Карипбекова Думангул
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Ашық сабақ:“Түлкі мен ешкі” (ертегі сахналау)

Жасы: 3-4 Ортаңғы «Көгершін» тобы

Тәрбиеші: Карипбекова Думангул Ертаевна

Күні: 15.10.2014 жыл

Тақырыбы: “Түлкі мен ешкі” (ертегі сахналау)

Білім беру саласы: “Қатынас ”

Кіші сала: Тіл дамыту.

Мақсаты:Драмалауға қатысу іскерліктерін дамыту,ойынға деген ынтасын көтеру.Кейіпкерлердің дауыс ырғағын,мимикасын көрсетуге жаттықтыру.Өз бетінше сөйлеу мәнері мен дауыс күшін тиісінше өзгертіп отыру іскерлігін қалыптастыру (қатты немесе жәй,тез немесе ақырын).Адамдардың көңіл-күйін (көңілді,мұңды,мейірімді және т.б)білдіретін сөздерді қолдануға үйрету.

Сөздік жұмыс: Абайсызда,апан,сусап,ырғып.

Әдістемелік құрал: Ертегілердің суреттері,түлкі мен ешкінің қуыршақтары,апан

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

I кезең

Мотивациялық-

Қозғаушы

Балаларды шеңберге отырғызып көңіл-күйлерін сұраймын:

Балалар сендердің бүгінгі көңіл-күйлерің қандай?

(Доптың көмегімен көңіл-күйлерін сұрау)

Тосын сәт:Ертегілердің суретін көрсету.

Балалардан таныс ертегілерін атап берулерін сұрау.Жаңа ертегімен таныстыру.

Балаларшеңбергеотырады

Біздіңкөңіл-күйімізжақсы

Таңғалыпқарайды,танысертегілерінатапбереді.

II кезең

Ұйымдастырушылық-

Ізденушілік

Сөздік жұмыс:

Балалар қазір ертегінің ішінде сендерге таныс емес сөздер кездеседі,алдымен сол сөздердің мағынасын түсініп алайық:

Абайсызда-байқамай.

Апан-ойық терең жер.

Сусап-шөлдеп.

Ырғып-тайғанап.

Балалар мен сендерге қазір “Түлкі мен ешкі” деген халық ертегісін оқып беремін,сендер жинақталып,тынышталып мұқият тыңдап отырыңдар.Оқып болған соң сұрақтар қоямын.(Ертегіні оқып беремін)

Сұрақтар:

Балалар мен қандай ертегі оқыдым,ертегі қалай аталады?

Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Түлкі қайда түсіп кетеді?

Ол апаннан қалай шығып кетеді?

Ешкі қайда бара жатыр еді?

Түлкінің жасағаны дұрыспа?Неге?

Ол қандай аң?Ал ешкі қандай?

“Өтірікке алданба басың бәлеге душар болады” дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті

Ертегіні сахналау.

Балалар мұқият тыңдап отырады

Жинақталып,тынышталып ертегіні тыңдап отырады

Түлкі мен ешкі ертегісі

Ертегіде түлкі және ешкі бар

Түлкі апанға түсіп кетеді

Ешкіні аладап оның үстіне мініп онан соң мүйізіне табан тіреп шығып кетеді

Түлкі су іздеп жүрген болатын

Түлкінің жасағаны дұрыс емес.Өйткені өтірік айтып,алдауға болмайды.

Түлкі-қу,шапшаң

Ал ешкі-аңқау

Балалар өз ойларын айтады

III кезең

Рефлекстік-

Түзету

Бекіту сұрақтары:

Балалар біз бүгін қандай ертегімен таныстық?

Сонымен ертегіде қандай кеіпкерлер бар екен?

Ертегі сендерге ұнады ма?

Ешкі мен түлкі ертегісімен таныстық.

Ертегіде түлкі мен ешкі бар.

Иә ұнады.

Күтілетіннәтиже:

Ұғынады:Кейіпкерлердің дауыс ырғағын,мимикасының көрсетілуін

Түсінеді:Кейіпкерлердің дауыс ырғағын,мимикасын көрсетуге

Қолданады:Адамдардың көңіл-күйін (көңілді,мұңды,мейірімді және т.б)білдіретін сөздерді

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности