Казахстан, Талдыкорган
школа: № 23
учитель математики
Берикханов Биржан Берикханович
Математикадан қолданбалы курс:
Түсінік хат
Қоғамдық жүйедегі өзгерісттер талабына сай, мектепте білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеру бүгінгі күнде қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.
Қазіргі таңда мектеп бітірушілерді тестілеуден өткізу заман талабына сай жүргізіліп отырғаны белгілі. Осы орайда математика пәні міндетті пәндердің бірі болғандықтан оқушылардың даярлығы да стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ оқушылардың қабілеттері мен математикалық білімдері әр түрлі деңгейде болатыны белгілі. Сондықтан математикадан берілетін тест тапсырмаларының мазмұны білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгеруді, интелектіні дамытуды, математикалық іс — әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыруды тексеруге арналған.
Жоғары оқу орындарына қабылдау тапсырмалары қоғамдық — гуманитарлық және жаратылыстану — математика бағыттарына арнайы құрастырылмаған. Гуманитарлық бағыттағы бағдарламадан шет қалса да, мектеп курсында кездеспейтін тақырыптар да бар. Осы тақырыптарды толық деңгейде меңгерту қосымша дайындықты талап етеді. Ұсынылып отырған әдістемелік жинақ осы олқылықтарды жою мақсатында құрастырылған. Қоғамдық — гуманитарлық бағыттағы бағдарламада қарастырылмаған және сағат аз бөлінген тақырыптарға да тапсырмалар жинақталған.
Бұл жинаққа 2000-2013 ж математикадан тест жинақтарынан тапсырмалар тақырыптар бойынша топтастырылды.
Кейбір тапсырмалардың шешу жолдары көрсетілген. Тригонометриялық өрнектерді ықшамдау тақырыбына 60 есептің шығару жолдары немесе есепті шешуге нұсқаулар берілді.
Әрбір тапсырманың жауаптары соңында жақша ішінде немесе қою шрифтімен көрсетілген. Бұл оқушының көріп есте сақтау қабілетін дамытуға бағыттайды.
Курстың мақсаты: Математика пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге тиімді жолдармен дайындық жүргізу.
Курстың міндеттері:
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар курсты оқу нәтижесінде мынаны білулері тиіс: