link1440 link1441 link1442 link1443 link1444 link1445 link1446 link1447 link1448 link1449 link1450 link1451 link1452 link1453 link1454 link1455 link1456 link1457 link1458 link1459 link1460 link1461 link1462 link1463 link1464 link1465 link1466 link1467 link1468 link1469 link1470 link1471 link1472 link1473 link1474 link1475 link1476 link1477 link1478 link1479 link1480 link1481 link1482 link1483 link1484 link1485 link1486 link1487 link1488 link1489 link1490 link1491 link1492 link1493 link1494 link1495 link1496 link1497 link1498 link1499 link1500 link1501 link1502 link1503 link1504 link1505 link1506 link1507 link1508 link1509 link1510 link1511 link1512 link1513 link1514 link1515 link1516 link1517 link1518 link1519 link1520 link1521 link1522 link1523 link1524 link1525 link1526 link1527 link1528 link1529 link1530 link1531 link1532 link1533 link1534 link1535 link1536 link1537 link1538 link1539 link1540 link1541 link1542 link1543 link1544 link1545 link1546 link1547 link1548 link1549 link1550 link1551 link1552 link1553 link1554 link1555 link1556 link1557 link1558 link1559
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Қазақстан Республикасы,Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы

"№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені" КММ

Информатика пәні мұғалімі

Камбарова Альфия Куандыковна

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру.

Дамытушылық: WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруді, мәтін үзінділерімен жасалатын әрекеттерді жасай білулерін, сурет, күн мен уақытты кірістіру мүмкіндіктерін жасай білуін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс жасауға, алғырлыққа, батылдыққа, адамгаршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, проектор, презентация, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың әдістері: түсіндіру, суретпен жұмыс, ребус, ойын, инновациялық әдістер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше саяхат сабақ болмақ. Ол саяхаттың кай қалада болатынын білу үшін ребус шешейік Ребус шешу.

,,,, , ,,,,, ,,, ,, ,,,, ,, ,,,

Жауабы: Астана

- дұрыс, біз енді елордамыз - Астанаға саяхатқа шығамыз. Қонақтарды білімімізбен, тәрбиемізбен сыйлап жіберуіміз керек. Солай емес пе? Ендеше, бір-бірімізге жүрек жылуын беріп, сәттілік тілейік.

Балалардың күлкісін, Бағалаған Астана- дей отырып, Астанаға сапарға аттанайық. Ол үшін ең алдымен біз ұшаққа билет алуымыз керек. Билетті үй тапсырмасын орындау арқылы алайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы «Жұмбақ тастар» арқылы тексеру. Бұл тапсырмада әр таста сұрақтар жасырылған:

1. Word Pad редакторының қолдану мақсаты?

2.Word Pad редакторын қалай іске қосамыз?

3. Word Pad редакторында қандай құралдар бар?

4. Редактордың терезе элементтерін атаңдар.

5. Құжатты ашу және сақтау қалай жүреді?

Жарайсыңдар, оқушылар! Ұшаққа билет алынды. Енді ұшаққа мініп, Астана қаласына көк аспанда самғап ұшамыз. (Оқушаларға ұшақ билеті таратылады)

IІІ. Жаңа сабақ «Білгенге маржан».

Оқушылар, ұщағымызға жайғасып, жаңа ақпарат ала отырыңыздар. Сіздердің айтуларыңыз бойынша нені анықтадық. Яғни Word Pad мәтіндік редакторының терезе элементі «Пішімдеу тақтасындағы» командаларымен және құрал саймандар тақтасымен, жұмыс аймағында өзімізге қажетті әрекеттерді орындай аламыз. Сонымен осыдан біздің бүгінгі тақырыбымыз келіп шығады. Тақырып: Word Pad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері. Бұл тақырыптың мақсаты, яғни пішімдеу тақтасының командаларымен, құралдар тақтасымен жұмыс істей отырып, редактордың мүмкіндіктерін игеру.

Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктеріне: Word Pad мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру, күн мен уақытты кірістіру, мәтінді іздеу, мәтінді ауыстыру, құжатқа суреттерді кірістіру мүмкіндігі бар.

Мәтіннің үзіндісі дегеніміз не? Үзінді — мәтіннің бөлінген бөлігі. Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру батырмасын басамыз немесе Өңдеу — көшіру (Правка-Копировать) батырмасын басамыз немесе Өңдеу — Қиып алу(Правка — Вырезать) Мәтін үзінділерін қою батырмасын басамыз немесе Өңдеу — Қою (Правка-Вставить) арқылы мәтін үзінділерімен жұмыс жасауға болады.
Күн мен уақыт кірістіру батырмасын бір рет шертеміз немесе Кірістіру — Күн мен уақыт (Вставка –Дата и время) бұйрықтарын орындау арқылы мәтіндік құжатқа күн мен уақытты кірістіруге болады.
Мәтінді іздеу үшін мәтінді іздеу батырмасына бір рет шертеміз немесе Өңдеу — Іздеу (Правка — Найти) бұйрықтарын орындау арқылы жүзеге асырылады.
Мәтінді ауыстыру үшін Өңдеу — Ауыстыру (Правка — заменить) бұйрықтарын орындаймыз.
WordPad құжатына сурет кірістіру Paint графикалық редакторынан немесе басқа жердегі суреттерді кірістіруге болады. Сурет кірістіру үшін:
1.Суретті белгілеп, Правка — Копировать командасын таңдау
2. Мәтіндік құжатты ашып, Правка — Вставить командасын орындау. Ол үшін тышқанның көмегімен апару және көшіру әдістерін немесе меню командалары арқылы көшіруді және жылжытуды қолдануға болады.

ІV. Ал, оқушылар Астана қаласына қош келдіңіздер! Алғашқы саяхатты Астананың символы «Бәйтерекке» шығамыз. Ол үшін «Ұшқыр ойлы оқушы» тапсырмасы таратылады. (практикалық жұмыс). Уақыт шектеледі. Ең алғашқы 3 оқушы тапсырма орындағаннан кейін уақыт аяқталады. Сол оқушылар астана ескерткіштеріне ие болады.

«Ұшқыр ойлы оқушы» тапсырмасы

1. WordPad мәтіндік редакторын іске қосыңыз

2.Сіздерде Paint редакторында орналасқан Бәйтерек-1. атты суретті WordPad құжатына енгізіп, шағын шығарма құрап жазыңыз.

3. Мәтіннің өлшемі - 14, қарпі - Times New Roman, түсі — көк, екі жағы бойынша туралау.

4. Мәтінге бүгінгі уақыт пен күнді еңгізіңіз.



Бәйттрек-1

V. Сергіту сәті «Хан шатырға» саяхат. Ол үшін сәйкестік кестесімен жұмыс орындаймыз. (Жауабын білетін оқушы шығып, Сәйкес ұяшықтарға + таңбасын қою арқылы дұрыс жауабын анықтайды)

Дұрыс жауабы:

• CapsLock — бас әріптер режиміне ауысу

• Enter — жаңа жолға көшу

• Shift — бас әріптерді теру

• Backspace — меңзердің сол жағындағы символарды өшіру

• Delete — меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

VІ. Жаңа сабақты бекіту.«Пирамидаға» саяхат. (тест жұмысы арнайы программада орындалады. «5» бағасын алған оқушыларға ескерткіш суреттері таратылады)

Тест сұрақтары:

  1. Белгіленгенді алмасу буферіне көшіру батырмасы

А)

Б)

В)

2. Мәтінді түгел белгілеу командасын көрсетіңіз

А) Правка ---Заменить

Б) Правка --- Выделить все

В) Правка --- Копировать

3. Мәтіннің ішіндегі қажетті сөзді тауып алу үшін қандай команда орындалады

А) Правка ---Заменить

Б) Правка --- Найти

В) Правка --- Копировать

4. Мәтіндегі бір сөзді екінші сөзбен ауыстыруға мүмкіндік беретін команда

А) Правка ---Заменить

Б) Правка --- Выделить все

В) Правка --- Копировать

5. Құжатқа ағымдағы күн мен уақытты кірістіру үшін …

А) Вставка ---- Дата и время

Б) Вставка --- Время

В) Вставка- --- Объект

6.Word-Pad программасынан шығу үшін ....

А) Файл--- Открыть

Б) Файл --- Выход

В) Файл --- Сохранить

Жауаптары:

WordPad мәтіндік редакторы тақырыбына тест тапсырмалары

1

2

3

4

5

6

В

Б

Б

А

А

Б

VІІ. Сабақты қорыту. «Әуежайға қайту»

Рефлексия жүргізу

Не білдім

Не үйрендім

Сабақтан алған әсерім

VIII. Үй тапсырмасы

§28 тақырыпты оқып, мазмұндау. Астана тақырыбында презентация құрап келу

IХ. Бағалау.

Оқушыларды жинаған ескерткіш суреттері арқылы бағалау

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности