен шарды қарақшының үстіне жарады. Шардың ішінен әріптер, қиылған мишура шашылады. Қарақшы есі танып қалады.
Қарақшы:
Ертегі оқып берейін,
Әдепті де тәртіпті,
Боламын деп әрқашан
Сендерге серт беремін.
Жүрг.:
Зұлымдықты жеңіп шықтық,
Әріптерді құтқардық.
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықтап сақтаймыз!
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды , қолдайды.
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қ