link2016 link2017 link2018 link2019 link2020 link2021 link2022 link2023 link2024 link2025 link2026 link2027 link2028 link2029 link2030 link2031 link2032 link2033 link2034 link2035 link2036 link2037 link2038 link2039 link2040 link2041 link2042 link2043 link2044 link2045 link2046 link2047 link2048 link2049 link2050 link2051 link2052 link2053 link2054 link2055 link2056 link2057 link2058 link2059 link2060 link2061 link2062 link2063 link2064 link2065 link2066 link2067 link2068 link2069 link2070 link2071 link2072 link2073 link2074 link2075 link2076 link2077 link2078 link2079 link2080 link2081 link2082 link2083 link2084 link2085 link2086 link2087 link2088 link2089 link2090 link2091 link2092 link2093 link2094 link2095 link2096 link2097 link2098 link2099 link2100 link2101 link2102 link2103 link2104 link2105 link2106 link2107 link2108 link2109 link2110 link2111 link2112 link2113 link2114 link2115 link2116 link2117 link2118 link2119 link2120 link2121 link2122 link2123 link2124 link2125 link2126 link2127 link2128 link2129 link2130 link2131 link2132 link2133 link2134 link2135 link2136 link2137 link2138 link2139 link2140 link2141
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Microsoft office Word редакторында кесте құру

Қазақстан,Қызылорда қаласы

№120 Жамбыл атындағы орта мектебі

Физика-информатика пәні мұғалімі

Белдебекова Айзада Сейсенбайқызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: MS Word редакторында кесте ұғымымен танысу, кесте құру тәсілдерін және ұяшықтарды біріктіру, бөлуді үйрену

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге

деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа,

компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.

Сабақта қолданылатын

көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2010 бағдарламасы, Мультимедиялық тақтада дайындалған слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, жұмыс дәптері, оқушылардың бағалау және эмоционалдық жағдайын анықтау парағы.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.

ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын

бәйге сұрақтар арқылы тексеру.

Қорытындылау

ІҮ. Жаңа тақырып.

Ү. Практикалық жұмыс.

ҮІ. Сабақты бекіту

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар!

Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.

  1. Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.
  2. Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша бәйге сұрақтары.

Сонымен, бастаймыз.

ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

Жауап жоспарының үлгісі:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.
  2. Тағайындалған орынға отыру керек.
  3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
  4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
  5. ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
  6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
  7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 — 70 см отыру керек және т.с.с.

- Жарайсыңдар!

- Сабақтың жоспары бойынша келесі тақырыпқа өтейік.

ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Тест сұрақтары

1. Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?

А) Жіберу - Программалар - Microsoft Office Word командаларын орындау арқылы*

В) Файл — Ашу

С) Файл — Құру

2. MS Word стандарт тақтасының орналасуы:

А) аспаптар панелінде*

В) тақырып жолында

С) есептер тақтасында

3. MS Word программасының терезесінің құрылымы:

А) әдеттегі, веб-құжат, беттерді белгілеу, құрылым.*

В) Файл, Түзету, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама

С) тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі,т.б.

4. Символдарды пішімдеу дегеніміз не?

А) рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттер*

В) құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтін

С) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта

5. Мәтінді туралаудың түрлері:

А) сол жақ, ортасы, оң жақ, ені бойынша туралау*

В) шегініс және аралық

С) жоларалық интервал түрлерімен

6. Жол аралық интервалдың қызметі?

А) арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді.*

В) белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.

С) мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді.

7. MS Word-та мәтінді әсерлеп жазу командасы

А) Формат — Қаріп — Әсерлеу.*

В) Формат — Шекаралар мен құю.

С) Формат — Абзац

8. MS Word программасында беттің параметрін қалай орнатамыз?

А) Файл — Беттің параметрлері — Бағдарлау — кітаптық, альбомдық.*

В) Қою — Бөлу — Жаңа бетке

С) Қою — Беттің нөмірлері

9. MS Word программасында беттің нөмерленуін қалай қоямыз?

А) Қою — Беттің нөмірлері — Орналасу — ОК*

В) Қою — Бөлу — Жаңа бетке - ОК

С) Файл — Беттің параметрлері

10. Абзацтық шегініс түрлері:

А) нөлдік, оң, теріс*

В) абзацты сол жақ шеті бойынша туралау.

С) абзацты оң жақ шеті бойынша туралау.

ІҮ. Жаңа сабақ

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте біріктіруді үйренулеріңіз керек.

Біздің өмірімізде мәтінді біріктіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.

Сонымен, Кесте — бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

Кесте құрудың үш әдісі бар:

  1. Аспаптар Добавить таблицу» батырмасын басу арқылы.
  2. Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.
  3. Вид - Панели инструментов - Таблицы и границы командаларын орындау арқылы.

Сонымен, дәптерге «Меню жолы» арқылы кесте құру, біріктіру және бөлу.

  1. Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.

Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.

- Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып

келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.

Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.

Ү. Практикалық жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

І. Міндетті деңгей

  1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
  2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.

3. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.

  1. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз.
  2. Автоформат пішімін пайдаланып, кестені безендір.

«Менің сабақ кестем»

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Сенбі

Кім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады.

ІІ. Лайықты деңгей

  1. Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
  2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
  3. Кестеге Формат > Шекаралар және құю/Формат > Границы и заливка/командасыарқылы жиектеу орналастыр

Оқушы туралы мәлімет

Р/с

Оқушының аты-жөні

Туған жылы

Мекен-жайы

Телефоны

1

2

3

ІІІ. Жоғары деңгей

  1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы (Түр> Аспаптар тақтасы > Кестелер мен шекаралар (Вид > Панели инструментов > Таблицы и границы) командасын орындау арқылы сызықтың типі мен түсін таңдап кесте құрыңыз.

Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз

  1. Кестені белгілеу — Формат >Направление текста/Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1-ші бағанды толтыр.
  2. 1-ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.

«Менің күнделігім»

Күні

Пәндер

Үйге тапсырма

бағасы

12.02.14

1

2

3

4

Тарих

География

Математика

Информатика

Кестемен жұмыс

5

Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.

Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.

Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.

Практикалық жұмысты бағалау.

ҮІ. Сабақтың қорытындысы.

БББ стратегиясы

ҮІІ. Үйге тапсырма:Кестемен жұмыс.

Кесте сөзіне Ребус жасап келу.

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет! Келесі аптада жолығамыз.

ҮІІІ. Бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности