link10584 link10585 link10586 link10587 link10588 link10589 link10590 link10591 link10592 link10593 link10594 link10595 link10596 link10597 link10598 link10599 link10600 link10601 link10602 link10603 link10604 link10605 link10606 link10607 link10608 link10609 link10610 link10611 link10612 link10613 link10614 link10615 link10616 link10617 link10618 link10619 link10620 link10621 link10622 link10623 link10624 link10625 link10626 link10627 link10628 link10629 link10630 link10631 link10632 link10633 link10634 link10635 link10636 link10637 link10638 link10639 link10640 link10641 link10642 link10643 link10644 link10645 link10646 link10647 link10648 link10649 link10650 link10651 link10652 link10653 link10654 link10655 link10656 link10657 link10658 link10659 link10660 link10661 link10662 link10663 link10664 link10665 link10666 link10667 link10668 link10669 link10670 link10671 link10672 link10673 link10674 link10675 link10676 link10677 link10678 link10679 link10680 link10681 link10682 link10683 link10684 link10685 link10686 link10687 link10688 link10689 link10690 link10691 link10692 link10693 link10694 link10695 link10696 link10697 link10698 link10699 link10700 link10701 link10702 link10703 link10704 link10705 link10706 link10707 link10708 link10709
Жанибек Раушан
Должность:учительница по самопознании
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:обл. Кызыл-Орда, р. Казалинск, кент Айтеке би
Іздегенде табылатын қасыңнан 8- сынып

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

№249 мектеп — лицей

Өзін-өзі тану мұғалімі

Жанибек Раушан Жанибеккызы

Бекітемін:
№249 мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г. Дөңесова

Мектеп: №249 мектеп — лицей Мерзiмі: ____________ № 13

Тақырып: Іздегенде табылатын қасыңнан

Құндылық дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, адалдық

Мұғалiм: Жанибек Раушан Жанибеккызы Сынып: 8____ Оқушылар саны: ___

Сабақ мақсаты:

- - Оқушыыларға құрбыларының арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға тәрбиелеу, айналасындағы адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту.

- Сабақтың міндеті:

- Адам қарым-қатынасындағы «дос», «достық» ұғымдарына түсінік беру.

- Оқушыларға достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру, достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

- Оқушыларды сыпайылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, сезімталдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сабақ барысын талқылау:

релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыпқа шолу.

Дос туралы ұғымды еске түсіру

2. Дәйексөз.

«Адамның басы бәлеге ұрынған кездегі ең жақсы қамал - адал достар»

Аристотель

Осы дәйексөздің мазмұнын ашу үшін төмендігідей өрбуі тиіс:
Көзқарас:
Себебі:
Мысал:
Жалпылау

3. Әңгiмелеу (Мұғалім сыйы).

Сый ретінде достық туралы видео көрсетіледі. Видеода екі достың өмірі көрсетіледі.

Және достық, дос туралы ұғымдардың мағынасын ашу

Оқушылармен бірге видеоны талқылау. Мағынасын ашу.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1- Дос туралы постер құрастыру,

2- Достық эмблемасын жасау

3- Дос туралы 1 шумақ өлең шығару

Оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.

Топпен ән айту

«Жан досым»

6. Үй тапсырмасы.

Дос туралы эссе жазу.

7. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық… бар жерде, тыныштық… бүкiл әлемде)

Ыңғайланып отырыңыз.Көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!

релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс. Сабақ осылай қорытындалады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности