link10560 link10561 link10562 link10563 link10564 link10565 link10566 link10567 link10568 link10569 link10570 link10571 link10572 link10573 link10574 link10575 link10576 link10577 link10578 link10579 link10580 link10581 link10582 link10583 link10584 link10585 link10586 link10587 link10588 link10589 link10590 link10591 link10592 link10593 link10594 link10595 link10596 link10597 link10598 link10599 link10600 link10601 link10602 link10603 link10604 link10605 link10606 link10607 link10608 link10609 link10610 link10611 link10612 link10613 link10614 link10615 link10616 link10617 link10618 link10619 link10620 link10621 link10622 link10623 link10624 link10625 link10626 link10627 link10628 link10629 link10630 link10631 link10632 link10633 link10634 link10635 link10636 link10637 link10638 link10639 link10640 link10641 link10642 link10643 link10644 link10645 link10646 link10647 link10648 link10649 link10650 link10651 link10652 link10653 link10654 link10655 link10656 link10657 link10658 link10659 link10660 link10661 link10662 link10663 link10664 link10665 link10666 link10667 link10668 link10669 link10670 link10671 link10672 link10673 link10674 link10675 link10676 link10677 link10678 link10679
Буланова Асем Даданбековна
Должность:учитель-информатик, воспитатель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинская область
Экологиялық ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Жануарлар әлемін қорғау

Мақсаты:

1. Оқушылар жануарларды қорғау жайлы ой-пікірлерін қалыптастыру, қызыл кітапқа енген жануарлар туралы білімдерін кеңейту;

2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту қабілеттерін дамыту, дыбыстарын қадағалау, өз бетімен жұмыс істеуге бағыттау, суреттер арқылы байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту;

3. Оқушылардың жан- жануарларға деген аяушылық сезімдерін ояту

Өту барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Бүгін аптаның қай күні?

2. Сыныпта кім кезекші?

3. Қазір жылдың қай мезгілі?

4. Көктемнің қай айы?

5. Көктемде қандай өзгерістер болады?

6. Бүгін ауа райы қандай?

ІІ. Өткен материалды еске түсіру

1. Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?

Үй жануарлары және дала жануарлары

2. Үй жануарларын қалай қорғаймыз?

Малдарға шөп, су береміз, астын тазалап, қыста жылы қораға қамаймыз.

3. Мультфильм /Білімділер елі/

Бұл қандай кітап?

Бұл Қазақстанның қызыл кітабы

Жануарлардың суреті қызыл кітапқа неліктен салынған?

Бұл кітапта Қазақстанда өте аз қалған жануарлар мен өсімдіктердің суреті салынған

Неліктен жануарлар мен өсімдіктер өте аз қалған?

Адамдар өсімдіктерді жұлады,жануарларды аулайды, сондықтан олар азайып кеткен.

Қызыл кітапқа енген жануарларды ата

Жыланбүркіт, Пілмай, Қар барысы, Балықшы, Ілбіс, Құмай, Қызыл қасқыр, Ақиық, Балқы, Сабаншы, қоңыр аю тағы да басқа жануарлар

Қызыл кітапқа енген жануарлар қайда өмір сүреді?

Олар тек қорықтарда өмір сүреді

ІІІ. Әлемдегі қорықтар

1. Дүние жүзінде қанша құрлық бар? көрсет (6 құрлық бар: Евразия, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Африка, Австралия, Антарктида)

2. Европадағы ең үлкен қорықты ата. Печеро Ильчский Ресейде 7213мың км квадрат

3. Азиядағы ең үлкен қорықты ата. Вьетнамдағы Там Кок паркі

4. Африкадағы атақты қорықты ата. Намакуа ұлттық паркі

5. Оңтүстік Америкада Йеллоустоун ұлттық паркі бар. Ол Америка Құрама Штатында орналасқан

6. Австралида Намаджиет ұлттық паркі. Канберра қаласында орналасқан

7. Антарктидада өмір сүру деңгейі өте төмен болғандықтан материк қорық ретінде саналады . Антарктидада пингвиндер мен ақ аюлар мекендейді.

IV. Қазақстандағы қорықтар

1 Ақсу-Жабағылы қорығы

2 Наурызым қорығы

3 Алматы қорығы

4 Барсакелмес қорығы

5 Қорғалжың қорығы

6 Марқакөл қорығы

7 Үстірт қорығы

8 Батыс Алтай қорығы

9 Алакөл қорығы

10 Қаратау қорығы

1 Ақсу-Жабағылы қорығы1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131 мың гектар жерді алып жатыр. сүтқоректілердің 51 түрі бар.

2 Наурызым қорығы1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның аумағы 191 мың гектар жерді алып жатыр. Онда қабан, елік, суырлар, ақ қояндар, қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақкіс кездеседі.

3 Алматы қорығы1964 жылы құрылған. Аумағы 71 мың гектарға жуық. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда корықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды.

4 Барсакелмес қорығыАрал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды.

5 Қорғалжың қорығы1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр.Суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар мекендейді.

6 Марқакөл қорығы1976 жылы құрылған. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар. Аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр мекендейді

7 Үстірт қорығыPеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы койдың ерекше түрі - устірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан.

V. Мақал-мәтелдер. Жалғасын тап

Түйе — шудасын,
Жылқы жалын,
Сиыр мүйізін төсейді.

Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

Ел көркі — мал,

Өзен көркі— тал.

Түйе байлық,

Жылқы мырзалық.

Әр таудың түлкісін,

Әдісін білген тазы алар.

Жақсы ат жанға серік,
Жақсы ит малға серік.

Құнанның жайылымы бір,

Жусауы басқа.

VI. Өлеңді жатқа жазу

Қызыл кітап

Аңшылыққа қалай жұрт қызығады,

Қан жуады олардың ізін әлі.

Көргеннен-ақ мылтықты менің үшін

Дүниенің дидары бұзылады.

VII. Жеке тапсырмалар

1. Сурет бойынша әңгімелеу

2. Қай жануар артық

а)қасқыр, қоян, түлкі, жылқы, қой, елік, ақбөкен, керік, піл, арыстан

б)жыланбүркіт, пілмай, балықшы, ілбіс, құмай, жолбарыс, қызыл қасқыр, ақиық, балқы, сабаншы

VIII. Экологиялық есептер.

1. Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі — орман зиянкестері. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандарды жейтін болса, 1аптада қанша зиянкестерді жей алады? (7кг)

2. Қорықтағы маралдарға шөп берілді. Егер бір марал 12кг шөп жесе, үш маралға неше кг шөп керек? (36кг)

Қорытындылау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности