Медеуова Улболсын Доскайровна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Ата-аналар жиналысы
  • учительница начальных классов
  • №51 гимназия
  • Казахстан г. Актобе

Ата-аналар жиналысының жоспары:
І.Қызығушылықты ояту
1. Ойсергек «Танысу» 3 минут
Әр қатысушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын (немесе өзіне тән) сын есімдер келтірулері керек. Мысалы: ұқыпты Ұлболсын, ақылды Айжан т.б.
2. Топқа бөліну «Қағаз қиындылары» 4минут
Екі суреттің әрқайсысын топ құрамындағы қатысушылар саны бойынша қиып, (төртке, беске) оларды араластырып, таратып беру керек. Қатысушылар қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды.
3. «Құмырсқалар» бейнеролик 1 минут
- (Топқа бірігу не үшін қажет?)
Топтық ережемен таныстыру
- Тыңдай білейік! Сөзді бөлмеу!
- Бірлескен жұмыста көрермендер жоқ, бәрі- қатысушылар!
- Позитивті болу
- Жанжалға жол жоқ!
- Қателесуге құқығыңыз бар!
- Бір мәмілеге келуге ат салысайық!
ІІ. Мағынаны тану
1. Дарындылық. Жамбыл Дүйсенов –жас ақын. Бейне жазба
2. Талант . « Жеті керемет»
3. Инклюзивті оқыту.Мүгедектер биі.
4. Постер қорғау . Бейнежазбалардан не ұқтың?
5. Ситуациялық жағдаяттар
А) Балаңыз сурет салғанды жақсы көреді. Өзге сабақтарға еш қызығушылығы жоқ десе де болады. Бос уақытын сурет салумен ғана өткізеді. Бөлмесінде салған суреттері толып жатыр. Сіздің әрекетіңіз қандай?

Ә) Қызыңыздың әншілік өнері бар. Талай конкурстардан жүлделі де оралып жүр. Ол биыл ҰБТ тапсыруы керек, ол үшін күнделікті дайындық қажет . Пәндік дайындықтарға қатысуға оның уақыты да шектеулі, яғни дайындық аз.
Әндерімен халықаралық конкурстарға бармақшы. Сіздің әрекетіңіз қандай?
Сергіту сәті
6. Мұғалімнің қорытынды сөзі . Слайд.
-Дарын. Талант. Инклюзивті оқыту.
ІІІ. Ой толғаныс
1. «Әр бала-бір жұлдыз,
Жарқырауына жәрдем ет»
2. «Екі жұлдыз, бір тілек»
3. Мұғалімнің кері байланысы. Шарларға жазылған тілектер.
- Өмірде сәттілік тілеймін!
- Деніңіздің саулығын тілеймін!
- Отбасыңызда қуаныш болсын!
- Балаларыңыз бақытты болсын!
- Бүгін сіз ерекшесіз!
- Сізге Алланың нұры жаусын!
- Әдемі болып кетіпсіз!
- Арманыңыз орындалсын!
- Киіміңіз сондай жарасымды!
- Отбасыңызда той болсын!
- Сіз нағыз азаматсыз!
Бағалау. Смайликтер.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности