link6174 link6175 link6176 link6177 link6178 link6179 link6180 link6181 link6182 link6183 link6184 link6185 link6186 link6187 link6188 link6189 link6190 link6191 link6192 link6193 link6194 link6195 link6196 link6197 link6198 link6199 link6200 link6201 link6202 link6203 link6204 link6205 link6206 link6207 link6208 link6209 link6210 link6211 link6212 link6213 link6214 link6215 link6216 link6217 link6218 link6219 link6220 link6221 link6222 link6223 link6224 link6225 link6226 link6227 link6228 link6229 link6230 link6231 link6232 link6233 link6234 link6235 link6236 link6237 link6238 link6239 link6240 link6241 link6242 link6243 link6244 link6245 link6246 link6247 link6248 link6249 link6250 link6251 link6252 link6253 link6254 link6255 link6256 link6257 link6258 link6259 link6260 link6261 link6262 link6263 link6264 link6265 link6266 link6267 link6268 link6269 link6270 link6271 link6272 link6273 link6274 link6275 link6276 link6277 link6278 link6279 link6280 link6281 link6282 link6283 link6284 link6285 link6286 link6287 link6288 link6289 link6290 link6291 link6292 link6293 link6294 link6295 link6296 link6297 link6298 link6299
Жуманазарова Қарылға Бекмурзаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:Жамбл.обл, гогод. Тараз, сел. Сарыкемер
«Информатика алғырлары» Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: "Информатика алғырлары” /сайыс/

Мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Түрі: Зияткерлік сайысы

Жоспары:

1. Таныстыру (Әр топ өзін таныстырады)

2. Бәйге жарысы

3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

4. Кім жылдам

5. Көкпар /пікір сайыс/

6. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

7. Тапқырлық

Барысы:

Жүргізуші: Елбасының «Қазақстан — 2030» стратегиялық жолдауы — егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін. Қазақстан болашағы — білімді ұрпағында. Ендеше, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі "Информатика алғырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана "Информатика алғырлары” атына ие болады.

Жүргізуші: Сайысымыз 7 айналымнан тұрады:

1. Таныстыру (Әр топ өзің таныстырады)

2. Бәйге жарысы

3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

4. Кім жылдам

5. Көкпар? /пікір сайыс/

6. Сөз тапқанға қолқа жоқ.

7. Тапқырлық

Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін береді деген үмітпен шақырылған әділ-қазыларды таныстырайын.

  1. Директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары- Алданбекова Өнерхан апкий.
  2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары — Көпбаева Арзан апкий
  3. Информатика және физика пәні бірлестігінің жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі –Дауылбаева Перизат апкий

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып қөріңдер — дей отырып ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық!

1-ші топ Алғырлар тобы

2-ші топ Тапқырлар тобы

Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:

1. Топтарды таныстыру:

1- топ «Алғырлар»
Ұрандары: Алғырлар алға
Қарсыластан қалма
Батылдыққа баста
Жарыстардан қашпа!

Топ мүшелері:

Топ басшысы Құрманәлі Бағдаулет

Бекет Еңілік

Ташбаева Шұғыла

Қазбаева Шолпан

Жұмашева Гүлбану


2- топ Тапқырлар
Ұрандары: Біз тапқырлар тобымыз
Ойланамыз, табамыз
Жеңіске біз талпынамыз

Топ мүшелері:

Топ басшысы: Көбейсінов Ықылас

Жұмағазы Аружан

Ахметова Замира

Еркінбаева Индира

Амангелді Қымбат

Айтбаева Жұлдыз

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда –дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз.

Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.

2. Бәйге жарысы: 1)Лездік сұрақтары ««Алғырлар»» тобына:

1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)

2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)

3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)

5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл-Хорезми/

6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60-70)

7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).

8. Буып-түйілген файл (архив)

9. Енгізу пернесі? (enter)

10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)

11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар? (12)

12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)

13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

14.Paintқандай редактор (графикалық)

15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)

2) Лездік сұрақтары «Тапқырлар» тобына:

1. Файлдар жиыны. (папка)

2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған MicrosoftOffice-тің құрамына кіретін программа. (MS Word)

3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)

4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)

5.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

6. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (WinRAR, WinZip)

7. Windows сөзінің аудармасы (терезе)

8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)

10. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)

11. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)

12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)

13. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? (5)

14. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)

15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)

Жүргізуші: Келді кезек полиглотты шешуге

Жауаптарын үш тілде де беруге

Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз

15 ұпай шәкірт саған несібе.

3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)

Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.

«Алғырлар» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат , информация, information)

2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл — ашу, файл-открыть, file-open/

3. Windows — дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operationsystem/

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы

/ Тышқан, мышь, Mouse/

5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)

«Тапқырлар» тобына қойылатын сұрақтар:

1.Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет-корзина - basket)

2. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)

3. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

(кітапша-блокнот-notebook)

4. Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта-клавиатура-keyboard)

5. Биологияда паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты өлшер. (бит-бит-bit)

Келесі айналым

4. «Кім жылдам» бұл кезеңде берілген торкөздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақта жасырылған сөздерді табу керек 4 минут ішінде.

Әр тапқан сөзге 20 ұпай беріледі.

М

Т

П

Л

О

Т

Т

Н

О

М

И

Ы

П

Р

Р

Т

Е

И

Д

Е

К

Ш

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности