Қазақстан,Жамбыл облысы,Шу ауданы
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Әсем» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Тәрбиеші
Абдыкалыкова И.Т.
Сабақ мақсаты:
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету.
Ұйымдастрыу кезеңі:
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне жылу береді.
Армысың жарқыраған күн!
Армысың жер ана!
Армысың көгілдір аспан!
Армысың сен және мен!
Сабақ барысы:
- Ал енді балалар, айналамен танысу сабағымызды бастаймыз.
- Балалар Табиғат аясында тіршілік етіп, өз қорегін өзі тауып жейтін жануарларды «жабайы аңдар» дейді. Жабайы аңдарға қасқыр, аю, түлкі, жолбарыс, арыстан, қоян жатады. Балалар табиғатта олардың жүндері қалың болғандықтан олар қыста тоңбайды.
Балалар сендер білгілеріңкеле ме жабайы аңдар тағы қай жақта өмір сүреді екен. Зообақ дегеніміз Зоопарк. Кәне балалар бәріміз поезға отырып Алматыға Зообаққа барамыз.
Ойын: «Поезд» 2 рет ойналып хайуанаттар саяжайына келдік.
Ғажайып сәт: (Жол көрсетуші)
Балалардың алдынан шығып амандасып қарсы алады.
Тордың ішінде отырған аңдарға жеке-жеке тоқтау.
Балалар аю — ақылды, иіс сезім, жыртқыш аң. Көбіне өсімдікпен қоректенеді екен. Балалар аю қалай жүреді? Балалар аюдың қимылын жасап көрсетеді.
Кім аю туралы тақпақ біледі?
Әлия, Айсұлу.
Арыстан — жыртқыш аң
Тістері өткір екен.
Балалар естеріңе түсіріңдерші бауырсақ ертегісінде бауырсақты кім жеп қойды? Түлкі.
Ал түлкі қалай жүреді?
Қимылын келтіру.
Түлкі туралы кім тақпақ біледі?
Даниял.
Қоян балалар. Қоян жыртқыш аңға жатпайды. Бірақ қоянда жабайы аң. Қоян балалар жылы тонының арқасында суыққа қорқақ аң. Балалар қоян қалай секіреді? Қоян туралы кім тақпақ біледі? Ерасыл.
Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, қалған аңдарды келесі саяхатқа келгенде көресіңдер, тәтей мен қоштасып поезға отырып тобымызға қайтайық.
Қайту.
Топқа келіп орындарына отырғызу.
-Балалар біз қайақа саяхатқа бардық?
Зообаққа.
- Зообақтан қандай жабайы аңдар көрдіңдер?
- Неліктен оларды аңдар деп атаймыз?
Балалар мына сиқырлы қорапшаның ішінде әр-түрлі жабайы аңдар бар. Бәріміз отырып жабайы аңдарды бөлек-бөлек торға орналастырамыз. Аңдарды орналастыру.
Рахмет балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Ал балалар қонақтармен қоштасыңдар.