link3780 link3781 link3782 link3783 link3784 link3785 link3786 link3787 link3788 link3789 link3790 link3791 link3792 link3793 link3794 link3795 link3796 link3797 link3798 link3799 link3800 link3801 link3802 link3803 link3804 link3805 link3806 link3807 link3808 link3809 link3810 link3811 link3812 link3813 link3814 link3815 link3816 link3817 link3818 link3819 link3820 link3821 link3822 link3823 link3824 link3825 link3826 link3827 link3828 link3829 link3830 link3831 link3832 link3833 link3834 link3835 link3836 link3837 link3838 link3839 link3840 link3841 link3842 link3843 link3844 link3845 link3846 link3847 link3848 link3849 link3850 link3851 link3852 link3853 link3854 link3855 link3856 link3857 link3858 link3859 link3860 link3861 link3862 link3863 link3864 link3865 link3866 link3867 link3868 link3869 link3870 link3871 link3872 link3873 link3874 link3875 link3876 link3877 link3878 link3879 link3880 link3881 link3882 link3883 link3884 link3885 link3886 link3887 link3888 link3889 link3890 link3891 link3892 link3893 link3894 link3895 link3896 link3897 link3898 link3899 link3900 link3901 link3902 link3903 link3904 link3905
Жангатаева Назерке Есркеновна
Должность:учительница географии
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан, Атырауская область, г.Атырау
Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы.

Жанғатаева Назерке Есркенқызы,

География пәнінің мұғалімі.

Атырау облысы,

Атырау қаласы,

№15 Абай атындағы орта мектеп

1-слайд . Тақырыбы: Антарктида. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы. 7-сынып.
2-слайд. Мақсаты:
1. Антарктиданың географиялық орны, ашылу мен зерттелу тарихын түсіндіру.
2. Оқушыларға жаңа сабақты мазмұндау, зерттелу тарихын ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту. Білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын, картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
3. Пәнге деген қызығушылыққа тәрбиелеу, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдістері: Слайд арқылы түсіндіру, сұрақ - жауап, ой шақыру, кластер
құру.
Көрнекіліктері: Ақпаратты технология құралдары: компьютер, проэктор.
Дүние жүзінің физикалық картасы.

3-слайд. Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру.

1. Үй тапсырмасын тексеру. Блиц-тур
ІІ. Ой шақыру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
1. Антарктиданың географиялық орны.
2. Антарктиданың зерттелу тарихы.

3. Карта еліне саяхат.
ІV. Білімді бекіту.

1. Сандар сөйлейді

Сергіту сәті. Ойын «Материкті пішіні бойынша таны»

2. Сәйкестендір

Ү. Қорытындылау.

Топтастыру.

VІ. Үйге тапсырма беру.
VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Блиц-тур

Әр топқа 10 сұрақ беріледі.

1-топ:

1. Аустралия атауы қай тілден шыққан, қандай мағына береді?

2. 1606 жылы материкті кім ашты?

3. Аустралияның географиялық орны?

4. материктің шеткі нүктелері

5. материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздері

6. материк пен Жаңа Гвинея аралын қандай бұғаз бөліп жатыр?

7. Абель Тасман материктің қай бөлігін зерттеген?

8. Таулардың биіктігі

9. Аустралияның пайдалы қазбалары

10. Аустралияның орташа биіктігі

1. Ең ірі өзені? Олар немен қоректенеді?

2. Аустралия өзендері неше алапқа бөінеді?

3. Ірі көлдері

4. Жер асты сулары не деп аталады?

5. Аустралияның табиғат зоналарын ата

2-топ:

1. Материк неше жыл бұрын басқа материктен бөлінген?

2. Материктің жер көлемі қанша?

3. Аустралияның ең төменгі жері

4. Аустралия неге ең құрғақ материк?

5. Аустралияның жаздық орташа температурасы

6. Аустралияның жаз айларын ата

7. Клматтық белдеулерін ата

8. Материк климаты қыста қалай өзгереді?

9. Аустралияда өзендердің аз болуы неліктен?

10. Өзендердің сулары тартылған жерлерді не деп атаймыз?

6. Мұнда басқа материктерде кездеспейтін қандай өсімдіктер мен жануарлар бар?

7. «Аустралияның» өлі жүрегі деп неге атайды?

8. «Вили-вили» дегеніміз не?

9. Елдің астанасы,халқының орналасуы

10. Байырғы халықтары кімдер

4,5-слайд. Ой шақыру

«Полярлық күні көзді шағылыстыра жарқыраған, полярлық түні алай - дүлей боран мен бұлтқа оранған осы бір беймәлім қар мен мұздың өлкесі Оңтүстік поляр аймағында жатыр.» (Гусев А. М.)


Бұл қай материк туралы айтылған?

Бүгінгі сабақта Антрактида материгінің физикалық-географиялық орнымен, материк пішінімен, ашылу және зерттелу тарихымен танысамыз.

Сонымен, оқушылар,ғаламшарымыздағы ең ғажайып материк Антрактидаға саяхат жасаймыз .

Адамдар әртүрлі себептермен саяхатқа шығады. Біреулер шытырман оқины жақсы көрсе, енді біреулер жаңалық ашуға құштарлық танытады, үшінші біреулер құпиясы мен қызығы мол жерлерге саяхат жасағысы келеді.

Мына бір өлең жодарына назар аударайық:

Айтқым келеді саған, достым,

Тамаша жер көп бұл ғаламшарда

Келеді саған бір ой қосқым

Неге барасың Антрактидаға?

Сабақтың соңында бұл өлең жолдарындағы «Неге барасың Антрактидаға?» деген сұраққа жауап табамыз.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
6,7,8,9- слайд. Антарктида. Географиялық орны

Антрактида жер шарының оңтүстік поляр аймағы болып табылатын Антракатиканың орталығында орналасқан бірден-бір материк. Антрактида «Арктикаға қарама-қарсы» деген мағынаны білдіреді. Материк ауданы 12,4 млн км 2 ал қайрандық мұздықтар мен көршілес аралдарды қоса есептегенде 14 млн км2 жуық. Жерінің 99 пайызын мұздар құрайды. Мұздың орташа қалыңдығы 1720 м

ең қалың жері Шмид жазығы 4300 м тұщы су қоры 80 пайызын құрайды. 1983 ж ең суық температура -89,2, С құрайды. Материктің ең биік нүктесі-5140 м ең төмен ойыс Бентли -2555 м

Сөнбеген жанартау ең ірісі Эребус жанартауы 3794 м таңның атуы мен күннің шығуын жылына бір рет болады.

Ерекшелігі.

Антарктиданың басқа материктерден ерекшелігі: мұнда тұрақты халық жоқ және оның құқықтық жағдайы мүлде басқаша. Ол бірде бір мемлекеттің қарамағына жатпайды. Халықаралық келісім бойынша оның территориясында әскери сипаттағы кез - келген шараларды өткізуге, қарулар мен ядролық жарылыстарды сынауға тыйым салынған. Антарктиданың табиғатын қорғау заңда баян етілген.

10,11,12,13,14-слайд. Антарктиданың зерттелу тарихы.
Джеймс Кук зерттеулері.1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Джеймс Кук Антрактида жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.
Беллинсгаузен мен Лазарев зерттеулері.Антрактиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазерев басқарған "Восток” және "Мирный” желкендң кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антрактида материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антрактиданың ашылған күні болып табылады.
Руаль Амундсен зерттеуші. Норвегиядан (1910) "Фрам” кемесіменАнтарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын Оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген — Солтүстік полюс – Аляска бағыты бойынша "Норвегия” дирижаблімен 1-трансарктикалық ұшуды басқарды.Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшырағанУ. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып "Латам” гидроұшағының экипажымен бірге қаза тапты. Солтүстік Мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазан-шұңқырлар, бұғаздар бар
Роберт Скотт зерттеуші.(6.6. 1868, Девонпорт — 30.3.1912 ж. ш.) —Антарктиданы зерттеуші ағылшын саяхатшысы. Корольдік әскери-теңіз флотында қызмет етті. 1900 ж. тұңғыш ағылшын ұлттық антарктикалық экспедициясын басқарып, "Дискавери” әскери кемесімен Антарктидаға аттанды. 1901 — 04 ж. аралығында Виктория жерін, Росс түбегінің жағалауын, Росс қайраңдық мұздығын зерттеп,Эдуард VІІ түбегін ашты. Скот қасына Э.Уилсон мен Э.Шеклтонды алып, құрлықтың түпкіріне қарай жүріп, 82Ә17о. е-ке дейін жетті. 1910 ж. 15 маусымда "Терра Нова” кемесімен Антарктидаға екінші экспедицияға шықты. 1911 ж. қараша айында Росс аралынан оңтүстікке қарай аттанды. 1912 ж. 18 қаңтарда норвег поляр зерттеушісі Р.Амундсеннен 33 күннен кейін төрт серігімен бірге Оңтүстік полюске жетті. Қайтар жолда серіктерімен бірге мерт болды. Скот есімімен Эндерби Жеріндегі таулар, екі мұздық, Тынық мұхиттыңоңтүстігіндегі арал, Виктория Жеріндегі жаға, т.б. аталады

15,16,17,18- слайд

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности