link13860 link13861 link13862 link13863 link13864 link13865 link13866 link13867 link13868 link13869 link13870 link13871 link13872 link13873 link13874 link13875 link13876 link13877 link13878 link13879 link13880 link13881 link13882 link13883 link13884 link13885 link13886 link13887 link13888 link13889 link13890 link13891 link13892 link13893 link13894 link13895 link13896 link13897 link13898 link13899 link13900 link13901 link13902 link13903 link13904 link13905 link13906 link13907 link13908 link13909 link13910 link13911 link13912 link13913 link13914 link13915 link13916 link13917 link13918 link13919 link13920 link13921 link13922 link13923 link13924 link13925 link13926 link13927 link13928 link13929 link13930 link13931 link13932 link13933 link13934 link13935 link13936 link13937 link13938 link13939 link13940 link13941 link13942 link13943 link13944 link13945 link13946 link13947 link13948 link13949 link13950 link13951 link13952 link13953 link13954 link13955 link13956 link13957 link13958 link13959 link13960 link13961 link13962 link13963 link13964 link13965 link13966 link13967 link13968 link13969 link13970 link13971 link13972 link13973 link13974 link13975 link13976 link13977 link13978 link13979 link13980 link13981 link13982 link13983 link13984 link13985
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Арулар — асыл жандар. (тәрбие сағаты)

Казахстан, Акмолинская область, г. Кокшетау

ОС школа-интернат №3 для одаренных детей

Воспитатель

Жахина Алия Амантаевна

Арулар — асыл жандар.

(тәрбие сағаты)

Мақсаты: қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт — дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, қамқор болуға, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: ана, бала, отбасы туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, түрлі түсті шарлар.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті, сымбатты, қыздарымыз! Бүгінгі «Арулар — асыл жандар» атты ой — толғау кешіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе — елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?! — демекші, қазақ халқы қыз баланы ертеден сыйлап, қызды гүлге теңеп, «Қыз өссе — елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. Ал, оларға дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы тіршілікке жол сілтеу — бірінші ата — ана міндеттері дейтін болсақ, екінші кезек — қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп, қарлығаштай ұшыратын мектеп ұясының ықпалы. Қыз баланың алғашқы қалыптасуы, оның көпшілік ортасында өзін — өзі ұстай білуінен, достарымен тіл табысып, сондай — ақ мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет көптің ортасынан түсуінен байқалып жатады. Мектеп — білім берумен қатар тағылымды тәлім — тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болуды, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізуді, киімнің сәндісін, алтынды бұйымдардың жақсысын қыздарына тарту етуді дәстүрге айналдырды.

1 — бөлім: Сұрақ — жауап.

Жүргізуші: Жас ару — жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйді арманысың.

Дәл қазір алдымызда сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, - дей келе сұрақ - жауап бөліміне шақырамын. Мен қойған сұрақтарға жауап беріп көріңіздер.

1. Халық арасына бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген. Соларды атап өтсеңіз? «Әдемі қыз, көрікті қыз, әсем қыз, ажарлы қыз, шырайлы қыз, ару қыз)

2.Қазақ халқында халықтың құрметіне бөлінген, ақылына көркі сай ару қыздарды атаңыз? «Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Күләш Бәйсейтова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова)

3. Қыз балаларға арналған атауларды атаңыз? (қыз, бойжеткен, келіншек, әйел, жар, ана, апа, әже, қарындас, сіңлі)

4. Қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын атаңыз? (шолпы, шашбау, сырға, білезік, жүзік, шашқап, шоқ, шаштеңге, үкі, күміс түйме, балдақты сақина, қобдиша, талмоншақ, қолазы, маңдайша, т.б.)

5. Қыздың бойына тән қылықтарын атап көрсетіңіз? (нәзіктік, сұлулық, сыпайылық, әдемілік, рухани байлық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, инабаттылық)

6. Анасы қыз баланы жастайынан қандай міндеттерге үйретеді? (үйді таза ұстауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, т.б)

7. Қазақ қызының ұлттық киімін атаңыз? (көйлек, сәукеле, тақия, желетке, ішік, белдік, етік, кеудеше, т.б.)

2 — бөлім: Мақал — мәтел.

Жүргізуші: Сәулетті ана болғанда даналық ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар. Болашақтың тамыры, қоғамның негізі, тарихтың көзі — жайнаған осы жауқазындар. Қыз — өмірдің қызғалдағы, қыздар — болашақ ана, бақыт — байлық ошағы, адамзаттың ойы өркендеп, тәлім — тәрбие алатын қасиеттің ұясы. Ал әйел — сол қасиетті ұяның алтын тірегі, отбасының ұйтқысы. Халық аузында қыздар туралы мақал — мәтелдер аз емес. Сол мақал — мәтелдерді атаңыздар.

1. Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер.

2. Қыздың қырық жаны бар.

3. Жақсы қыз — жағадағы құндыз.

4. Қыздың қабағында құт бар.

5. Қыздың қабағы күлімдесе — құт келеді.

6. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.

7. Қыздың көзі қызылда.

8. Қыздың жолы жіңішке.

9. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

3 — бөлім: Өнер көрсету.

Жүргізуші: Қыз баланың тәрбиесі қашанда аса мәнді. Қыз бүгін әке — шешесінің қонағы болса, ертең бір шаңырақтың ошағының сәні. Болашақ ұрпақтың өз қатарынан озары да қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты. Қазақ қызына тән міндеттрден кім қандайын меңгеретін жөнінде және қандай міндетті атқара алатындарыңызды айтыңыздар. Ол міндеттер: айран ұйту, алаша тоқу, ас пісіру, іс тігу, нан басу, сиыр сауу, ұршық үйіру, кепе кесу, т.б. (Әр қыздың жауабы мен іс нәтижесі көрсетіледі.)

Келесі тыңдайтындарыңыз оқушылардың орындауында сымбатты әрі сұлу қыздарымызға арналған ақын өлеңдерінен үзінді. Қабыл алыңыздар!

«Қыздарға» М. Шаханов.

Тән сұлулығы деген бар, жан сұлулығы деген бар,

Тән сұлулығы — сыртқы көз арбар көрініс.

Жан сұлулығы — бұл әйелдің ішкі дүниесі,

Сезім шынайлылығы, мінез байлығы,

Пейілі кеңдігі, ар алдында адалдығы.

Тән сұлулығы — теңіз бетіндегі көпіршігі мол толқын.

Жан сұлулығы — бұл тереңдегі ағын.

Осы екі қасиет бір адамның басында ұштаса,

Ғұмыр бойы айналайын нұрға бөлеп өтер еді.

Бет пішіні келіскен, сөзі сыпайы,

Өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз — Ару.

Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін,

Болмашыға пісіп, күлмейтін, келбетті қыз — Сұлу.

Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын

Өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз — Көрікті.

Баппен біліп тұратын қыз — Әдемі.

Дене бітісі жинақы, сөзі салмақты қыз — Ажарлы.

4 — бөлім: Салт — дәстүр.

Жүргізуші: Әрбір қыз бала бой жетіп, әке — шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп келіншек аттанады. Қыздарын тұрмыс құруға әзірлеуге қай халық болсын зор мән берген. Мұны қызының барған жердегі өмірі жақсы болуының, бақытты болуының кепілі деп білген. Халқымыз әйел — ана, қыз дүниеге тіршілік әкелуші, барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп ардақтап аялаған.

Әдет — ғұрып, салт — дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, үйлесімді, ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан қашпайық. (Сұрақтарға жауап)

Олай болса, қазір сіздерге көнеден қалған салт — дәстүр, әдет — ғұрып, рәсім, көне сөздерді таратамын, ал сіздер сол сөздердің мағыналарын ашып көріңіздер.

1. Бастаңғы (салт) — жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса дейді. Оның мәні — жастардың сол үйде ойын — сауық жасап бас қосуы.

2. Ұрын бару — күйеудің қалыңдығына ұрын бару «жол ашары» - орамал — шаршы, тиын — тебен, сақина — жүзікпен өтеле береді. «Жол ашарға» жіберген жібек орамал қыз жеңгесін күйеуді арнайы шақыруға міндеттейді.

3. Жеңгетай — қазақ ұғымында жеғге атаулы қыз бен жігіт сырының қолсандығы. Жігіт жеңгесі де, қыз жеңгесі де бірінің өтініші мен бірінің тілегін жағызбалатып жеткізуші.

4. Бауырына салу (ғұрып) — баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы, яғни бауырына салуы ежелден бар қағида.

5. Кәде — қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды деген сөз бар. Салт бойынша құда түскеннен кейін, күйеу тарапынан ырым — жырым, жол — жораның орындалуы талап етіледі. Сол жораның ең мықтысы — киіт.

6. Көрімдік — жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға, т.б. үйге келушілердің әлгілерді алғаш көрген сәтінде көрімдік сұрау дәстүрі.

5 — бөлім. Пікірталас

Жүргізуші: «Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» осы тақырыпта өздеріңіздің ой — пікірлеріңізді айтып, осы сөзбен нені ұғынамыз, бұл сөзді естігенде, сіз не жайында ойланасыз? Мысалы, (пирсинг, кіндік жалаңаштау, темекі шегу, т.б.) сүйкімсіз қылықты қыздар жайлы, оларды қалай тоқтатса деп ойлайсыздар? (қыздар қауымы өз пікірлерін ортаға салады.)

Жүргізуші. «Қыз қылығымен» дейді ата қазақ. Қыздарымыздың ақылды, үлгілі, мейірімді, инабатты болуы алдымен ата — анасынан, екіншіден, білім ордасынан басталады. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп, ұлы Абай айтқандай, қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болсын! Сондықтан да қыздарды аялай білейік!

Қыз, бозбала, бойжеткен, келін, ана,

Бәрі де кезінде дара тұлға.

Ұрпағымыздың ойласаң болашағын

Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!, - дей отыра бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности