link4170 link4171 link4172 link4173 link4174 link4175 link4176 link4177 link4178 link4179 link4180 link4181 link4182 link4183 link4184 link4185 link4186 link4187 link4188 link4189 link4190 link4191 link4192 link4193 link4194 link4195 link4196 link4197 link4198 link4199 link4200 link4201 link4202 link4203 link4204 link4205 link4206 link4207 link4208 link4209 link4210 link4211 link4212 link4213 link4214 link4215 link4216 link4217 link4218 link4219 link4220 link4221 link4222 link4223 link4224 link4225 link4226 link4227 link4228 link4229 link4230 link4231 link4232 link4233 link4234 link4235 link4236 link4237 link4238 link4239 link4240 link4241 link4242 link4243 link4244 link4245 link4246 link4247 link4248 link4249 link4250 link4251 link4252 link4253 link4254 link4255 link4256 link4257 link4258 link4259 link4260 link4261 link4262 link4263 link4264 link4265 link4266 link4267 link4268 link4269 link4270 link4271 link4272 link4273 link4274 link4275 link4276 link4277 link4278 link4279 link4280 link4281 link4282 link4283 link4284 link4285 link4286 link4287 link4288 link4289 link4290 link4291 link4292 link4293 link4294 link4295 link4296 link4297 link4298 link4299 link4300 link4301 link4302 link4303 link4304 link4305 link4306 link4307 link4308
Тугерова Галия Бердибаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:не указан
КРЕДИТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ

Шығармашылық — күрделі танылатын құбылыс. Психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді талдауы шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу өте күрделі және көп жақты процесс екенін көрсетеді. Р.Стернберг бойынша, шығармашылық процесі тек үш ақыл-ой қабілеттері болғанда ғана мүмкін болады[1]:

а) синтетикалық қабілет — мәселені жаңа түрде көре алу және үйреншікті ойлау әдісінен қашу;

ә) аналитикалық қабілет — қандай идеяларды ала отырып шешуге болады, ал қайсыларын алуға болмайды екенін бағалауға мүмкіндік береді;

б) практикалық-контекстуалды қабілет — басқаларды идеяның құнды екеніне сендіру, яғни шығармашылық ойды басқаларға сату.

Біздің ойымызша, тек аналитикалық және синтетикалық қабілеттер өнімді ақыл-ой іс-әрекетінің негізін құрайды. Сондықтан студенттердің шығармашылық іс-әрекеті қандай деңгейде қалыптасқанын анықтау үшін біз экспериментте Е.Торренс ұсынған сипаттамаларды қолдандық:

А)Шапшаңдық (Қаншалықты идеяларды сіз қозғайсыз?)

Б)Алғырлық (Қаншалықты әр түрлі идеяларды сіз қозғайсыз?)

В)Өнделгендік (Сіздің идеяларыңыз қаншалықты нақтыланған?)

Г)Креативтілік деңгейін анықтау үшін ойлау іс-әрекетінің шығармашылық стильмен дәстүрлі байланысқан ақыл-ой қасиеттерін жүйесін жерттеуге алынған. Яғни, ол: Шапшаңдық (ассоциативті қатардың кеңдігі), ойлаудың қасиеті ретінде объективтілердің көптеген қасиеттерін олардың басқа объектілердің қасиеттерімен өзара әрекет етуінде бір мезетті «ұстануын» бейнелейді; алғырлық — ойлаудың қасиеті, бір катигориядан басқа катигорияға өту жылдамдығын бейнелейді; сонылық — бұл шешімнің «тапқырлығын» бейнелейтін ойлаудың қасиеті.

Студенттердің ойлаудың жоғары аталған қасиеттерін зерттеу үшін «Применение», «Видение проблем», «Неполные фигуры», «Круги» тесттері (Р.Е.Тафельдің бейімделген Гильфорд пен Торренс әдістемелері). Бұл тесттер тапсырмалардың жеңіл мазмұнымен, шешімінің ұсынылған алгоритмі жоқтығымен, оларды орындау үшін арнайы қабілеттер керек етпейтіндігімен сипатталады[3].

Тесттер жұмыс келесідей орындалады. «Қолдану» тесттің нұсқауы бойынша үш заттың (кірпіш, скерепка және өшіргіш) қолдануының көптеген нұсқаларын атап өту керек. «Мәселелерді көру» тестті орындауда эксперимент сыналушыларына тамақтану, теледидар, киім, тұрмыстық техника, қоршаған орта сияқты адам алдында тұрған ортада атқаратын міндеттерді атап өту ұсынылды. «Толық емес фигуралар» тесті боыйнша, бес жай фигураны толықтырып, оларға ат беру ұсынылады. «Шеңберлер» тесттің орындау барысында әр түрлі заттарды немесе дөңгелектердің ассоциациясымен туғызылған қиялдық бейнелерді салу керек еді.

Тесттің көрсеткіштері бойынша әр түрлі жауаптардың (ойлаудың шапшаңдық) саны, бір түсініктер категориясынан басқа өтулердің (ойлаудың алғырлық) саны үшін баллдар қойылады. Жауаптардың кездесу жиілілігін тәуелді ойлаудың сонылық үшін (5-10 % кездесуіне — 1 балл, 2-4% - 2 балл) баллдар қойылады. «Неполные фигуры» тесттің талдауда жай симменариялық фигуралар саналмады. Атаудың өзгешелігі, және де атаудың сурет мазмұнына сәйкестену дәрежесі саналады. Алғырлықты бағалауда баға фигураны аяқтау (идеяларды қолдану алғырлығы) үшін қолданылған әрбір категорияға қойылды.

Ойлаудың шапшаңдық, алғырлық және сонылық баллдарын есептеп біз ойлаудың креативтілік көрсеткішін шығардық.

Студенттердің оқуына қандай түрткілер әсер ететінін және қандай шығармашылық іс-әрекеттерге қатысатынын анықтау мақсатымен біз сауалнама-анкета әдісін қолдандық. Студенттер 16 сұраққа жауап берді, қайсысылардың жартысы оқу сабақтарына қатысуын, ал жартысы олар қатысын шығармашылық іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған.

қатысу) жүргізілді және рейтинг баға жүйесі зерттелінді.

Бақыланатын зерттеуде біз ойлаудың қасиеттерін, студенттердің жалпы креативтілік көрсеткішін анықтадық. Әрбір топ үшін зерттелетін қасиеттердің максималды, минемалды және орташа мән алынған. Мәліметтер 1.1 кестеде көрсетілген.

1.1-ші кесте

Ойлаудың максималды қасиеттері

Ойлаудың минималды қасиеттері

Одан кейін оқу процесі барысында студенттердің шығармашылық іс-әрекетінің көріну мен дамудың мотивациясымен байланыс ерекшелігі зерттелінді. Студенттің 11-16 сұраққа берген жауаптарын талдай отырыполардың барлығы шығармашылық іс-әрекет бірдей дамығанын көрсетті. Жеке жауаптарда шығармашылық іс-әрекет жүзеге асырайтын оқу формалары ашылып, сипатталады. Мысалы, өздік жұмыстың түрлері мен тәсілдері, үйірмедегі жұмыс, қызықтыратын ғылыми мәселенің тақырыбы құрастырылады, оны шешу жолдары қарастырылады және т.б. Басқа жауаптар жағымсыз мазмұнды сипатты болады, ал егер жағымды болса да, шығармашылықіс-әрекеттің нақты мазмұнын ашпады. Мысалы, өздік жұмыс аталады, бірақ оның формалары айтылған жоқ. Немесе қызықтыратын мәселенің тақырыбы айтылады, бірақ ол жұмыс қалай жүзеге асырылып жатыр, қандай шешім жолдары бар екені ашылмады.

Бірінші тип жауаптарын біз шығармашылық іс-әрекеттің жоғары деңгейін сипаттайтын катигорияға кіргіздік, ал екінші типке — деңгейі төмен катигорияға. Біз жауаптарды реттеудің саналық талдауын өткіздік, яғни шығармашылық іс-әрекеттің жоғары және төмен деңгейін сипаттайтынына байланысты сынаушылардың мотивациялық сипаттамасы бойынша бөлген үш топтың біреуіне жататындағына қатысты реттеу. Шығармашылық іс-әрекет белсенділігін сипаттайтын жауаптардың мазмұнын негізгі ерекшеліктерін қарастырайық.

271 студенттердің арасындда тек қана 131 (48%) — оқу іс-әрекетінің басқа формалары арасында өздік жұмыстың үлкен мәнділігін және оның әр түрлі түрлерін көрсете алды: өз бетінше іздену және әдебиетті зерттеу, курстық жұмысты, баяндама мен рефиратты жазу, қызықтыратын ғылыми мәселені құрастыру. Көптеген жауаптарда өздік жұмысқа аз мән беріледі, оған студенттер келесі себептерді келтіреді: «өзіндік ұйымдастырушылық», «өздік бетінше жұмыс істей алмауы», «уақыттың жетпеуі», «өз бетінше жұмыс істеуге түрткіліктердің жоқтығы», «бақылаудың болмауы» және т.б. Бірақ та осыған қарамастан студенттердің 42 %-ті бұл кедергілерді жеңуге қабілетті.

Келесі сұраққа — семинарларда сөйлеу — тек 156 студент ғана (58%) оң жауап берді. Қалғандары өздерін «сөйлемейтіндерге» жатқызады. Студенттердің берілген басты себебі — «қысылу», «керек еместі айтып қалу қорқынышы». Осы жауаптарының талдауы береді. Яғни әрбір студенттің ұнайтын пәндері болады (ал ол осы пәндерге қызығушылығын бейнедейді).

Яғни, семинарларға қатысу, баяндамаларды жазу шығармашылық іс-әрекеттің көрінуінің бір формасы болып табылады, және де ол мотивацияның сипатымен де байланысты.

Студенттердің оқыту жұмысының негізгі формасы дәріс болып табылады, онда студент көп білім алады, бірақ студенттердің шығармашылық іс-әрекеттің әр түрлі дәрежеде көрінуі мүмкін[2]. Дәріс мәліметтерінің жақсы меңгергенмен ол минималды болуы мүмкін. Шығармашылық іс әрекеттің белсенділігі студенттің оқылатын материалдың ішінде қарама-қайшылықтарды тапқанда, түсініктерге қанағаттанбағанда, жаңа мәселелерді қоюда көрінеді. Бұл факторлардың барлығы дәріс оқытушының алдында сұрақтарды қоюдың негізі болып келеді. Анкетаға берілген жауаптарды, және де сабақтарға қатысуы көрсетіліп тұрғандай студенттер жалпы айтқанда дәріс кезінде аз сұрақ қояды. Осылай студенттердің 92% сұрақтарда пайда болды, бірақ олардың ішінде тек: 28% - әр уақытта қояды, 44% - сирек қояды, 29 % - мүлдем қоймады. Сұрақ қоюға бөгет болатын себептердің ішіенде студенттер көбінесе мынандай себептерді айтады: жауапты өз бетінше табуға ұмтылысы (20%), «керек еместіні » айтып қалудан қорқу (15%), көзге түсуден қашу, ұялшақтық (25%). Осы себептердің жиынтығында тек біріншісі шығармашылық іс-әрекетке итермелейтін себеп ретінде қарастырылады. Қалғандары керісінше оны басып тастайды, шығармашылық ойлаудың дамуына бөгет жасайды[4].

Ғылыми үйірмелер мен басқа да ғылыми бірлестіктердің жұмысына қатысып отыратын студенттердің саны орташа. Ол тек үшінші топ үшін біраз төмен. Бірақ өз бетінше бұл көрсеткіш шығармашылық іс-әрекеттің жоғары деңгейін көрсетпейді. өйткені студенттердің көбі ғылыми тақырып бойынша жұмысы деген сұраққа жауап бере отырып, өздерінің курстық жұмысының тақырыбын атап отырады. Мәселен, курстық жұмыстың мақсаты — студенттің өздік шығармашылық жұмыс дағдыларын дамыту. Бірақ тақырыпты атауы, оның жоспары оқытушымен құрастырылады, ал студент тек осы жоспарды жүзеге асырайды. Сондықтан шығармашылық іс-әрекетті талдауға тақырыпты өз бетінше таңдау және ғылыми мәселелерді шешу деген соңғы сұрақтарға берген жауаптарды сипатты болды. Ғылыми мәселелерді және оларға деген қызығушылық ашатын, шешу жолдарын қарастыратын студенттер аз, сонымен қатар ол көбінесе мамандық қызығушылығы жоғары дамыған студенттерде де байқалады. Сонымен қатар толық түсінік алу үшін біз шығармашылық іс-әрекеттің орташа көрсеткішін бөлдік.

Қорыта келе, шығармашылық іс-әрекеттің белсенділігінің дамуына көбінесе мамандық қызығушылық пен танымдық түрткі әсер етті. Бірақ та танымдық түрткі шығармашылық іс-әрекетті тек қана ол оқу және жаңаны білу ұмтылысы ретінде көрінген де емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәнді, тәжірибе міндеттердің шешімдеріне бағынғанда белсендіреді.

Рейтинг бағалау жүйесі бойынша 1-ші триместрдің қорытындысын көру бойынша студенттердің 91% - інде алғашқы 5 апта бойынша рейтинг жоғары (89-98%) болды. Ал 10-ші аптаға қарай рейтинг көрсеткіші 8-13%-ке түсті. Себептерін қарастыратын болсақ олар студенттердің алғашқыда жаңа білімге, оқытушыларға, оқу процесінің жаңа формаларына қызығуында байқалады, осында студенттер өздерінің шығармашылық іс-әрекетінің белсенділігін көрсетеді. Бірақ тақырыптардың күрделілігі, студенттердің толығымен өз бетінше, дербес ізденіп әрекет етуі олардың танымдық қызығушылықтарының біраз тежелуін сипаттайды[5].

Бұл орташа білім беретін мектеп көбінесе тек білімді дайын түрде береді, және де негізінен ассоциативті ойлауды қалыптастырады. Ал дербес өз бетінше ізденіп іс-әрекет етуді, шығармашылық белсенділікті дамытпайды.

Жалпы қорытынды шығара отырып, студенттердің көбіне білімді өз бетімен тауып іздену, танымдық іс-әрекетті белсенді дамығанмен, іс-әрекетті орындау барысында оны шығармашылықпен орындау қиынға түседі.

Қолданылған әдебиеттер

1. Кубеева Е.К Новое — на фундаменте проверенных традиции // Современное столичное образование, 2004 ж., №3, 49-51 бет

2. Кусаинов А., Омирбаева С. Кредитная система обучения как средство реализации академический мобильности студентов // Высшая школа Казахстана , ж., №141-44 бет

3. Қапанова А.Т Болашақ мамандардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктілерін қалыптастыру — автомформат, А., 2004

4.Сарсек[еева Ж.Е., Стоева Л.Н К вопросу о развитии творческой самостоятельности студентов / Качество педагогического образования: проблемы и перспективы — А., КазНПУ им. Абая, 2004 ж, 160-165 бет

5. Телегина Э.Д. Роль мотивов учебной деятельности в развитие творческой активности учащихсия — Вопросы психологии познрвательной деятельности — МГУ им. В.И.Ленина — М., 1980 ж,30-40 бет

6. Чернов Е.Д Совершенствование работы студентов //Высшая школа России,1994 ж, № 4,76-79 бет

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности