Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Бизнес жоспар

Казахстан,Восточно-Казахстанская область,г.Семей,с.Кумкол

КГУ "средняя школа имени Сасан би"

Учитель технологии и экономики

Ахметкалиева Г.Т.

Білімділігі:экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанмдылық көзқарасын кеңейту.Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жоспармен таныстыру және өндірістік жоспардағы өзіндік құнның калькуляциясын құруды үйрету;

Дамытушылығы:маңызды шешімдерді қабылдай алатын,жетістікке жететін,белсенді азамат болуға танымалдық қызығушылықтарын дамыту;

Тәрбиелігі:жеке бас құндылықтары,мінез-құлықтың дамуы және іскерлік әдеп, ұйымдастырушылық,ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі,баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар,кестелер.

Құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, компьютер.

Пәнаралық байланыс:математика,қаржылық сауаттылық, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

Үй тапсырмасын тексеру:

«Волейбол» ойыны түрінде сұралады.

Жаңа сабақ

Қазіргі жаһандану заманында қоғамның әрбір мүшесі өзін және отбасын толық қамтамасыз ете алуы керек. Бұл үшін,ең алдымен, адамға не қажет?

Материалды жағдайы жақсы болу үшін

Денсаулық Таланттылық

Ақша Тынышөмір

Үнемділік Шеберлік

Бай ағайын Жақсы бет-бейне

Жалақысы көпжұмыс Сенім

Еңбек Білім

Осы екі ұғым қатар жүргенде ғана сіздердің алдарыңыздан жетістікке жетер жол ашылады. Жетістікке жетудің ең алғашқы қадамы –кәсіп.

- Ал кез келген адам кәсіпкер бола алады ма?

Әрине, ол тек өзіне байланысты.Ендеше біз қазір алдымен жақсы кәсіпкер болу үшін неден бастауымыз керек деген сұраққа жауап береміз, білімімізді жетілдіреміз.

- Бизнес, кәсіп тек өзің үшін ғана керек пе?

- Әрине, жоқ.

Елбасымыздың «Шағын және орта бизнес- бұл ел экономикасының іргетасы»деген сөзіне тереңірек үңілсеңіздер, оны қалай түсінесіздер?

«Бизнес» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Іс» деген мағынаны білдіреді. Егер өз ісіне жан тәнімен берілсе, ол мен табыс пен сәттілікке жетемін деп ойламауы керек. Бизнесте табысқа жету үшін білім, терең ойлау, жақсы құрал-жабдық /капитал/,көп шыдамдылық керек.Табысқа көп іскер адамдар өз ісін қандайда да бір жұмыс түрімен немесе хоббимен шұғылданудан бастады.Бұл өмірде бірдеңе жетпейді деген ой ,тамаша кәсіпкерлік идеяларды тудырады.Адамдар жаңа өнім мен қызмет көрсетуді ойлап тауып немесе өнім мен қызмет көрсетудің әрекет етуші жүйесін өзгертті. Біздің өміріміздегі жетіспеушілікті осы кәсіпкер көреді,егер оны немен толтыратынын ойлап тапса, жаңа бизнес пайда болады.

Американдық бизнесмен және жазушы ПолХоккен былай деген: «Адам жақсы ісбар жерде жұмыс істейтіндер өміріне тереңмағына беретінін интуитивты түсінеді және онымен араласқандардың бәрінің өмірін байытады. Егер сен өз бизнесіңді бастағың келсе, ол сенің және тексенің Ісің болған кезде ғана табысқа жетесің. Ол планетадағы бірде-бір Іске ұқсамауы керек. Өзбизнесінді бастағанда, әңгіме ақшат уралы тіпті болмауы керек. Өз бизнесінді бастағанда, әңгіме ақша туралы тіпті болмайды. Бұл сенің өмірде бірдеңеге жарайтыныңды көрсету керек».

Адам өз ісі туралы қанша ертерек ойласа,соғұрлым табысқа жету ықтималдылығы үлкен болады. Көптеген табысқа жеткен кәсіпкер бизнестегі алғашқы қадамын жасөспірім кезінде жасаған.

Ендеше, осыларды жүзеге асыру үшін «Бизнес әліппесін» ашайық

Бизнес әліппе

Сізгдерге өзіңіздің кәсіпкерлікке әзірлігіңіз бен қабілетінізді түсіну үшінбірнеше тұжырым ұсынамыз:

  1. Меніңойымша, меніңөмірімдебарлығы, еңалдым, меніңөзімебайланысты.
  2. Сәттіліккеқолжеткізуүшінментіптіазмүмкіндіккеиеболументәуекелгебарааламын.
  3. Меніңталаптарымныңдеңгейіөзгелердікіненәрдайымжоғарытұрады.
  4. Мен үшінүдерісемес, істіңақырғынәтижесімаңызды.
  5. Мен өзгелердіңпікірінеқарағандаөзпікірімесүйеніпотырудыартықкөремін.
  6. Мен қиындықтарданқорықпаймын.
  7. Меніңөзидеяларымбар.
  8. Меніңеңбекетугеқабілетімбаржәнееңбекқормын.
  9. Мен адамдармен тіл табыса аламын.

10.Мен өзмақсатымажетудеқаржылық пен қайсарлықтанытабілемін.

Әрбір«иә»дегенжауабыңызүшінөзіңізге 1 баллданқосыпотырыңыз.

Егер Сіз 8 жәнеоданкөпбаллжинасаңыз- Сіздайынкәсіпкерсіз !

Бизнес жоспар-бұл келешек бизнесіңізді жан жақты толық сипаттау.Бизнес жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық жоспары құрылады.Сол кезде жекеменшік кәсіпкерліктің картинасы айқындалады.

Бизнес идеяда нені өндіріп немесе сата алатыны, тауарыңызды кім және не үшін сатып алатыны, ол нарықта сұранысқа ие болатыны, сатудың және ілгері жылжытудың әдістері айтылады.

Қаржылық жоспардың негізгі көрсеткіштеріне сатудың көлемі, пайда,капиталдың айналымы,өзіндік құн және т.б жатады.Залалсыздық нүктесі белгіленеді.

«Сәнқой»ательесіжақындаашылғаншағынкәсіпорын. Ательесәндіблузкаларшығарады. Тауарбірлігініңөзіндікқұнкалькуляциясынжасаукерек.

1-қадам. Тікелей материалдықшығындардыесептеу.

2-қадам. Еңбеккетөленетінақышығындарынесептеу.

3-қадам. Жанама шығындарсомасынесептеу.

4-қадам. Шығындардыңжалпысомасынесептеу.

5-қадам. Тауар бірлігіне жұмсалғанжиынтықшығындардыесептеу.

1-қадам. Тікелейматериалдықшығындардыесептеу.

Ательдегі тікелей материалдықшығындар–мата,жіп,түймелер. Бірблузкаға 2 метрмата,4 түймежәне 1/5 орамжіпжұмсалады. Бірайішіндегітікелейматериалдықшығындардыесептеу.

Тікелей материалдық

шығындар

Бірлік

өлшемі

Сатып алынатын баға

Бірлік саны

Сома (теңге)

1

2

3

4

3*4=5

Мата: лавсанды мата

м

500

440

220 000

Түймелер

дана

15

880

13200

Жібек жіптер

орам

50

44

2200

Барлығы:

235400

2-қадам. Еңбеккетөленетінақышығындарынесептеу.

Ательде 8 адам істейді.Оның 5-і тікелей жейдені өндіруменайналысады.Олардыңбірайішіндегіжалақысытуралымәліметұсынылған.

Қызметкерлер,лауазым

Өндірісте жұмысістейтіндердіңайлықжалақысы

Әлішерова Эльмира-иесі, пішу, дизайнер

7000

Пугачева Людмила- пішу,дизайнер

12000

Әмірханова Гүлнар-тігінші

10000

СәкеноваСәуле- тігістіөндеуші

8000

Сембава Бақыт –үтіктеу, тегістеу

6000

Барлығы:

43000

3-қадам. Жанама шығындарсомасынесептеу.

3-кестеде бір ай ішіндегі ательенің жанама шығындары ұсынылған.

р/с

Шығындар түрлері

Сома(теңге)

1

Жалға алу

20000

2

Электрқуаты және сумен жабдықтау

4000

3

Құрал-жабдықтырды жөндеу

5000

4

Сақтандыру

2000

5

Банктен алынған қарыз

6000

6

Кеңсе тауарлары

1000

7

Телефон және почта қызметі

700

8

Жарнама және тауарды жылжыту

3000

9

Басқа жұмыстарға қатысқаны үшін еңбекке ақы төлеу:

Әлішерова Эльмира, ие-өндірісті басқару

8000

Фирсова Алла -бухгалтер

3000

Көбенов Ержан –өткізу,әкімшілік міндеттер

12000

Железнова Екатерина -сыпырушы

4000

10

Мата,ине-жіп,қайшы т.б.

700

11

Басқа шығындар (тазалаушы құралдар)

600

Барлығы:

70000

4-қадам. Шығындардыңжалпысомасынесептеу.

1-қадам.

Тікелей материалдықшығындар

235 400 теңге

3-қадам

Жанама

шығындар

70 000 теңге

4-қадам

Жиынтық шығындар

348 000 теңге

2-қадам

Еңбеккеақытөлеугежұмсалатын шығындар

43 000 теңге

5-қадам. Тауар бірлігіне жұмсалғанжиынтықшығындардыесептеу.

Жұмыстың бірінші айы

р/с

Шығындар түрлері

Барлық шығындар

(теңге)

Өндірілген тауарлар саны

(дана)

Өнімнің бірлігіне жұмсалған шығындар(теңге)

1

2

3

4=2:3

1

Тікелей материалдықшығындар

235 400

220

1070

2

Еңбеккеақытөлеугежұмсалатын шығындар

43 000

220

195,45

3

Жанама

шығындар

70 000

220

318,18

Барлығы:

348 400

220

1 583,63

Құттықтаймын!Сіздер өзіндік құн калькуляциясын құру кезінде барлық бес қадамды жүріп өтуге шыдамдарың мен ыждағаттарың жетті «Сәнқой» ательесінде бір жейде дайындауға жұмсалған жиынтық шығындардың 1583,63 теңге болғанын анықтадыңыздар.Сіздер кәсіпкердің тайғақ жолындағы маңызды сынақтан өттіңіздер!

Қорытындылай келе, сабақтың барысында айтып өткендей жақсы іскер кәсіпкер болу үшін бүгінгі сабақта айтылған мәселелердің барлығы да маңызды.

Соның ішінде есте сақтайтын ең басты қағиданың негізгісі еңбек және білім. Отандық бизнесті әлемге паш етер кәсіпкер болатындарыңызға сенімдімін!

Бекіту сұрақтары:

1.Бизнеc жоспар дегеніміз не?

2.Материалды жағдайы жақсы болу үшін қандай ұғымдар қатар жүреді?

3.Экономиканың даму жетістіктері қандай?

4.Бизнес сөзінің мағынасы нені білдіреді және табысқа жету жолдары қандай?

5.Өз бизнесіңді құру қандай кезеңдерден тұрады.

6.Маркетинг дегеніміз не?

7.Қаржылық жоспарың негізі көрсеткіштері не?

8.Өзіндік калькуляциясы не үшін құрылады?

Үйге тапсырма: Мектеп компаниясында бизнес жоспар құрып, өнімді шығаруда жұмсалған шығындарды есептеуге

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности