Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жаңаша оқыту - заман талабы

Талдықорған қаласы

№9 орта мектеп

Директордың оқу-әдістемелік орынбасары

Ақшолақова Ғалия Молдағалиқызы

Жаңаша оқыту - заман талабы

Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы 13 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де өткен «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбындағы дәрісінде: «Ұлттық интеллектің діңгегін, Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру қажет» деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін оқушының мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығын, икемділігі мен қабілеттілігін толықтай есепке алуға жағдай құра алатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын зияткерлік мектептер жүйесінің бағытында жұмыс жасау бүгінгі күннің талабы болып отыр.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының озық тәжірибесін тарату жөнінде Республиканың барлық өңірінен 35 базалық тірек мектептері бекітілді.

Осыған орай, №9 орта мектеп ұжымы 2011-2012 оқу жылынан бастап Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне тірек мектебінің алаңы негізінде, мектептің даму бағдарлмасының ІІІ кезеңі бойынша электронды оқыту жүйесіне көшу жұмыстарын бастаса, өткен оқу жылының мамыр айынан бастап, Назарбаев Зияткерлік мектебінің тірек мектебінің бағдарламасы аясында қызмет атқарып келеді. Зияткерлік мектептің тірек мектебінің 2012-2015 жылдарға арналған «Мектептің даму бағдарламасы» құрылды. Бұл бағдарламаны әзірлеуде:

  • «Зерде» шығармашылық орталығының идеялары;
  • Оқыту тәжірибесін жетілдіретінтәжірибелі мұғалімдер идеясы;
  • «Мұғалім -оқушы», «Оқушы - мұғалім» қарым-қатынасын зерттеуші сынып жетекшілер мен психологтер идеясы;
  • Бір-біріне қолдау көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісетін, басқа да озық тәжірибелерді зерделейтін мұғалімдердің кәсіби қауымдастығының идеялары қолданылып, педагогикалық ұжым білім мен тәрбие берудің стратегиялық бағыттарын айқындады.

Білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру арқылы білім сапасын көтеру” атты өзекті мәселе бойынша жұмыс істейтін мектептің педагогикалық ұжымының алдына қойған мақсаты: “Жаңа технологияны іске асыру мүмкіндігіне қарай, сапалы білім - саналы тәрбие беру”.

Педагог қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы «Мұғалімдерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту жөніндегі тұжырымдамасы негізінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталықтары шетелдік әріптестермен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибе мен педагогикалық практиканы қолдану арқылы 3 айлық деңгейлік курстар, халықаралық озық тәжірибелерді үйрену мен қолдану мақсатында шетелдерде білім жетілдіруге жағдай жасалды.

Бүгінгі таңда білім ошағында дәріс беретін 100 мұғалімінің: І-деңгейлік курстан — 5 мұғалім, ІІ-деңгейлік курстан-6 мұғалім, ІІІ-деңгейлік курстан өткен — 7 мұғалім кәсіби біліктілік деңгейлерін көтерді.

Ал Елбасының биылғы Жолдауында «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.Ұлттық білім беруде барлық буынның сапасын жақсартуды, орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» - деп, атап өткендей білім саласындағы басым бағыттың бірін іске асыру бағытында №9 орта мектеп ұжымы ауқымды жұмыстар атқаруда.

Атап айтқанда, озық халықаралық тәжірибеге сәйкес қазақстандық мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесін дамыту мәселелерін талқылау мақсатында 2011 жылдың 5-6 желтоқсанында «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мектебімізден 5 мұғалім қатысып, ІІІ-деңгейлік курстың «Жоспарлау, жүйелі және критериалды бағалау үдерістерін жетілдіру» мақсатындағы өзіндік жобалары ұсынылып, «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағына енгізілді.

Ал өткен оқу жылының 27-наурызында Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесіп, «Оқыту үрдісінің мәселелерін зерттеу» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинарда мектебімізден ІІ және ІІІ-деңгейлік курста білімін жетілдіріп, сертификат алған 3 мұғалім тәлімгерлік пен коучингті, критериалды бағалауды енгізуді көрсету мақсатында сабақтар берді.

2013 жылдың сәуір айында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтымен бірлесе отырып, «Жаңа формациялы мұғалімінің құзыреттілігі» атты облыстық семинар өткізілді.

2013 жылдың тамыз айында облыстық, қалалық педаог мамандардың тамыз маслихатында «Халықаралық іс-тәжірибені оқу үрдісіне енгізу мен мектептің даму жоспарын жоспарлаудағы әлемдік тәжірибенің ерекшеліктері» атты баяндамалар мен жобалар ұсынылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастыруымен 2013 жылдың 1-14 шілде аралығында Ұлыбританиядағы Кембридж университетінің мамандары профессор Колин Маклафлинн мен доктор Энди Чандлер-Греваттың ұйымдастыруымен өткізілген «Мектеп басқарудағы көшбасшылық» атты Қазақстандық мектеп директорлары мен директорлар орынбасарларына арналған халықаралық озық іс-тәжірибе алмасу курсында мектеп директоры Мамлеева Салима Бекентайқызы мен директордың оқу-ісінің орынбасары Ақшолақова Ғалия Молдағалиқызы білімдерін жетілдіріп, халықаралық сертификатқа ие болды.

Мектептің даму жоспарына сай қараша айының 6 және 20 жұлдызы аралығында «Кәсіби қауымдастық» құру мақсатында қаладағы №10,11, 20, 25 мектептермен және Көксу ауданы Балпық би кентіндегі қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне мектептегі деңгейлік курстан өткен және тәжірибелі мұғалімдерден құрылған «Мұғалімдер қауымдастығының» ұйымдастыруымен «Обучение Lesson study через групповую работу» атты коучинг-сессия өткізіді.

Сондай-ақ Астана қаласында өткен «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі» атты республикалық форум жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Қасымова Алия Сырымқызы мен Нұрасылова Сақатай Ыбрайханқызы қатысып, іс-тәжірибе алмасып келді.

Ал қараша айының 8-9 жұлдызында Қарағанды қаласында өткен «Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі» атты республикалық семинарға мектебімізден химия пәнінің мұғалімі Мұратқызы Арай, биология пәнінің мұғалімі Теміржанова Ләззат пен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Маукенқызы Назерке қатысып келді.

2013-2014 оқу жылының басынан бастап бүгінгі күнге дейін мектепте «Кітап-білім шырағы» атты 10 минуттық жаппай оқу мен барлық сыныптарға арналған жалпы сыныптық «Тәрбие тағлымы» атты тәрбиелік видеолар көрсету енгізілді.

Ал экспериментке енгізілген сынытарда барлық пән мұғалімдері оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға, өзіндік бағалауға, топтық жұмысты қолдану арқылы көшбасшылықты дамыту мақсатында жұмыс жасап келеді.

2012-2013 оқу жылынан бастап, Назарбаев зияткерлік мектебіне тірек мектебінің жұмысын жүргізу мақсатында «Мектептің дамуын жоспарлаудың инновациялық моделін құруда халықаралық озық тәжірибені қолдану негізінде мектептің дамуының стратегиялық жоспарын құру» атты жобасы құрылып, іске асырылуда.

«Мектептегі оқу үрдісіне «Н.Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының іс-тәжірибесін енгізе отырып, жаңа көзқарас тұрғысында ұйымдастыру» атты қаңтардың 28 –ші жұлдызында қала мектептерінің директордың әдістемелік орынбасарлары мен деңгейлік курстан өткен мұғалімдерге арналып қалалық іс-тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

«Мектептегі оқу үрдісіне «Н.Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының іс-тәжірибесін енгізе отырып, жаңа көзқарас тұрғысында ұйымдастыру» атты қалалық іс-тәжірибе алмасу семинарының

бағдарламасы

Мақсаты: Мектептің дамуын жоспарлаудағы статегиялық бағыттардың маңыздылығы нәтижесінде «Н.Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына тірек мектебінің жұмысын жаңа көзқарас тұрғысында ұйымдастыру.

Міндеттері:

- Н.Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін зерделеу,

іс-тәжірибеге енгізу;

- мұғалім құзыреттілігін дамытуда жаңа форматтағы білім көтеру

курстары арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Р/с

Бөлімі

Іс-шара түрі

Уақыты

Өтетін орны

Жауапты

1

Теориялық бөлім

Семинарға қатысушыларды тіркеу

800- 855

Мектеп фойесі

Жумасилова Б.

Мухаметчина Г.

2

Семинардың ашылуы. Кіріспе сөз. Мектеп директоры Байшалова Өрікті Баймұханбетқызы

Қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі Елубаева Гаухар Сламғалиқызы

900- 910

Мәжіліс залы

Ө.Байшалова

3

Рефлексия

910- 920

Мәжіліс залы

Ұ.Темірғалиева

4

Мектептегі оқу үрдісіне «Н.Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының іс-тәжірибесін енгізе отырып, жаңа көзқарас тұрғысында ұйымдастыру және мектептің даму жоспарын жоспарлау үлгісі (баяндама)

920-945

Мәжіліс залы

Ғ.Ақшолақова

5

Жаңа форматтағы білім көтеру курстарының мұғалім құзыреттілігін дамытудағы маңызы

-желілік қауымдастық

945-1000

Мәжіліс залы

А.Рахимова

Б.Солтанханова

6

Бағалау жүйесіндегі жаңа серпін-критериалды бағалау

(презентациялық жоба)

1000-1015

Мәжіліс залы

Ғ.Ақшолақова

Г.Мамытаева

7

Коучинг-сессия

Тема: Оценивание для обучения и оценивание обучения

(презентация)

1015-1020

Мәжіліс залы

З.Анаятова

8

Коучинг-сессия

Тренинг-разминка «Стирка»

Рефлексия «А вы еще незнаете что я....»

1020-1030

Мәжіліс залы

Ұ.Темірғалиева

А.Садыбаева

9

Обучение работы в группе.

(групповая работа)

-практическое задание №1

-практическое задание №2

-итоговая рефлексия

1030-1120

Мәжіліс залы

К.Абдрахманова

Ж.Омарова

З.Анаятова

А.Садыбаева

А.Атиев

10

Кофе-брейк

1120-1200

№6 кабинет

К.Тұрғанбаева

Б.Сейтжанова

11

Практикалық бөлім

тикалық бөлім

«Иннвациялық білім беру ортасында болашақ педагогтердің интеллектуалдық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін жетілдіру» атты практикалық бөлім

«Ментор мен менти» понарамалық сабақтар топтамасы

12

1- сабақ . 1 д класс.

Сабақтың тақырыбы: «Звук и буква Фф»

1200-1225

№8 кабинет

Е.Абдулхаликова

ментор

13

1- сабақ. 10б класс

Сабақтың тақырыбы:

«Индивидуальное вазвития организмов-онтогенез»

Пәні - биология

1200-1225

№5 кабинет

Г.Дарменова

ментор

14

1- сабақ. 10 ә сынып

Сабақтың тақырыбы: «Туынды»

Пәні-математика

1200-1225

№16 кабинет

Қ.Жүнісова

ментор

15

2- сабақ . 6 г класс.

Сабақтың тақырыбы: «Озера» экспедиция сабағы

Пәні -география

1230-1255

№5 кабинет

С.Крутовская

менти

16

2- сабақ. 8 ә сынып

Сабақтың тақырыбы: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»

Пәні-физика

1230-1255

№20 кабинет

М.Нұрлыбаева

менти

17

2- сабақ. 7 а сынып

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек»

Пәні-әдебиет

1230-1255

№16 кабинет

Ж.Ақлепесова

менти

18

Семинарды қорытындылау

1255-1315

Мәжіліс залы

Ғ.Ақшолақова

Қалалық семинарда өткізілген коучинг-сессияның өткізілу бағдарламасы

Неделя

День 28.01.2014

Сессия 1

Тема коучинг - сессии:

Оценивание для обучения и оценивание обучения

Ссылка:

Руководство для учителя, второй (средний) уровень, стр.250-255

Цель:

Определить понятия «оценивание для обучения и оценивание обучения и уметь применять их параметры на практике.

Задачи:

Уточнить различия между формативным и суммативным оцениванием

Выявить проблемы существующей системы «оценивания» в школе

Разработать четкий алгоритм критериев «оценивания для обучения»

Результат обучения:

Уметь сравнивать параметры суммативного и формативного «оценивания»

Делать выводы, касающиеся традиционного «оценивания» в школе

Выработать практические навыки формативного оценивания на уроках

Тренинг-разминка

Тренинг — разминка «Стирка». 5- минут

Знакомство «Найди свою половинку», представление. 5-минут

Разминка «А вы еще незнаете что я.....» 5-минут

Работа в группе

Обучение работы в группе 10-минут

Ключевая

концепция:

Презентация слайдов в Power Point по теме «Оценивание» L2W2D4 -5 минут.

1 практическое задание:

Нарисовать картину слоника-15 минут. Учителям раздается раздаточный материал - фломастеры, ватман, карандаши и предлагается изобразить слоника. После окончания работы участники выполняют следующую работу:

1.Самооценка - оценить свою работу самостоятельно.

2.Взаимооценивание-оценить работу соседа. Передаем работы следующему товарищу и ставим оценку своему соседу.

3.Оценивание по данным критериям.

Заполнен-ность листа

Полный лист(3балла)

Заполнен на ½ листа (2 балла)

Заполнен на 1/3 листа (1 балл)

Цветовая гамма

Использовано более 4 цветов (3 балла)

Использовано 2-3 цвета (2 балла)

Использован 1 цвет (1 балл)

Количество частей тела

Нарисовано более 5 частей тела(3 балла)

Нарисовано 3-4 части тела (2 балла)

Нарисовано 1-2 части тела (1 балл)

Сравните результаты самооценивания, взаимооценивания и критериального оценивания. Заполните неполные предложения:

1.Я думаю, наиболее эффективный способ оценивания, это……, потому что……..

2.Я могу предложить дополнительные критерии оценивания, такие как…

3.Я смогу (не смогу) применить оценивание по критериям на своих уроках, для того чтобы

Практическая занятие №2

Составить критерий оценивание по мультфильму «Три поросенка», защита постера, оценивания. 15- минут

Итоговая рефлексия:

Задание «Где я?» - форма самооценивания- 2 минут. На доске на постере изображен цветок, на лепестках которого написаны следующие слова: ожидание, наслаждение, просветление, неопределенность, недоумение, радость.

Задание: прикрепите стикер к тому лепестку, который соответствует вашему сегодняшнему состоянию по итогам прошедшего занятия. 5- минут

Ресурсы:

Руководство для учителя, стр.250-256., раздаточные материалы L2W2D4-5

Дополнитель-

ное чтение:

Руководство для учителя, стр.250-255.

Сондай-ақ 2013-2014 оқу жылында оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізу мақсатында экспериментке алынған 6а,6б, 8а,8ә сыныптарында оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға баулу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған сыныптарда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері қолданылып, оқушылардың өзіндік білім алуы, өздерін бағалай білуіне жағдай жасалуда.

Оқу жылының басынан бастап «Кітап-білім бұлағы» атты 10 минуттық жаппай оқу мен жалпы сыныптық тәлім-тәрбие минуттары мен ашық сабақтар өткізілуде

Ал мектептегі І,ІІ деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің көмегімен қала мектептерімен кәсіби қауымдастық негізінде жұмыс атқаруда.



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности