link6120 link6121 link6122 link6123 link6124 link6125 link6126 link6127 link6128 link6129 link6130 link6131 link6132 link6133 link6134 link6135 link6136 link6137 link6138 link6139 link6140 link6141 link6142 link6143 link6144 link6145 link6146 link6147 link6148 link6149 link6150 link6151 link6152 link6153 link6154 link6155 link6156 link6157 link6158 link6159 link6160 link6161 link6162 link6163 link6164 link6165 link6166 link6167 link6168 link6169 link6170 link6171 link6172 link6173 link6174 link6175 link6176 link6177 link6178 link6179 link6180 link6181 link6182 link6183 link6184 link6185 link6186 link6187 link6188 link6189 link6190 link6191 link6192 link6193 link6194 link6195 link6196 link6197 link6198 link6199 link6200 link6201 link6202 link6203 link6204 link6205 link6206 link6207 link6208 link6209 link6210 link6211 link6212 link6213 link6214 link6215 link6216 link6217 link6218 link6219 link6220 link6221 link6222 link6223 link6224 link6225 link6226 link6227 link6228 link6229 link6230 link6231 link6232 link6233 link6234 link6235 link6236 link6237 link6238 link6239
Қожакеева Гүлназ Әбубәкірқызы
Должность:Биология және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Павлодар
Регион:Павлодар облысы, Павлодар қаласы , Ленин кенті
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары "Шыншылдық - адамдықтың белгісі"

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

Мектеп : №33

Мерзім:

Тақырып: Шыншылдық - адамдықтың белгісі

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік.

Мұғалім: Қожакеева Г.Ә.

Сынып : 1

Оқушылар саны : 22

Сабақтың мақсаты:

Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

Білімділік : Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;

Дамытушылық: Өзара адал қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік : Шыншыл, адал болуға тәрбиелеу

Ресурстар: \құралдар, мәліметтер\ (1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті:

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

2. Үй тапсырмасын тексеру. (1 сынып «Өзін - өзі тану» оқулығы)

Ә. Табылдиевтің «Ағайынды екі қыз» әңгімесі .

Биік таудың ар жағында апалы-сіңлілі екі қыз өмір сүріпті . Біреуінің аты Шындық, екіншісінің аты — Өтірік екен.

Шындық әдемі ақ көңіл, ақылды қыз болады..........

Сұрақтар:

-Екі қыздың қайсысымен дос болар едіңдер?

-Шыншылдық дегенді қалай түсінесің?

-Сеніңше шыншыл бала қандай болады?

-Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Қорытынды: (Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді)

- Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі - шыншыл болу, өтірік айтпау.

3. Дәйексөз.

«Шыншылдық жақсылыққа жетелейді».

Оқушыларға мағынасын түсіндіру

- Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналы ғынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

Сұрақтар:

-Шындық неге жеткізеді?

-Ал өтірік ше? Мысал келтір.

Жаттату :

-үш рет қайталау;

-қыздарға қайталату , ұлдарға қайталату ;

-2-3 баладан сұрау

4. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы

«Шындық пен өтірік» (Аңыз әңгіме)

Қоянмен түлкі дос болыпты. Бір күні қоян дүкенге бара жатып, анасы берген ақшаны жоғалтып алады. Ал түлкі ақшаны көріп тұрса да айтпайды. Қоян басы салбырап үйіне кетеді. Түлкі ақшаны алады да өзіне қажет нәрсені сатып алмақшы болады. Бірақ досының көңілсіз күйі есіне түсіп, түлкі ақшаны досына әкеліп береді. Қоян қатты қуанып, досын құшақтай алады.

Сұрақтар:

- Түлкінің орнында сен болсаң не істер едің?

- Шындық неге жетелеп отыр?

- Қоянды қуантқан түлкі өзі де қуана ма?

- Түлкі ақшаны қайтармаса не болар еді?

Қорытынды: Балалар , шыншыл адам өз сөзіне берік , ісіне адал болады.

5. Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды 2 топқа бөліп, біреуіне «шындық», екіншісіне «ақиқат» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер құрастыру тапсырылады.

Мысалы: Ш шана, А алма т. с. с

6. Топпен ән айту. «Балдырғандар» әні

Сөзін жазған: О. Әубәкіров

Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз балалар барлығымыз.

Қайырмасы: Өмір тым жайдары

Қызықтың қайнары

Мектебіміз жайнады \рет\

Біз Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, шыншылдық ұранымыз.

Қайырмасы

7. Үй тапсырмасы.

а\85 беттегі «Жауапты іс» деген мәтінді оқу;

ә\ Дәптерде берілген «Мақал мәтелдерді» оқыңдар. Олардың мағынасын түсініп, жаттап алыңдар» деген тапсырманы орындау ұсынылады.

8. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою

Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности