link3321 link3322 link3323 link3324 link3325 link3326 link3327 link3328 link3329 link3330 link3331 link3332 link3333 link3334 link3335 link3336 link3337 link3338 link3339 link3340 link3341 link3342 link3343 link3344 link3345 link3346 link3347 link3348 link3349 link3350 link3351 link3352 link3353 link3354 link3355 link3356 link3357 link3358 link3359 link3360 link3361 link3362 link3363 link3364 link3365 link3366 link3367 link3368 link3369 link3370 link3371 link3372 link3373 link3374 link3375 link3376 link3377 link3378 link3379 link3380 link3381 link3382 link3383 link3384 link3385 link3386 link3387 link3388 link3389 link3390 link3391 link3392 link3393 link3394 link3395 link3396 link3397 link3398 link3399 link3400 link3401 link3402 link3403 link3404 link3405 link3406 link3407 link3408 link3409 link3410 link3411 link3412 link3413 link3414 link3415 link3416 link3417 link3418 link3419 link3420 link3421 link3422 link3423 link3424 link3425 link3426 link3427 link3428 link3429 link3430 link3431 link3432 link3433 link3434 link3435 link3436 link3437 link3438 link3439 link3440 link3441 link3442 link3443
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

Казахстан, Павлодарская область, г. Аксу, с. Алгабас

Средняя школа им. М. Кабылбекова

Учитель математики

Токпаева Маруаш Абылкаковна

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

Сабақтың типі: Ақпаратты коммуникативті технологияны қолдану арқылы жаңа сабақты енгізу

Сабақтың мақсаты: Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу және қолдану.

Сабақтыңміндеттері:

Білімділік:
- ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу;
- ұқсас қосылғыш ұғымын енгізу;
- «ұқсас қосылғыштарды біріктіру» дегенді түсіндіру;
- есептеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық:
- ойлау, салыстыру және аналогиялық тұрғыда орындау қабілеттерін дамыту;
- берілген тақырып бойынша талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:
- оқушыларда білімге деген оң көзқарас қалыптастыру, топта жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
Берілген тақырыпты игеру барысында оқушылар ұқсас қосылғыштар ұғымын түсінумен қатар, ұқсас қосылғыштарды біріктіруде көбейтудің үлестірімділік заңын қолдана білуі қажет.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары:
«Инсерт» - түртіп алу арқылы оқу;
«Блум Таксономиясы»;

Сабақта қолданылатын әдістер:
Зерттеу (ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін іздеу-кітаппен жұмыс);
Жартылай іздеу ( ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастырудағы эвристикалық әңгіме)

Сабақтақолданылатынкөрнекіліктер: интерактивті тақта, кестелер.

Сабақтың құрылымы және барысы.
1. Мұғалім тақтада жазылған сөздерге назар аударады:

«Адамның құндылығы — оның ойлау қабілетінде» Слайд №1

(Б. Паскаль).
« Егер айтсаң - ұмытпаймын,

Көрсетсең - есімде қалады,

Қызықтырсаң - түсінемін»

I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

II.«Математикалық эстафета» Слайд №2

Аауызша есептеу

1). Өрнектердің коэффициенттерін ата:
-7ас; -203вс; -у; 10.3z; 5t.
2). Теңдеуді шеш:
-х=-6; -2х=-3; -8х=2; -5х=10; 2х=-5; -х=8.
3) Өрнекті ықшамда:
х+х; а-а; 0-а; в*в*в; х-0; х:х; х*х; а-0; в+в+в; х+0; с*0; х:0.
4) Жақшаларды аш:
- (а+в+с); (х+у)-х; ( с+5,4)-( 4,9 + с); ( а-в) + ( -а +в).
III.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

«Іздеген жетер мұратқа» Слайд №3
Берілген кестені оқушылармен бірге толтыру.

«Б» Білемін
«Б» Білгім келеді
«Ү» Үйрендім
Білгім келеді: оқушылар оқулықтың 4.4 параграфын ашып, мұқият оқып кестенің екінші бағанын толтырады.
IV. Берілген тақырып бойынша жұмыс .
«Еске түсір, орында»
Слайд №4

1.Тақтада жұмыс: Жақшаларды ашу:
6 (а-в-с) =
9 ( -х+у) =
-5 ( 3m +k-n) =
3 ( 2х +6у) =
Мұғалім: жақшаларды ашуда көбейтудің қандай қасиеттері қолданылады?
2. 5а-9a + 4а -11а. Слайд №5
Мұғалім: Қосылғыштарға назар аударамыз. Олардың ұқсас элементтері қандай? ( бірдей әріп бөліктері)
Қалай оларды ажыратуға болады? ( коэффициенттерімен)
Мұғалім: оқулықтан тек қана коэффициенттерімен ажыратылатын әріп бөліктері бірей қосылғыштарды қалай атайтынымызды оқиық. ( оқушылар жауап берді)
3.Тапсырма: «Дұрыс орналастыр» Слайд №6


Мұғалім: Ұқсас қосылғыштар немен ажыратылады?

V. Сергіту сәті: « Мақалдың мағынасын түсіндір» Слайд №7
( Әр топқа жеке мақалдардың мағынасын түсіндіру ұсынылады)
1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес;
2. Айла алтау, ақыл жетеу.
«Ұқсас қосылғыштарды біріктіру» Слайд №8

Мұғалім: Ендігі кезекте ұқсас қосылғыштарды біріктіруді үйренеміз, ол үшін ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен жұмыс жасаймыз.
(оқулықпен жұмыс)

«Еске сақта!» Слайд №9

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:
1. Олардың коэффициенттерін қосу керек;
2. Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Мұғалім: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін бекітейік.

4.«Біліміңді байқап көр» Слайд №10

№779 есеп

5. «Жұмыла көтерген –жүк жеңіл» Слайд №11

Топпен жұмыс :

(Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі).

I топ. №780,№782,1-3 тапсырмалар.
II топ. №780, №782, 1-3 тапсырмалар.
6. «Артық болмас білгенің» Слайд №12
Мұғалім: Енді өтілген теориялық материалды бекітеміз, ол үшін Блум Таксономиясын қолданамыз.
1. Білім: жақшаларды аш ( а-в) — (а +в); жақшаларды ашу алгоритмі.
2. Түсіну: ұқсас қосылғыштарды біріктір: 2а -6а + 8а –а -5в +4;
3. Қолдану: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі не үшін қажет?
4. Талдау: көбейтудің үлестірімділік қасиеті ұқсас мүшелерді біріктіруде қажет пе?
5. Синтез: а-ның кез келген мәнінде 5(7а- 2)- 7(5а + 2)
өрнегі -24 -ке тең болатынын дәлелде.
6. Бағалау: ұқсас қосылғыштарды біріктіру өрнектердің мәнін табуда қажет пе?

VI. Рефлексия

«Білгенге-маржан» Слайд №13

(кесте бойынша)

«Б»- Білемін
Оң және теріс сандарға амалдар қолдану; жақшаларды ашу; өрнектегі сандық коэффициентті анықтау;
көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдана білу.
«Б»- Білгім келеді
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу; ұқсас қосылғыштар;
ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін;
бос мүше.
«Ү»- Үйрендім
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып жақшаларды ашу; ұқсас қосылғыштар; бос мүше;
ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін.
Біздің бүгінгі сабағымыз сіздерде қандай әсер қалдырды? Не себепті?

VII.Үйге тапсырма.

«Өздігінен еңбек-білім мұратына жеткізбек» Слайд №14

п 4.4, №781, №790

VIII. Бағалау.
Сабағымызды аяқтай келе, сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларға рахмет. Сау болыңыздар !

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности