link12240 link12241 link12242 link12243 link12244 link12245 link12246 link12247 link12248 link12249 link12250 link12251 link12252 link12253 link12254 link12255 link12256 link12257 link12258 link12259 link12260 link12261 link12262 link12263 link12264 link12265 link12266 link12267 link12268 link12269 link12270 link12271 link12272 link12273 link12274 link12275 link12276 link12277 link12278 link12279 link12280 link12281 link12282 link12283 link12284 link12285 link12286 link12287 link12288 link12289 link12290 link12291 link12292 link12293 link12294 link12295 link12296 link12297 link12298 link12299 link12300 link12301 link12302 link12303 link12304 link12305 link12306 link12307 link12308 link12309 link12310 link12311 link12312 link12313 link12314 link12315 link12316 link12317 link12318 link12319 link12320 link12321 link12322 link12323 link12324 link12325 link12326 link12327 link12328 link12329 link12330 link12331 link12332 link12333 link12334 link12335 link12336 link12337 link12338 link12339 link12340 link12341 link12342 link12343 link12344 link12345 link12346 link12347 link12348 link12349 link12350 link12351 link12352 link12353 link12354 link12355 link12356 link12357 link12358 link12359
Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ЗКО Казталовский район Каракуль поселок
Ашық сабақ: Ертегі сабақ /қайталау сабағы/

Сабақтың тақырыбы: Ертегі сабақ /қайталау сабағы/

Сабақтың мақсаты:

1. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды, олардың таңбалануын, құрамын қайталау, білімдерін бекіту.

2. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту әрі олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреттері

әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша есептеу.

Сабақтың өту барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз тастаймыз.

ІІ Қайталау

- Балалар, біз қандай сандарды өттік?

- 0-10 санау, кері санау.

-
Балалар, біз бүгін 10-ға дейінгі сандардың құрамы туралы алған білімдерімізді тиянақтаймыз.

ІІІ Ертегі сабақ

Мұғалім:

- Балалар, бүгінгі сабақ ерекше болмақ. Сабаққа келген қонақтарға білімімізді көрсетейік.

- Баллар, біздің бүгінгі сабағымыз «Ертегі сабақ» деп аталады. Бүгінгі сабағымызға өздерің жақсы білетін «Бауырсақ» ертегісі қонаққа келіпті.

- Бауырсақ атасы мен әжесінен орманға қашып кетіпті. Орман жолымен бауырсақ қашып келе жатқанда алдынан қандай аңдар шықты?

- Олай болса бауырсаққа көмектесіп, аңдарға жегізбейін. Ол үшін аңдардың тапсырмаларын орындайық.

- Бауырсақ ең бірінші кіммен кездесті? (қоянмен)

Қоян:

Қоянның қарны аш, бауырсақты көрген кезде бір тоятын болдым деп қуанда.

- Бауырсақ, мен сені жеймін, егер менің қойған шартымды, оқушылар орындаса, мен сені босатам.

Қоянның шарты

Жұмбақ есептерді шешу.


1. Екі күшік жүгіре түсіп,

Үш досқа барып қосылды.


Барлығы қанша күшік,

Қайрат білмей тосылды. /5/

2. Табақта бар бес алма,

Қолымда тұр екі алма.

Қоссақ егер барлығын,

Болады екен неше алма. /7/

3. Анасы бес шар алды,

Біреуін мысық әкетті.

Ойлаңдаршы тездетіп,

Нешеуі бізге қалды? /4/

4. Тұмсығын көкке көтерген,

Қоянда бар сегіз сәбіз.

Сүрініп жерден жығылып,

Жоғалты екі сәбіз,

Қолында қалды неше сәбіз? /6/

5. Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едік екеуін

Болып шықтынеше саусақ? /10/


Алдынан қорбандаған аю шығады.

Аю бауырсақты жемекші болады, бауырсаққа көмектесу үшін тапсырмаларды орындау керек

Аюдың шарты

Салыстыру

1=1 3>2 2=2 7<5 5>4 3<6

Сергіту сәті «Бауырсақ» ойыны

Бауырсақ шаршадым дейді. Енді балалар сендермен бауырсақ ойын ойнағысы келеді.

Ойын: мына аңдардың қимылын жасауымыз керек: аю, түлкі, қасқыр, қоян.

Әрі қарай бауырсақ кете береді. Бір кезде алдынан ашулы қасқыр шықты.

Қасқырдың шарты

«Көрші-көрші» ойыны

-5- -1- -8- -9- -3-

Қасқыр:

-
Балалар, менің шартымды дұрыс орындадыңдар, мен бауырсақты

жіберемін, - деп кетіп қалды.

Бауырсақ одан әрі домалап келе жатса, алдынан

мең бұралған қу түлкі шығады.

Түлкі:

- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін

-
Менің қарыным аш, балық ұстап берсеңдер, бауырсақты босатамын.

Балық аулау ойыны:

-

5-5 3+6 4-2 2+1 4+5 7-3

Әр балықтың артына 10-ға дейінгі сандарды қосу, азайту өрнектері жазылған. Ұстаған балықтағы өрнектерді тез ойлап, дұрыс шешу керек.

- Балалар, біз түлкінің шартын орындадық.

Түлкі:

- Балалар, өте дұрыс орындадыңдар. Мен бауырсақты жемеймін — деп жөніне кете берді.

Мұғалім:

- Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Бауырсақты орман аңдарынан құтқардыңдар. Енді бауырсақты атасы мен әжесі аман — сау тапсырыңдар.

ІҮ Бағалау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности