Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Материал для классных руководителей 11 классов "Өмір дөңгелегі"
Казахстан, Южно-Казахстанская область, Сайрамский район, с. Сайрам
ШГ № 1 им. Ю. Сареми
Учитель физики
Мирхалдарова Гулшад Мирахмедовна

Бірлік жаңа шыңдарға шығарады.

Мақсаты: а) 11-сынып оқушыларын тестке дайындау барысында мектеп, мұғалім, ата-ана, оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын табу, бір мақсатқа бағыттау;

б) оқушыларды алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздерін дәл және әділ бағалай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (тренинг)

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сауалнама толтыру, жан-жақты пікірлесу.

Сабақтың көрнекілігі: сауалнамалар, интербелсенді тақта, цитаталар, тест нәтижелерінің графигі.

Күтілетін нәтижелер:

- мектеп, мұғалім, ата-ана, оқушы қарым-қатынасы нығайып, бір мақсатқа жетелейтін жоспар жасалады;

- "тісті дөңгелек" принципі негізінде жұмыс жүргізу үшін жоспар жасалып, ұсыныстар беріледі;

- оқушылар өздеріне анық және әділ баға береді;

- берілген сауалнамалар арқылы кемшіліктер мен мәселелер анықталады;

- мәселелердің шешімі табылып, оқушылар мен ата-аналарға ұсыныстар беріледі.

Тренингтің барысы.

1. Психологиялық дайындық.

- Асаламағалейкум, құрметті қонақтар, бүгінгі семинар қатысушылары!

Білім ордамызға қош келдіңіздер!

Бүгін сіздермен кездесудегі мақсатымыз біреу ғана: перзенттеріміздің ертеңгі күні, жарқын болашағы туралы пікір алмасу, тәжірибелерімізді ортаға салу, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған оқушыларымызды алға қарай жетелеу үшін жоспар жасап, ұсыныстар беру.

Бүгінгі күні мектеп пен ата-ананың мақсаты бір. Ол- жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, жетік дамыған тұлғаны тәрбиелеу, үздіксіз өзгеріп жатқан қоғамда балаларымыздың бәсекеге қабілетті , өмірде өз орнын таба алу мәселесі. Шәкірттерімізді білімді, дарынды, өз пікірін анық және еркін білдіре алатын, жан-жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу - біз, ұстаздардың, негізгі міндетіміз. Әрине, бұл міндет ата-ана, мектеп, мұғалім және оқушы арасындағы қарым-қатынаста бірін-бірі түсінуге, бір мақсатқа ұмтылуға, сондай-ақ бірін-бірі қолдауға байланысты болатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, Елбасымыздың "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасындағы білім саласына тиісті міндеттерді іске асыру барысында мектеп пен ұстаздарға өте үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Елімізде жас ұрпақтың сапалы білім алу жолында дүниежүзілік деңгейге жету үшін көптеген мүмкіндіктер берілуде. Ал бүгінгі күні жас ұрпақтан күтілетін нәтиже талапқа сай ма деген сұрақтың әрбіріміздің көкейімізде тұруы заңдылық. Назарларыңызға ұсынылып отырған мына бір сурет орыстың ғалымы С.Н.Лысенкованың пікірі ма дерсің: " Тісті дөңгелек принципі: басқаны айналдыру үшін ең әуелі өзің айналуың керек!"

Бүгінгі семинарымыздың негізгі принципі:

- барлығымыз үшін кедергі болып жатқан мәселелерді анықтау;

- мәселелерді шешу жолдарын табу;

- сол жолдар арқылы негізгі жұмыс жоспарын жасау.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 15-қарасөзінде:"Егер ақылды адамдар қатарында болғың келсе, күніне не аптасына, ең болмаса айына бір рет өзіңе есеп бер,"- дейді.

Қадірлі оқушылар, құрметті ата-аналар, әріптестер! Өмірде адам үшін ең қиыны - өзін-өзі бағалау. Қазір сіздерге берілетін сауалнамаға нақты және анық жауап беруге тырысыңыздар.

1. Ата-аналарға сауалнама.

2. Пән мұғалімдеріне сауалнама.

3. Оқушыларға сауалнама.

( Әрбір ата-анаға, пән мұғалімдеріне және оқушыларға сауалнамалар таратылады, оларды қалай толтыру керектігі түсіндіріледі.)

ТҮСІНІК. Әрбір сұраққа берілген жауап бағаланып, пішін ішіндегі сандарда көрсетіліп сызылады. Кемшіліктер жауап беру кезінде көрінеді, сол үшін әділ бағалау керек. Жақсы бағалар көп болса, дөңгелек пішіні шығады.

Ата-аналарға сауалнама

1. Перзінтіңіздің жан-жақты жетік тұлға болып қалыптасуы үшін үйіңіздегі жағдайды қалай бағалайсыз?

2. Перзентіңіздің еркін ізденіп оқуы қай дәрежеде?

3. Ата-ана ретінде сіздің балаңызға әсеріңіз қандай?

4. Таңдаған кәсібі бойынша перзентіңіздің қабілеті қай дәрежеде деп ойлайсыз?

5. Мектептегі ұстаздарымен қарым-қатынасы қай дәрежеде?

6. Семинар-тренингтерге қатысуыңыз қай дәрежеде?

7. Перзентіңіздің сабақтарына қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

8. Перзентіңіздің денсаулығы қай дәрежеде?

Пән мұғалімдеріне сауалнама

1. Оқушылардың таңертеңгі және түстен кейінгі тест үйірмелеріне қатысуы қандай?

2. Олардың тест кітаптарымен жұмыс істеуі қай дәрежеде?

3. Тест нәтижелеріне талдау жүргізуін қалай бағалайсыз?

4. Оқушылардың пәндерді (төрт пәнді) меңгеру дәрежесі қандай?

5. Алдына қойған мақсатына таңдаған кәсібінің нақтылық дәрежесі қай деңгейде?

6. Оқушылардың білімі қай дәрежеде?

7. Мектепте тестке дайындалу үшін жасалған жағдайды қалай бағалайсыз?

8. Оқушылардың денсаулығы қай дәрежеде?

9. Үйдегі жағдайды қалай бағалайсыз?

Оқушыларға сауалнама

1. Тесттерге талдау жасауың қай дәрежеде?

2. Орта баллдың өсуі қай дәрежеде?

3. Тестпен жұмыс істеу дағдыңыз қай дәрежеде?

4. Таңдаған тілдегі қарым-қатынасыңызды қалай бағалайсыз?

5. Сіз таңдаған оқу орындары туралы қаншалықты мәліметіңіз бар?

6. Таңдаған кәсібіңізге қызығу дәрежеңіз.

7. Болашақта өзіңіздің кәсібіңіз бойынша өз орныңызды қай деңгейде көре ал асыз?

8. Пәндер бойынша репититорға баруыңыздың дәрежесі.

9. Мектеп пен үйдегі сізді мақтау мен бағалау қай дәрежеде?

10. Сіздің дамуыңыз үшін мектепте ұйымдастырылған байқаулардың маңызы қандай?

11. Тестпен жұмыс жүргізуге кедергі жасайтын, ойыңды бөлетін факторлардың әсері қаншалықты?

Жауаптар белгіленгеннен кейін әр қатысушы өз парағына назар аудару керектігі айтылады.

Әрбіріңіздің сізге айнадай көрініп тұрған "өмір дөңгелегіңізге" (жауаптарыңызға) назар аударыңыздар. Өзіңіздің жетістігіңіз бен кемшілігіңіз, біз ойлағандай немесе сіздер армандағандай жақсы нәтижелерге жету үшін кедергі жасайтын факторлар, міне, осылар. Орыстың жазушысы М.Горькийдің бір шығармасында :" Балаға:"Былай етпе, олай жасама деу аз. Міне, былай жаса!"-деп те айту керек,"- деп жазған екен.

Қадірлі оқушыларым! Бұнымен мен сіздерге айтарым мынау: адамның өзі қаламаса, оған ешқандай да ақыл-кеңес бағыт-бағдар бере алмайды. Сіздерге менің айтар ұсынысым біреу ғана: оқу, үйрену, тынымсыз іздену, білмегеніңізді басқалардан сұрап біліп алу - негізгі міндетім деп біліңіз.

Білім алу мен білімді іс жүзінде қолдану тығыз байланыста болу керек, яғни:

  • Сіз қиын түсінетін тақырып, сұрақ пен есептерге ұстаздар мен достарыңызбен талдау жасап, өмірлік жағдайлар негізінде түсінуге әрекет етіңіз.
  • Сізге кедергі жасайтын факторлар , яғни пайдасыз іс-әрекеттерден (ұялы телефон мен компьютердегі ойындар, агентке кіру, ұзақ әңгімелесу) аулақ болыңыз.
  • Өзіңізге деген күмән мен сенімсіздікті жоғалтып, нақты мақсатқа ұмтылыңыз, біліміңізді арттыру, пысықтау мақсатында оқыңыз, ізденіңіз, үйреніңіз.
  • Әрине, таңдаған кәсібіңіз, оқу орныңыз туралы көбірек мәлімет алу үшін сол оқу орнында білім алып жүрген студенттермен де сұхбат жүргізу керектігін біліңіз.
  • Мектепте және мектептен тыс жерде өзіңіз таңдаған кәсібіңізге тиісті түрлі байқаулар мен жарыстарға да белсенді қатысып жүріңіз.

Қадірлі ата-аналар, құрметті қонақтар, қызығы мен шыжығы мол кәсіп иелері-ұстаздар! Бүгінгі семинар-тренингті қорытындылай келе, перзенттеріміздің өздері таңдаған кәсібін иеленуінде Жаратқанның Өзі оларға жар болып, келешекте ел-жұртқа қызмет ететін өз кәсібінің нағыз шебері, отансүйгіш, өз ұлтының салт-дәстүрін қадірлейтін, өзге ұлттарды құрметтейтін, Отанымыз- Қазақстанның дамуына өз үлесін қоса алатын, сондай-ақ, жоғары мәдениетті жаңа қоғамның тұлғалары болуларына шын ниетпен тілек білдіреміз.

Құрметті ата-аналар! Перзент өсіріп отырған әрбір ата-ананы мынандай сұрақтар мазалайтыны анық:

- Перзентімді жетік тұлға етіп қалай өсіремін?

- Перзентімді қоғамға, ел-жұртқа пайдасы тиетін тұлға етіп тәрбиелеу үшін мен нелерге мән беруім керек?

- Перзентіме қалай сүйеніш бола аламын?

Бүгінгі семинарымызда осы сұрақтарға жауап алған болсаңыз, біздің уақытымыздың бекер кетпегені.

Сіздерге перзент тәрбиесі деген жауапкершілігі мен қиыншылығы қатар жүретін бұл жұмыстарыңызда мектеппен үздіксіз қарым-қатынаста болуларыңызды сұраймын. Перзенттеріміздің жарқын болашағы, өмірде өздеріне лайық орын иеленуі ата-аналарға тікелей байланысты екенін ешқашан ұмытпайық дегім келеді.

Қызығы да шыжығы мол кәсіп иелері - әріптестерім! Біз, ұстаздар, үшін шәкірттеріміздің білім әлемінде құлашын кең жайып, Қазақстанның білімді, абыройлы азаматы болуынан артық бақыт жоқ! Сол армандарымыз орындалып, тәлім-тәрбие беріп отырған шәкірттеріміз сенімімізді ақтап, қоғамда өздеріне лайық орындарын табатын жетік тұлғалар болсын!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности