link10206 link10207 link10208 link10209 link10210 link10211 link10212 link10213 link10214 link10215 link10216 link10217 link10218 link10219 link10220 link10221 link10222 link10223 link10224 link10225 link10226 link10227 link10228 link10229 link10230 link10231 link10232 link10233 link10234 link10235 link10236 link10237 link10238 link10239 link10240 link10241 link10242 link10243 link10244 link10245 link10246 link10247 link10248 link10249 link10250 link10251 link10252 link10253 link10254 link10255 link10256 link10257 link10258 link10259 link10260 link10261 link10262 link10263 link10264 link10265 link10266 link10267 link10268 link10269 link10270 link10271 link10272 link10273 link10274 link10275 link10276 link10277 link10278 link10279 link10280 link10281 link10282 link10283 link10284 link10285 link10286 link10287 link10288 link10289 link10290 link10291 link10292 link10293 link10294 link10295 link10296 link10297 link10298 link10299 link10300 link10301 link10302 link10303 link10304 link10305 link10306 link10307 link10308 link10309 link10310 link10311 link10312 link10313 link10314 link10315 link10316 link10317 link10318 link10319 link10320 link10321 link10322 link10323 link10324 link10325 link10326 link10327 link10328 link10329 link10330 link10331
Султанова Анара Базарбаевна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Актюбинская область, Муголжарский район, город Эмба
Дүниетану пәнінен ашық сабақ "Құлақ" 1-класс

Класы: 1 класс

Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Құлақ — есту мүшесі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есту қабілеті туралы білімдерін қалыптастыру, есту гигиенасы туралы түсініктерін қалыптастыру; ойлау қабілетін дамыту; тазалыққа, мейірімділікке, ұқыпталыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, заттық суреттер, дыбыстар, «құлақ құрылысы» сызбанұсқасы, сөзжұмбақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  4. Жаңа тақырыпты бекіту
  5. Бағалау
  6. Сабақты қорытындылау.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Балалар, біз бүгін «Денсаулық» еліне сапар шегеміз. Ол жақта тек дені сау адамдар тұрады.Сол елге барған адамдардың денсаулықтары мықты, жақсы болады.

Денсаулық еліне бару үшін жолда аялдамаларға тоқталып әр қайсысының тапсырмаларын орындасақ біздер «Денсаулық» еліне келеміз. Алдымен денсаулықтың не екендігін білуіміз керек.

Денсаулық- организмнің талапқа сай аман саулығы. Барлық мүшелердің ( қол, бас, өкпе, жүрек, бауыр, бүйрек) қалыпты жұмыс істеуі.

Жүрер алдында мына өлең шумақтарын айтамыз.

Жүріп келем,

Құлағымды түріп келем.

Кездессе егер кедергілер,

Не істерімді біліп келем.

Арықтардан аттап өтем

Денсаулық еліне тезірек жетем.

Тақтаға назар аударамыз.

«Денсаулық» елінің картасымен танысамыз.

№1 аялдама. «Кім білгіш? Кім айтқыш?» деп аталады.

Балалар, кәне денсаулық туралы қандай мақал-мәтелдер білетіндігіміз туралы айтайық.

( балалар жаттап келген мақалдарын айтады)

Енді тақтадағы мақалдарды оқып шығайық.

Сонымен ең басты байлық не?

Дұрыс ол — денсаулық.

Жолымызды ары қарай жалғастырамыз.

Жүріп келем,

Құлағымды түріп келем.

Кездессе егер кедергілер,

Не істерімді біліп келем.

Арықтардан аттап өтем

Денсаулық еліне тезірек жетем.

№2 аялдама Үй тапсырмасын тексеру

«Көз –көру мүшесі» мәнерлеп оқу. Оқулықтың 104-105 беттер.

№3 аялдама «Ойлан, тап!»

Суретте не жетіспейді?

Ойлан және суретін сал.

( балалар ойланып, суретін салады)

Көзілдірікті көзге киеміз, ал домбыраның үнін құлақпен тындаймыз.

Жарайсындар!

Жүріп келем,

Құлағымды түріп келем.

Кездессе егер кедергілер,

Не істерімді біліп келем.

Арықтардан аттап өтем

Денсаулық еліне тезірек жетем.

№4 аялдама. «Кім тапқыр?» Сөзжұмбақ шешу.

  1. Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер.

(қол)

2.Қыз сөзіне қарама қарсы сөз.

(ұл)

3.Онсыз адам сөйлей алмайды.

(тіл)

4.Ананың сүті тәтті,

Ананың несі жұмсақ?

( алақаны)

5. Қойда бар тұяқ,

Ал адамда бар не?

(аяқ)

Сонда қандай сөз шықты?

-Құлақ.

№5 аялдама. Біліп ал!

Бұл аялдамада біздер «Құлақ –есту мүшесі» деген тақырыппен танысамыз.

Мынау- құлақ. Құлақ- есту мүшесі. Ол барлық дыбысты естиді. Құлағынды алақанымен басып көр. Не сездің?

Оқушылар: еш нәрсе естілмейді.

Мұғалім: дұрыс.Құлақтың қажеттілігін осыдан кейін түсінесін.

Біздің айналамыз дыбысқа толы. Сен көптеген дыбыстарды: адамның сөзін, иттің үргенін, мысықтың мияулағанын, құстың сайрағанын естисің. Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі болып бөлінеді.

Мәтінмен танысу.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

  1. Құлақ қандай мүше?
  2. Орманда қандай дыбыстарды естисің?
  3. Құлағынды ақырын бассан, не сезесің?
  4. Өзің жануарлардың даусын сала аласың ба?

Дыбыстарды естіп, не екенін анықтайық.

Дәрігерлердің кеңестеріне құлақ салып, есіңе сақта!

Құлағынды дұрыс тазала

Құлағынды күн сайын жу

Құлағына су кіргізіп алма

Құлағынды желден қорға

Құлақты қаламмен, шырпымен, үшкір, қатты заттармен тазалауға болмайды.

Көп теген жаңа ұғымдармен танысып, «Денсаулық» еліне де жеттік.

4.Жаңа тақырыпты бекіту

«Денсаулық» елі

Міне, бұл елде дендері жақсы, мықты адамдар тұрады. Біздерде сол денсаулығы мықты адамдардың қатарына қосылайық.

Мақсатымызға жеттік. Енді денсаулық елінің тұрғындары Тест сұрақтарын дайындап қойған.

Тест сұрақтарына жауап берейік.

Ақыл - ойдың иесі кім?

а) жануарлар ә) адам

Көз қандай мүше?

а) есту ә) көру

Нені үшкір, қатты заттармен тазалауға болмайды?

а) құлақты ә) тісті

Құлақ қандай мүше?

а) дыбыстау ә) есту

Жылқы қалай дыбыстайды?

а) маңырайды ә) кісінейді

Жауаптары: ә, ә, а, ә, ә.

  1. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма: 106-107 бет оқу, мазмұндау.

Орындаған: Султанова А.Б.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности