link10206 link10207 link10208 link10209 link10210 link10211 link10212 link10213 link10214 link10215 link10216 link10217 link10218 link10219 link10220 link10221 link10222 link10223 link10224 link10225 link10226 link10227 link10228 link10229 link10230 link10231 link10232 link10233 link10234 link10235 link10236 link10237 link10238 link10239 link10240 link10241 link10242 link10243 link10244 link10245 link10246 link10247 link10248 link10249 link10250 link10251 link10252 link10253 link10254 link10255 link10256 link10257 link10258 link10259 link10260 link10261 link10262 link10263 link10264 link10265 link10266 link10267 link10268 link10269 link10270 link10271 link10272 link10273 link10274 link10275 link10276 link10277 link10278 link10279 link10280 link10281 link10282 link10283 link10284 link10285 link10286 link10287 link10288 link10289 link10290 link10291 link10292 link10293 link10294 link10295 link10296 link10297 link10298 link10299 link10300 link10301 link10302 link10303 link10304 link10305 link10306 link10307 link10308 link10309 link10310 link10311 link10312 link10313 link10314 link10315 link10316 link10317 link10318 link10319 link10320 link10321 link10322 link10323 link10324 link10325 link10326 link10327 link10328 link10329 link10330 link10331
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
5 сыныпқа арналған "Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу" тақырыбы бойынша ашық сабақ

Нургалиева Гульмира Талгатовна
Информатика пәнінің мұғалімі
"№2 Ұзынкөл орта мектебі" КММ
Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл селосы

Жалпы мақсат:

Құжатқа сурет қою тәсілдерін үйрете отырып, оқушылардың сыни ойлау арқылы ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

Сілтеме:

Оқулық информатика 5-сынып Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов«Арман-ПВ» баспасы, 2014 жыл

Оқу нәтижесі:

Оқушылар Paint бағдарламасында жұмыс істей алады, WordPad бағдарламасында мәтіндерді теріп, оларды пішімдей алады, мәтінге сурет қосуды біледі.

Сабақта қолданылатын материалдар:

ДК, ЭО, видео, тұсаукесер, оқулықтар, дәптерлер, технологиялық карта, ғаламтор.

Оқыту әдістері:

Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер: АКТ, сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшелігін ескеру.

Жұмыс түрлері: топпен

Дерек көздері:

  • Оқулық
  • Сілтемелер
  • Электронды оқулықтар

Тапсырмалар:

Оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, интернетпен жұмыс, ЦОР-мен жұмыс.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(2 мин)

- Сәлеметсіздер ме, достар! Сабағымызды ерекше түрдегі тілек-амандасудан бастауды ұсынамын. Ісіміз сәтті болсын!

- Тілек қысқа да нұсқа болуы керек және аз сөзбен.

Амандасады, шаттық шеңберін құрып бір-бірлеріне допты лақтыру арқылы тілек айтады. «Сәттілік серік болсын!», «Арайлап атсын әр таңың!», «Баршаңызға мейірімділік тілеймін!»т.с.с.

ІІ. Топқа бөлу

(3мин)

Кішкентай қоржынға екі түрлі кәмпиттер салынады, оқушылар кәмпиттерді қоржыннан алып, кәмпиттің түріне қарай бөлінеді, топтарының басшысын таңдап алып, әр топ өздерін таныстырады. Топтар бір — бірлерін бағалайды.

I - топ — «_______________»

II - топ — «_______________»

Кезекпен қоржыннан кәмпиттерді алады, топқа бөлінеді.

Осы жерде әр топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын көрсетіп, қорғайды.

ІІІ. Кезеңдер.

Берілетін уақыт

(40 мин)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

«Түсіну» теориясы

(10 мин )

Видео көрсетіледі.

Сендер енді - суреттерді құруды және өзгертуді, мәтін теруді, оны түзетуді және безендіруді білесіңдер.

Оқулықтың мәтініне назар аударыңдар. Ол көптеген безендірулермен толықтырылған. Осындай әдемі безендірілген кітапты оқу қызықты емес пе, келісесіңдер ғой? Енді сендердің мәтіндеріңді суреттермен безендірейік!

WordPad-те суреттермен жұмыс істеудің бірнеше мүмкіндігі бар.

1 -тәсіл

Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады.

2-тәсіл

Егер сендер иллюстрациялар дайындап, оларды файлдарда сақтасаңдар, онда Кірістіру => Кескін бұйрығын пайдаланыңдар.

Сурет мәтіннің символы сияқты болады:

Мынау мәтіндегі сурет.

Бұл «Машина және кеме» деп аталады. Сондықтан оған мәтіннің ерекшеленген фрагментімен орындалатын жылжыту, көшіру, жою сияқты амалдарды қолдануға болады.

Бірақ, сурет - ол символ емес! Оны тышқанмен жай шерту арқылы ерекшелеуге,

ал мөлшерін ерекшелеу маркерін тышқанмен жылжыту арқылы өзгертуге болады.

Қалай ойлайсыңдар, мәтінде түзетілген суретті көру үшін не істеу керек? Әрине, оны қайтадан мәтінге кірістіру керек!

3-тәсіл

Егер сендер мәтінмен жұмыс істеу барысында кішкене

сурет қосуды шешсеңдер, он да Кірістіру => Paint суреті ( батырмасы) бұйрығын пайдаланыңдар. Графикалық редактордың терезесі ашылады. Сендер суретті салып болып, Paint-ті жапқанда - сурет мәтіннің ішінде болады!

Мына сұраққа жауап беріп көріңдерші: құжатқа осындай тәсілмен қосылған суретті түзетуге (өзгертуге) бола ма?

Мұндай суретті енді өзгертуге болмайтынына көз жеткізесіңдер.

!Түйін

  • Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады:

1. Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмас­тыру буферінен мәтінге кірістіру);

2. Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру => Кескін);

3. Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint-те салу (Кірістіру => Paint суреті).

Видео қарайды, Видеоны қарап болған соң екі топ бір-бірлеріне жаңа тақырыпты түсіндіреді. Негізгі түсініктер мен анықтамаларды дәптерлеріне конспектілеп алады.

Интерактивті тақта, қалам, дәптерлер.

«Қолдану» практикасы

(10 мин)

Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындайды. Оқулықтағы 185- 188 б.б.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

1-тапсырма.

  1. Paint-mi іске

қосыңдар.

  1. Жұлдызшаның

суретін салыңдар және файлды өз бумаларыңа «Жұлдызша» деген атаумен сақтаңдар.

  1. WordPad-mi іске

қосыңдар.

  1. «Мен мәтінге

файлдан сурет кірістіремін» мәтінін теріңдер.

  1. Кескін

батырмасын шертіңдер.

  1. Жұлдызша файлын

таңдап, Ашу батырмасын шертіңдер.

  1. Paint-ке ауысып, суретке

бейнесін қосыңдар. Файлды сақтаңдар.

  1. WordPad-ке

ауысыңдар. Мәтінде сурет

өзгерген жоқ!

2-тапсырма

  1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосыңдар.
  2. «Мен мәтінге сурет қосамын» мәтінін теріңдер.
  3. батырмасын шертіңдер.
  4. фигурасының суретін салыңдар.
  5. Paint-mi жабыңдар.
  6. Мәтінді ерекшелеңдер.
  7. Әріп мөлшерін 36 етіп өзгертіңдер.
  8. Жүректі тышқанмен шертіп ерекшелеңдер.
  9. Оның мөлшерін өзгертіңдер.
  10. батырмасын шертіңдер.

3-тарсырма

  1. Графикалық

редакторда

«Жалау»өлеңіне сурет салыңдар.

  1. Мәтіндік

редакторда өлеңнің мәтінін теріңдер. Сызғыштың көмегімен өлеңнің екінші бөлігін оның бірінші бөлігінен 5 см оң га қарай жылжытып орналастырыңдар.

  1. Өз суреттеріңді

графикалық

редактордан мәтінге көшіріңдер.

ЖАЛАУ

Жалғыз жалау желбіреп

Тұманды теңіз төрінде.

Жат жерде жүр не тыңдап?

Несі бар бөтен жерінде?

Ойнақтап толқын, жел гулеп,

Майысар діңгек сықырлап.

Ол жүрген жоқ бақ іздеп,

Қашпайды бақтан бойды ұрлап.

(М. Ю.Лермонтовтан)

ДК-лер, оқулықтар.

Сергіту сәті

(2 мин)

Тақтада көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындарында отырып орындайды.

Жаттығуды орындарында отырып орындау.

видео, ЭО, интерактивті тақта.

«Жинақтау» теориясы

(12 мин)

Технологиялық картамен жұмыс.

Екі топқа А4 қағазымен технологиялық карта беріледі.

1-тапсырма

Выровнять по ширине командасының белгісін көрсетіңіз

2-тапсырма

Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыз

Дұрыс

Бұрыс

Құжат дайындаудың бірінші кезеңі — мәтінді форматтау.

Құжат дайындаудың екінші кезеңі — мәтінді енгізу

Құжатта қолданылатын қаріп Tahomaболуы қажет

Негізгі мәтінді туралау сол жағымен түзетілуі қажет (Выравнение слева).

«Картинка» батырмасы «Вставка» бөлімінде орналасқан

3-тапсырма

Төмендегі ұяшықтардағы сөздерді пайдаланып көп нүктенің орнын толтырыңыз

Сіз жаңа ғана ........ құжат жасадыңыз. Енді мұны ....... керек. Ол үшін WordPad батырмасын басып, тізімнің ішінен ....... батырмасын таңдаңыз. Сол кезде сақтау терезесі ашылады.

........... сақтайтын орынды таңдап, атын жазыңыз. Бұдан кейін Сохранить батырмасын басыңыз.

Құжатты

сақтау

құрамдастырылған

Сохранить

Тапсырмаларды орындайды, орындап болған соң топтар бір-бірлерімен парақтарын ауыстырып, тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша тексереді.

1-тапсырма.

2-тапсырма

Дұрыс немесе бұрыс жауапты таңдаңыз

Дұрыс

Бұрыс

Құжат дайындаудың бірінші кезеңі — мәтінді форматтау.

+

Құжат дайындаудың екінші кезеңі — мәтінді енгізу

+

Құжатта қолданылатын қаріп Tahomaболуы қажет

+

Негізгі мәтінді туралау сол жағымен түзетілуі қажет (Выравнение слева).

+

«Картинка» батырмасы «Вставка» бөлімінде орналасқан

+

3-тапсырма

Төмендегі ұяшықтардағы сөздерді пайдаланып көп нүктенің орнын толтырыңыз

Сіз жаңа ғана құрамдастырылған құжат жасадыңыз. Енді мұны сақтау керек. Ол үшін WordPad батырмасын басып, тізімнің ішінен Сохранить батырмасын таңдаңыз. Сол кезде сақтау терезесі ашылады.

Құжатты сақтайтын орынды таңдап, атын жазыңыз. Бұдан кейін Сохранить батырмасын басыңыз.

Технологиялық карта, тақта.

Үйге тапсырмасын беру

(2 мин)

§25 оқу

Қорытынды жасайды, ой толғайды.

Күнделіктер

«Бағалау»

(2 мин)

Топтар атқарылған жұмыстарына қарап, бір-бірлерін бағалайды.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

Күнделіктер, бағалау парақтары

Рефлексия

(2 мин )

Сабақта не ұнады, не ұнамады?

Сабақ туралы өз ойыңды, ұсынысыңды жасырмай стикерге жазып тақтаға жабыстыр.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности