link5544 link5545 link5546 link5547 link5548 link5549 link5550 link5551 link5552 link5553 link5554 link5555 link5556 link5557 link5558 link5559 link5560 link5561 link5562 link5563 link5564 link5565 link5566 link5567 link5568 link5569 link5570 link5571 link5572 link5573 link5574 link5575 link5576 link5577 link5578 link5579 link5580 link5581 link5582 link5583 link5584 link5585 link5586 link5587 link5588 link5589 link5590 link5591 link5592 link5593 link5594 link5595 link5596 link5597 link5598 link5599 link5600 link5601 link5602 link5603 link5604 link5605 link5606 link5607 link5608 link5609 link5610 link5611 link5612 link5613 link5614 link5615 link5616 link5617 link5618 link5619 link5620 link5621 link5622 link5623 link5624 link5625 link5626 link5627 link5628 link5629 link5630 link5631 link5632 link5633 link5634 link5635 link5636 link5637 link5638 link5639 link5640 link5641 link5642 link5643 link5644 link5645 link5646 link5647 link5648 link5649 link5650 link5651 link5652 link5653 link5654 link5655 link5656 link5657 link5658 link5659 link5660 link5661 link5662 link5663 link5664 link5665 link5666 link5667 link5668 link5669
Досатова Күлшат Джамбуловна
Должность:Воспитатель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Костанай Костанайская обл
"Аққу-қаздар "ертегі әлеміне саяхат

Аққу- қаздар ертегі әлеміне саяхат

«Аққу- қаздар» ертегісіне саяхат

Таңғы жиын.

-Балалар мына суреттерге қарандаршы. Күліңдер күннің көзі сияқты, бұлттар сияқты түнеріңдер, көпір үстіндегі қойлар сияқты ашуланыңдар, қу түлкі сияқты болайық, қорқақ қоянды көрсетіңдер. Балалар біз бүгін ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Бірақта ол әлемге бару үшін, бізге сиқыршы керек, бүгін сиқыршы мен боламын, өйткені, менде сиқырлы таяқша бар. Сол таяқша арқылы біз ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Енді балалар, бір-біріміздің қолдарымыздан ұстайық, көзімізді жұмайық, орындықтарға отырайық, біз қазір ұшамыз. Бір, екі, үш, таяқша көмектес (балалар тұрып көздерін ашады), сиқырлы таяқша бізді «Сиқырлы сөздер» әлеміне апарады.

Музыка жүреді

-Балалар сендер не естіп тұрсыңдар? Балалар сиқырлы сөздер естіп тұрмыз деп жауап береді. Бұл сөздер бізге өмір сүруге көмектеседі. Ал енді балалар, біз балабақшаға оралуымыз керек. Бір, екі, үш сиқырлы таяқша бізді балабақшаға апарады.

-Балалар, біз балабақшада көптеген сиқырлы сөздер естідік, ол сөздерді бүгінгі сабақта қолданамыз. Ал қандай орталықтарда сабақтар болатынын білгілерің келсе, сендер мына жұмбақтарға жауап беру керексіңдер.

Екі балапан жолдың үстінде

Нанның қоқымын шоқыды

Келді оларға үлкен балапан,

Шиқылдады бәрі қосылып.

Барлығы нешеу болды? (үшеу)

Дұрыс балалар, біз қай орталықта санаймыз?

Математика орталығында санаймыз.

Анамызды күттік сүт әкеледі деп.

Бұл қай ертегіде кездеседі? (Қасқыр мен жеті лақ)

Біз қай орталықта ертегілерді, өлеңдерді, әңгімелерді оқимыз? (Кітап орталығында).

Менің саусақтарым бәрін айтып береді.

Бәрін біледі, бәрін көрсетеді.

Бір қолымда бесеу, суретті де салады

Мүсіндеп те береді.

-Балалар біз қай орталықтарда сурет саламыз?

Мүсіндейміз? (Өнер орталығында)

-Балалар сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіндер.

Бүгін сол орталықтарда сабақтар өтеді.

Балаларға қоңырау соғу. Орталықтарға бөліп отырғызу.

Математика орталығы.

Тақырыбы: «Аққу- қаздар» ертегісіне саяхат жасау.

Мақсаты: Балаларды бес көлеміндегі сандардың құрамын анықтауға, сандарды табуға, заттарды санауға, апта күндерін ажыратуға, геометриялық пішіндерді атауға үйрету. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі: Сандар, геометриялық пішіндер, сюжеттік суреттер, ертегіге байланысты суреттер.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, Сұрақ жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды орталықтарға бөліп отырғызу.

Назарларын сабаққа аудару.

2 Негізгі бөлім.

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгінгі сабақта «Аққу-қаздар» ертегісіне саяхат жасаймыз. Тосын жағдай. (Аленушка кіреді)

Аленушка: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен қайда келдім? Бұл балабақша қалай аталады?

Тәрбиеші: Не болды саған Аленушка?

Аленушка: Балалар, Маған көмектесіңдерші. Менің інімді Аққу — қаздар алып кетті. (ренжіп тұрады.)

Тәрбиеші: Балалар Аленушкаға көмектесеміз бе? Ал ендеше жолға шығайық. (Алдында пеш тұрады)

Балалар: Пеш-пеш бізге көмектесші, Иванушканы Аққу-қаздар қайда алып кетті?

Пеш: Көмектесемін, сендер ол үшін, сандарды ретімен қойыңдар 1-ден бастап 10-ға дейін.

Содан соң, мынадай ойын ойнаймыз. «Шатасып кетпе»

Мысықта 5 аяқ, ал құстарда 3 қанат.

Дұрыс па?

Пеш : Дұрыс балалар. Аққу қаздар алма ағашына қарай ұшып кетіп бара жатқан. Алма ағашы сендерге көмектеседі.

Балалар: Алма-алма ағашы, бізге көмектесші, Иванушканы Аққу-қаздар қайда алып кетті?

Алма: Менің тапсырмамды орындаңдар.

Бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Кеше аптаның қай күн болды?

Сендердің сүйікті күндерің қай күн?

Ең бірінші сәрсенбі, әлде бейсенбі келеді ме?

Ойын. «Аптаның қай күні жетіспейді?»

Алма: Өте жақсы балалар. Менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар. Аққу-қаздар өзен жағына қарай ұшып өтті. Өзеннен барып сұраңдар.

Балалар: Өзен-өзен бізге көмектесші, Иванушканы Аққу қаздар қайда алып кетті?

Өзен: Менің тапсырмамды орындандар. Мына жерде неше құмырсқа үй салып жатыр?

Неше кейіпкерлер шалқанды алып шықты?

Соңғысы не болды? Немеренің алдында кім тұрды? Жучканың артында кім тұрды? Тышқан қалай дыбыстады? Жучка қалай ырылдады?

Өзен: Өте жақсы балалар.

Тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Міне, сендерге жіп, ол сендерді Иванушкаға алып барады. (Балалар бі-біріне жіпті береді, ол жіп Иванушка отырған үйге апарады.) Балалар Иванушканы алып кейін қарай қашады.

Сергіту сәтті:

Далада жел тұрады.

Күн жарқылдайды

Жаңбыр жауады.

Жаңбыр басылады.

Күн ашылады.

Тәрбиеші: Балалар, Иванушканы алып кеткенімізді біліп,

Жалмауыз-кемпір соңымыздан Аққу-қаздарды

жіберіпті.

Тәрбиеші: Балалар Аққу- қаздар жетіп қалды, өзенге барып

көмек сұрайық.

Балалар: Өзен-өзен бізге көмектесші, Иванушкамен бізді Аққу қаздардан жасыршы.

Өзен: Менің тапсырмамды орындандар.

Таяқшалардан үш бұрышты геометриялық пішін құрастырыңдар.

Мына пішін қандай? Мына пішіндерден маған үй құрастырып беріндер. Олардың түстері қандай?

Өзен: Өте жақсы балалар. Тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Аққу- қаздар сендерді байқамай қалды.

Балалар: Өзен саған көп рахмет!

Тәрбиеші: Балалар, Аққу қаздар жетіп қалды, алма ағашына барып көмек сұрайық.

Балалар: Алма ағашы бізге көмектесші, Иванушкамен бізді Аққу қаздардан жасыршы.

Алма ағашы: Менің тапсырмамды орындаңдар. Мен сендерге көмектесемін.

Балалар «Бұл қай кезде болады?»

ойынын ойнаңдар.

Бу ұшадыжоғары Көбелек те, гүл де бір,

Сайларға су толады Қызыл, жасыл күлді өңір

Дүрілдейді трактор, Аспан төрі ақша бұлт,

Түрленеді қырат-қыр. Бау-бақшада барша жұр

Жұпары аңқып даланың, Саңқылдаған саз әні,

Иісі мұрынын жарады. Көлде құстың базары.

Жылы самал соғады, Жидек пісіп толады,

Бұл қай кезде болады? Бұл қай кезде болады?

(Көктемде) (Жазда)

Көлдің беті кілегей, Аяз қысып, өрнек сызып,

Жер сап-сары бірегей. Терезені торлайды.

Тырау-тырау тырналар, Қарға омбығып, бет домбығып,

Түстікке бетті бұрды олар. Сырғанап балалар ойнайды.

Қара суық жел есті, Кейде ұлып, кейде ысқырлып,

Күннің көзі көмексі. Ұйтқып боран соғады.

Колхоз егін орады, Балаларым айтындаршы!

Бұл қай кезде болады? Бұл қай кезде болады?

(Күзде) (Қыста)

Алма ағашы: Өте жақсы балалар. Тапсырмамды өте жақсы орындадыңдар. Аққу- қаздар сендерді байқамай қалды.

Тәрбиеші: Пеш-пеш бізге көмектесші, Иванушкамен бізді аққу- қаздардан жасыршы.

Пеш: Менің тапсырмамды орындаңдар. Мен сендерге көмектесемін. Карточкалармен жұмыс жүргізу.

Пеш: Өте жақсы балалар. Тапсырмамды өте жақсы орындадындар. Аққу- қаздар сендерді байқамай Жалмауыз кемпірге қарай ұшып кетті. Енді қорықпай үйлеріне бара берулеріңе болады.

Аленушка: Балаларға алғысын білдіреді.

Қорытынды: Сабақты-сұрақ жауап арқылы қорыту.

Бағалау: Балаларды мадақтап жеке-жеке бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности