Информатика сабағы - Логикалық саяхат
Ақшолақова Ғалия Молдағалиқызы
Информатика пәнінің мұғалімі
Талдықорған қаласы, N9 орта мектеп
Қымбатты балалар!
Жайық өзенінің алыстағы “Логика” жағалауында экологиялық апат болған екен. Бұрын бұл жер өсімдік пен гүлдерге толы, құстары сайраған, елік-маралы көсілген жер болған. Сол апаттың кесірінен ол жерде қазір өсімдіктер құрып, хайуанаттары жоғала бастаған. Ал олардың құруы адамдар өміріне де қатерлі. Біз бүгін бұл жағалауды, ондағы адамдарды апат зардабынан құтқару үшін көрсетілген маршрут бойынша сапар шегеміз. Құтқару оңай емес. Ол үшін біраз жолды кемемен жүріп, әртүрлі сындардан өтіп, қиындықтарды жеңуіміз керек.
Біз бір-бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!