Жакупбекова Инкар Муратовна
Должность:учитель информатики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан, Павлодарская область, Лебяжинский район, с.Кызылкогам
Регион:не указан
«Тапқыр информатик» сайысы

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

Өткізгенинформатика пәнінің мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна

Қызылқоғам ауылы

«Тапқыр информатик» сайысы

Мақсаты:
Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, сөз мәдениетін жетілдіру, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Жарыс кезеңдері:

І. «Бәйге» (Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады, Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі).

ІІ. «Тіл - өнер» (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).

ІІІ. «Көкпар» (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
ІV. «Адасқан әріптер» (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).

V. Марапаттау.

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Тапқыр информатик» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

«Тапқыр информатик» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған 5-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.

Алдағы біз баратын бағыт анық,
Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт.
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысайық.

І. «Бәйге» (Сайыскерлерге 16 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
1.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)

2.Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал? (Сканер)
3.Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)
4.Терезенің орысша атауы? (Окно)

5.Сурет салуға арналған графикалық редактор? (Paint)

6.Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)

7.Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі? (Бит)

8.Бір байтта неше бит бар? (8)

9.Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (Вирус)

10.ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60-70)

11. «Paint» қандай редактор? (графиктік)

12. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)

13.Дүние жүзілік желі? «Интернет)

14.Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)

15.Вирусты жоятын программа? (Антивирус)

16.Дыбыс жазу құрылғысы? (Микрофон)

ІІ. «Тіл - өнері» (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).

1.Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор — монитор — monitor).

2. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі — пробел — blank).

3. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (тікенекгүл — кактус — cactus).

4. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта — клавиатура — keyboard).

5. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан — мышка — mouse).

Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екені?!

Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен.
ІІ кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.

Қойылған сұрақ есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей,

Қатесін анықтап берейік.

ІІІ. «Көкпар» (Логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай)

1.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (4)

2.Үстел үстінде үш тәрелке шие тұр. Марат бір тәрелке шиені жеп қояды. Неше тәрелке қалды? (3)

3.Бес сіріңкенің таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек.

4.Допты лақтырғанда, дос сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (Жоғары)

5.Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасын? (Сіріңке)

6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8)

ІІІ кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады.

ІV. «Адасқан әріптер» (Дұрыс жауапқа 5 ұпай)

Нимотор — Монитор
Пьюромтек — Компьютер
Енрепатқат — Пернетақта
Лайф — Файл
Рльоукятакл — Калькулятор

Атқсуа — Сақтау

Аэкторикелн — Электроника

Дңеөу — Өңдеу

Млтогира — Алгоритм

Осымен «Тапқыр информатик» атты сайысымыз өз мәресіне жеті. Сайысымыздың қорытындысы бойынша Иманкулова Самал жеңіске жетті.

Сайысымызға атсалысып қатысқан оқушылар мен зейін қойып тыңдаған көрермендерге алғысымызды білдіреміз! Сау болыңыздар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности