link3888 link3889 link3890 link3891 link3892 link3893 link3894 link3895 link3896 link3897 link3898 link3899 link3900 link3901 link3902 link3903 link3904 link3905 link3906 link3907 link3908 link3909 link3910 link3911 link3912 link3913 link3914 link3915 link3916 link3917 link3918 link3919 link3920 link3921 link3922 link3923 link3924 link3925 link3926 link3927 link3928 link3929 link3930 link3931 link3932 link3933 link3934 link3935 link3936 link3937 link3938 link3939 link3940 link3941 link3942 link3943 link3944 link3945 link3946 link3947 link3948 link3949 link3950 link3951 link3952 link3953 link3954 link3955 link3956 link3957 link3958 link3959 link3960 link3961 link3962 link3963 link3964 link3965 link3966 link3967 link3968 link3969 link3970 link3971 link3972 link3973 link3974 link3975 link3976 link3977 link3978 link3979 link3980 link3981 link3982 link3983 link3984 link3985 link3986 link3987 link3988 link3989 link3990 link3991 link3992 link3993 link3994 link3995 link3996 link3997 link3998 link3999 link4000 link4001 link4002 link4003 link4004 link4005 link4006 link4007 link4008 link4009 link4010 link4011 link4012 link4013 link4014 link4015 link4016 link4017 link4018 link4019 link4020 link4021 link4022 link4023 link4024 link4025 link4026 link4027 link4028 link4029 link4030 link4031
Калиева Айнур Рысбековна
Должность:Учитель технологии
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, Павлодарский район, село Ефремовка
Открытое внеклассное мероприятие "Мектеп аруы"

Потанин жалпы орта білім беретін мектеп

«Өнер» әдістемелік бірлестігі


«Мектеп аруы — 2013»

Дайындаған: Калиева А.Р.

2013 жыл

Потанин жалпы орта білім беретін мектеп

«Мектеп аруы 2013» қыздар арасында байқау

Тақырыбы: "Мектеп аруы 2013" қыздар арасында байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті біздің мектеп ұстаздары, қонақтар және байқауға қатысушы арулар! Сіздерді көктем мерекелерімен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін!

Жүргізуші: Ал, бүгінгі қыздарымыздың өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Мектеп аруы 2013» атты сайысымызды ашуға мектебіміздің инновация ісі меңгерушісі Ергазина А.К. сөз берейік.

Жүргізуші: Қыз десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Мектеп аруы — 2013» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->

Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

Жүргізуші: Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші: Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. — деп әділ — қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. Батесова Г.П.
2. Нургазина Ж.С.
3. Дюсенов Д.К.

Жүргізуші: Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Таныстыру».
Әрбір ару өзін 1 минуттың ішінде таныстырып өтуі керек.


Әділ — қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем — кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз дайын нұсқаулықты пайдаланып бұйым жасайды.

Әділ — қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Жүргізуші: Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты — дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген — ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі

Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

Жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

ІV кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың би өнері тамашаланады, ән шырқалады, ару әнге сәйкес би билейді.

Әділ — қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Жүргізуші: Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі — жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса Ү кезең «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.

Әділ — қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Жүргізуші: Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның да білген сырын,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер

Дайындаған жаңашыл тағам түрін.

Өнер білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр ару дайындап әкелген тағамын әділ қазылар алқасына және көрермендерге көрсетіп, қорғайды.

Әділ — қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Жүргізуші: «Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» — деп, аталатын бұл кезеңде барлық қыздарға бір ғана сұрақ қойылады, ол сұраққа ару қыздарымыз өз сезімдері бойынша жауап беруі керек. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.

Сұрақ: Өз ауылына қандай үлес қосар едің?

Какой вклад ты внесла бы в свое село?

7-ші кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары.

Жүргізуші: Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.

Жүргізуші: Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

Жүргізуші: Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым — қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз.

1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

2.«Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.

5.« Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 — 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.

7.«Қызым — үйде, қылығы — түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности