link4680 link4681 link4682 link4683 link4684 link4685 link4686 link4687 link4688 link4689 link4690 link4691 link4692 link4693 link4694 link4695 link4696 link4697 link4698 link4699 link4700 link4701 link4702 link4703 link4704 link4705 link4706 link4707 link4708 link4709 link4710 link4711 link4712 link4713 link4714 link4715 link4716 link4717 link4718 link4719 link4720 link4721 link4722 link4723 link4724 link4725 link4726 link4727 link4728 link4729 link4730 link4731 link4732 link4733 link4734 link4735 link4736 link4737 link4738 link4739 link4740 link4741 link4742 link4743 link4744 link4745 link4746 link4747 link4748 link4749 link4750 link4751 link4752 link4753 link4754 link4755 link4756 link4757 link4758 link4759 link4760 link4761 link4762 link4763 link4764 link4765 link4766 link4767 link4768 link4769 link4770 link4771 link4772 link4773 link4774 link4775 link4776 link4777 link4778 link4779 link4780 link4781 link4782 link4783 link4784 link4785 link4786 link4787 link4788 link4789 link4790 link4791 link4792 link4793 link4794 link4795 link4796 link4797 link4798 link4799
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жыртық кітап жылады Ө. Тұрманжанов

Қазақстан,Қызылорда қаласы

№257 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Оспанова Ажаркул Балтабаевна

Сабақтың мақсаты: 1. Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра оқыту

арқылы идеясын ашуға мүмкіндік беру.

2. Өз бетімен проблемалық жұмыстар жасау арқылы

шығармашылық дағдыларын дамыту. Оқушының

сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуға мақсатты

тапсырмалар беру.

3. Кітаптың шын мәнінде қымбатты екенін түсінуге,

сезінуге жағдай туғызу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:тақта, бор, қосымша материалдар. Марокко

жазушысы Жарак Ахмадтың шығармасынан үзінді.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ Үй жұмысы

Сұлу мамыр

ІІІ Жаңа сабақ

Тренинг: «Мен сені жақсы көремін»

Мұғалім: Күндейжарқырап,

Айдайарайлап, Жұлдыздайжарқырап,

Судаймөлдіртазакөңілмен

Бүгінгісабағымыздыбастайық.(Оқушыларорнынантұрады)

Армысың, асылкүн!

Армысың, асылжыр!

Армысыңкөкаспан!

Армысыңжандосым!

Жылуымажылуқос

Міне, меніңқолым.

Қызығушылықты ояту.

А) балалар оқу жылы да аяқталып қалды. Енді сендер өз оқулықтарыңа не айтар едіңдер? «Әдебиеттік оқу кітабына» айтар сөздеріңді қысқаша жазайық.

Б) Марокко жазушысы Ж. Ахмадтың «Бір дирхам» әңгімесін оқып берейін.

Бір дихрам.

-Балалар ертең әрқайсысың бір дирхамнан әкеліңіздер. Мен сендерге: «жойылсын туберкулез» деген жазуы бар марка әкеліп беремін. Неғұрлым көп дихрам жиналса, адамдар соғұрлым қауіпті аурумен тезірек күресе алады. Мен сендерге туберкулез сырқаты туралы айттым ғой. Ол-өте қауіпті ауру.

Оқушылар тақта алдында сөйлеп тұрған мұғалімнің сөзін бар ықыластарымен ұйып тыңдап қалыпты. Көздерін үнсіз жыпылықтатады.

-Мен сендердің ертең…- Мұғалім сөзін бітірмей бүгіліп қалды. Соңғы партада отырған баланың телміре, ұзақ қадала қарағаны ойын бөліп жіберді.. Осы кезде қоңырау да соғылды.

- Мен сендердің ертең бір дирхамнан әкелетіндеріңе сенемін балалар. Мұғалім аяқталмай қалған сөзін айтты. Оқушылар орындарынан тұрып , мұғалімге ізет білдірді.

Мектептің темір қақпасы ашылысымен, балалар жан-жаққа шуылдасып тарап кетті. Гариб оқулығын кеудеіне басқан күйі иығы салбырап, үйіне қайтып келе жатты…

-Мұғалім ертең әрқайсысың бір дирхамнан әкеліңдер, туберкулезбен күрес жүргізіміз, Бересің бе, Әке ,- деді.

-Балам, бір дирхамды қайдан табамын?! Мұғалім саған емес, басқаларға айтқан шығар. Солар әкелсін. Біз кедейміз. Бір тиында жоқ екенін өзің білесің ғой.

-Әке апам туберкулезбен ауырғалы жылдан асты ғой. Ол өте қауіпті, жұқпалы ауру екен.

-Айттым ғой, басымды қатырма жоқты қайдан табамын.

Еліміз мыңдап дирхам жинаса, көп адам аурудан жазылады, апамды да емдеп алар едік.

Осы әңгімеде бала ауру анасы үшін кітабын сатып жібереді.

-әңгімеде бала кітабын қалай құрметтейтіндігін неден байқадыңдар?

Пікірталас:

А) бала кітапты еріксізден, анасы үшін сатып жіберді.

Б) Баланың кітапты сатқаны дұрыс емес.

Оқушылардың ойларын қорытындылау.

ІІ мағынаны тану.

-Әңгім кітап туралы болғаннан соң, бүгін біз Ө. Тұрманжановтың «Жыртық кітап жылады» деген мысал өлеңімен танысамыз.

Автор өміріне қысқаша тоқталып өту,

Ө.Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Тәшкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927-ЗОжж.). 1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған қазақ секциясын баскарды. 1931 жылы өлкелік партия комитетінің шақыруымен Алматыға ауысады. КдзПИ-де профессор міндетін атқарады. Кейін Казақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жұлдыз" газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935-37жж.) болды. Саяси куғын-сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің соңғы жылдары "Жазушы" баспасында бөлім меңгерушісі кызметін аткарған. Тұнғыш жинағы "Таң өлеңдері" (1925ж.) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т.б. 40-тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л.Н.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Казақтың макал-мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды.

Өлеңді алдымен іштей оқиды. Бірнеше оқушы дауыстап оқиды.

Өлең бойынша сұрақтар қойылады.

- өлеңнің бірінші 4жолында кітаптың бейнесі қандай еді?

-І тоқсанға жетпестен кітап қандай күйге түскен?

-кітап оқушыға не деді?

-өлеңде қандай көңіл-күй бар?

-оқушылар енді кітаптың аянышты сұрағына мән берейік. Кітапқан қандай көмек жасауға болатынын ойластырайық.

Жедел жәрдем сәтін ұйымдастыру (жыртылған кітаптарды түптеу)

ІІІ Шығармашылық жұмыс:

Баланың өз қателігін мойындап, кітапқа айтқан жауабын жазып көр.

Көркем жазу дәптерімен жұмыс

Сергіту сәті.

«Шығармалар кестесіне» (стратегиясы бойынша) салып жұмыстану. 3-сыныпта өткен Танаш Дәуренбековтың «Кітаптар мұңы» шығармасымен салыстыру

Шығарманың аты

Кітаптар мұңы

Жыртық кітап жылады

Авторы

Танаш Дәуренбеков

Өтебай Тұрманжанов

Оқиға орны

Мектеп кітапханасы

Мектеп

Негізгі ой

Кітапты күтіп ұстау

Кітапты күтіп ұстау

Кітапты құрметтеу туралы не білдің

Білім береді, қадірлі, кейінгілерге оқушыларға қажет

Шығарманың аяқталуы

Жөндеуден өтетініне сенеді, жақсы оқушының қолына түскілері келеді

Ызалы кітап жылады.

Дәптермен жұмыс: Мақалдар жазу

Кітапты халқымыз өте құрметтейді. Ол туралы көптеген мақал-мәтелдер, жұмбақтар бар.

Кітап білім бұлағы

Наданмен қас болғанша,

Кітаппен дос бол.

Кітапты сүйіп оқу,

Көңілге түйіп оқы.

Кітап көзі жұмыққа арзан

Көзі ашыққы маржан.

Кітап –оқығандікі, білім- тоқығандікі.

Кітап алтын қазына.

Жұмбақтар.

Парағы бар сөйлейтін.

Ол қазына өлмейтін.

2.Көп әңгіме өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім.

ІV. ойтолғау.

Лездеме сұрақтарға жауап беру.

  1. Қасиетті кітапты ата
  2. Қайсысы қиял ғажайып кітап:

А. Фантастикалық

Ә. Ғылыми

Б. Медициналық

3. Кітап неге қызарды? «қызыл кітап»

V. Қорытынды:

- Сонымен оқушылар кітап алтын қазына екендігіне бүгін бағы бір мәрте көзіміз жетті. Әр оқушы кітапты бұлдірмей, жыртпай, күтіп ұстауы қажет.Оқыған адамға кітаптың берер білімі, айтар ойы көп.

VІ. Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттау

VІІ. Бекіту

Кітап не үшін керек?

Кітапты күтіп ұстау туралы сыныптастарыңа қандай ақыл айтар едің?

VІІІ. Бағалау

Сабақты аяқтау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности