link14616 link14617 link14618 link14619 link14620 link14621 link14622 link14623 link14624 link14625 link14626 link14627 link14628 link14629 link14630 link14631 link14632 link14633 link14634 link14635 link14636 link14637 link14638 link14639 link14640 link14641 link14642 link14643 link14644 link14645 link14646 link14647 link14648 link14649 link14650 link14651 link14652 link14653 link14654 link14655 link14656 link14657 link14658 link14659 link14660 link14661 link14662 link14663 link14664 link14665 link14666 link14667 link14668 link14669 link14670 link14671 link14672 link14673 link14674 link14675 link14676 link14677 link14678 link14679 link14680 link14681 link14682 link14683 link14684 link14685 link14686 link14687 link14688 link14689 link14690 link14691 link14692 link14693 link14694 link14695 link14696 link14697 link14698 link14699 link14700 link14701 link14702 link14703 link14704 link14705 link14706 link14707 link14708 link14709 link14710 link14711 link14712 link14713 link14714 link14715 link14716 link14717 link14718 link14719 link14720 link14721 link14722 link14723 link14724 link14725 link14726 link14727 link14728 link14729 link14730 link14731 link14732 link14733 link14734 link14735 link14736 link14737 link14738 link14739 link14740 link14741
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Біріккен сөз

Казахстан, Кызылординская область, Аральский район

Средняя школа №61

Учитель начальных классов

Оспанова Гульмира Олжабайкызы

Біріккен сөз

Мақсаты: Біріккен сөзден жасалған жер-су және адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстың ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  1. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
  2. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту және таза, әдемі, сауатты жазуға дағдыландыру.
  3. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Типі: саяхат сабақ.

Түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, слайдтар, карточкалар.

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

-Балалар, біз бүгінгі сабағымызды саяхат сабағы ретінде өткіземіз.

(1 –слайд, Қазақстан картасы)

- Иә, біздің Отанымыз — Қазақстан Республикасының картасы.

- Ендеше біз қазір осы картаның көмегімен Қазақстан қалаларына саяхатқа шығамыз.

- Ең бірінші саяхатқа шықпас бұрын білімдерімізді бір тексеріп алайық.

(Әр топқа тест тапсырмалары беріледі)

(3минут уақыттан соң жауаптары тақтаға ілініп, тексеріледі. Дұрыс орындаған топқа текше үлестіріледі.)

-Жақсы, біз білімімізді тексердік. Енді Солтүстік Қазақстан өңіріндегі Көкшетауға сапар шегеміз.

ІІ. Жаңа тақырып.

- Міне, Көкшетаудың Бурабай атты әсем де, сұлу демалыс орнына келдік (Бурабай көрінісі, слайд 2). Бұл жердің табиғатының сұлулығын ақын С.Сейфуллин жырға қосып, Оқжетпес шыңдарының биіктігін де айтып кеткен екен. Осы демалыс орнында біз де жатып, дем алып, білімімізді шыңдайық. Ол үшін мына сөйлемдердің ішінен біріккен сөзден құралған деген жер-су және адам аттарын табыңдар.

(Әр топ берілген сөйлемдерден жер-су және адаматтарын табады. 8 сөйлемдегі біріккен сөздерді әр топ 2 сөйлемнен оқып, тауып айтады. Дұрыс жауапқа текше беріледі.

1.Жолаушылар Қараойға ел орынға отыра жетті.2.Пойыз Сарыөзек станциясына тоқтады.3.Ешкіөлмес тауының етегіндебәйге жарысы болып жатыр.4.Жұмәділ күйді нақышына келтіре орындады.5.Айдос Жылқайдарұлы «Әудемжер»әнін орындады.6.Әбдахмет Шиліөзек ауылынан Алматыға келді.7.Балалар әсем демалыс орны Алмаарасанға келді.8.Ауылда алғаш болған Серәліге бұл жердің жұлдыздары жерге жақын,әрі өте әдемі болып көрінді.)

-Жақсы, балалар. Енді тақтадағы сызбаға назар аударайық. Мұнда жаңа өздерің тапқан біріккен сөзден жасалған жер-су және адам аттары жазылған.

Қараой Сарыөзек Ешкіөлмес

/ \ / \ / \

Қара ой сары өзек ешкі өлмес

Жұмәділ Жылқайдар Әбдахмет

/ \ / \ / \

Жұма әділ жылқы айдар Әбді Ахмет

Шиліөзек Алмаарасан Серәлі

/ \ / \ / \

Шилі өзек Алма арасан сері әлі

Осы кестедегі қою қарамен жазылған әріптерге назар аударайық. Екі дауысты дыбыс қатар келген. Енді жер-су аттарында қатар келген екі дауысты дыбыс пен адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстарды салыстырып көрейік те, қорытып ереже шығаруға тырысайық.:
Ереже: Біріккен сөзден жасалған жер-су аттарында қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады, ал адам аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады.

Қазір дәптерлерімізді ашып, сөйлемдерді жазып, сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне талдайық (4 сөйлем жазып, талдау).

- Өте жақсы. Енді осы Көкшетаудан Батыс Қазақстандағы Ақтау қаласын көруге барайық.(Ақтау қаласының көрінісі, слайд 3)

- Ақтауға келдік. Бұл өңір мұнайымен аты шыққан қала. Енді осы мұнай туралы оқып білейікші. (Мұнай туралы мәтін беріледі) Осы мәтінді оқи отырып, мына сұрақтарға жауап іздейік. (Кесте беріледі).

Мұнайдың пайдасы, зияны қандай?

Пайдасы

Зияны

Біріккен сөздер

Және үшінші графаға осы мәтінде кездескен біріккен сөздерді теріп жаз. (7 минут уақыт беріледі. Болған соң талдап, текшелер үлестіру)

- Міне, мұнайдың пайдасы да, зияны да бар екен.

Келесі саяхатымыз Аматы қаласында болмақ.(Алматы қаласының көрінісі, слайд 4) Ол үшін де ұшаққа мініп келдік. Мұнда біз зообаққа бардық.(Құстар,аңдар. Слайд 5) Зообақтан көптеген жануарлар, құстар, аңдар көрдік. Осы көрген жануарлар, құстар, аңдар атауларында да біріккен сөздер кездеседі екен.

Тапсырма. Біріккен сөзден құралған жануарлар, құстар, аңдар аттарын ата. (Әр топ кезекпен атайды. Сөз қайталанбау керек. Бір сөзге бір текше.)

ІІІ. Қорытынды.

Балалар, біз саяхаттан енді өз қаламызға оралайық.

- Енді еске түсіріп көрейікші, бүгін қандай тақырыпқа байланысты жұмыстар жасадық? «Біріккен сөздер» дегенді естігенде қандай ережелер еске түседі?

Екі түбірден құралады. Біріккен сөз бірге жазылады.

Біріккен сөз

Жер-су аттары біріккен сөзден жасалып, алдыңғы сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, және екінші сөздің алғашқы сөзі дауысты дауысты дыбыстан басталса, қатар келген екі дауысты дыбыс та сақталып жазылады.

Адам аттарында біріккен сөздің

алғашқы сөзінің соңғы дыбысы

дауысты дыбысқа және екінші

сөздің алғашқы дыбысы дауысты

дыбыс болса, алғашқы сөздің соңғы

дауысты дыбысы түсірііп

жазылады.

Жақсы. Енді бүгін саяхат жасаған қалалардың аттарына назар аударайықшы.

- Иә, бұлар да біріккен сөздерден тұрады екен.

- Енді әр топ өз алдарындағы текшелерін санасын, (орындар тағайындау). Ал бүгін сабаққа жақсы қатысқан......

IV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности