link4752 link4753 link4754 link4755 link4756 link4757 link4758 link4759 link4760 link4761 link4762 link4763 link4764 link4765 link4766 link4767 link4768 link4769 link4770 link4771 link4772 link4773 link4774 link4775 link4776 link4777 link4778 link4779 link4780 link4781 link4782 link4783 link4784 link4785 link4786 link4787 link4788 link4789 link4790 link4791 link4792 link4793 link4794 link4795 link4796 link4797 link4798 link4799 link4800 link4801 link4802 link4803 link4804 link4805 link4806 link4807 link4808 link4809 link4810 link4811 link4812 link4813 link4814 link4815 link4816 link4817 link4818 link4819 link4820 link4821 link4822 link4823 link4824 link4825 link4826 link4827 link4828 link4829 link4830 link4831 link4832 link4833 link4834 link4835 link4836 link4837 link4838 link4839 link4840 link4841 link4842 link4843 link4844 link4845 link4846 link4847 link4848 link4849 link4850 link4851 link4852 link4853 link4854 link4855 link4856 link4857 link4858 link4859 link4860 link4861 link4862 link4863 link4864 link4865 link4866 link4867 link4868 link4869 link4870 link4871 link4872 link4873 link4874 link4875 link4876 link4877 link4878 link4879 link4880 link4881 link4882 link4883 link4884 link4885 link4886 link4887 link4888 link4889 link4890 link4891 link4892 link4893 link4894 link4895
Ногаева Гульназ Оразбековна
Должность:Заведующий школьный библиотеки
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:г.Кызылорда
Оқырмандар конференциясы "Тәуелсіздік таң нұры"

Тәуелсіздік таң нұры (Оқырмандар конференциясы)

Мақсаты:

Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру.

Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бейнетаспа, көркем суреттер.ҚР мемлекеттік рәміздері, Н.Назарбаевтың суреті.

Сахнаның ар жағынан Қ.Әбділдәқызы «Тәуелсіздік» өлеңі оқылады

Бағдарламасы: І.Кіріспе Ел тарихына түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік- таң нұры»оқырмандар конференциясын ашық деп жариялаймыз.Енді конференциямызды ел тарихынан бастасақ:

Әби Әсел

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Біздің Отанымыз — егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Бегалы Назерке

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

Әміров Исмайл

1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

Ибадулла Адилет:

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

Кари Асел:

4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды.

Мүбәрак Ақжол::

1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Таукен Лаура:

1994 жылы 30 маусымда тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанды.

Ташимов Али:

1995 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата заңы» қабылданды.

Сыздықова Зәуре: 1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлының 150 жасқа толған мерейтойы дүниежүзілік көлемде аталып өтілді.

Жаханша Биназар:

1996 жылы 30 тамызда жаңа «Қазақстан Конститутциясына» 1 жыл толды. Бұл күні Алматының орталық алаңында «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды.

Серікбай Ботагөз:

1997 жыл «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын — сүргін құрбандарын еске алу» жылы болып белгіленді.

Сапабек Назбек:

1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы болды.

Көпен Рабия:

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

Қонысбай Ұлболсын:

2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.

Бақтыбай Жансая:

2001 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.

Базарбай Айдос:

2002 жыл «Денсаулық» жылы болып жарияланды.

Төлеген Асылбек:

2003 жыл «Ресейдің Қазақстандағы жылы» болып жарияланды.

Бейішбеков Нұрлыбек:

2003-2005 жыл «Ауыл жылдары» болып жарияланды

Салмырза Құралай:

2006 жылы «Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы» болып жарияланды

Абдрашитов Алмас:

2007 жылы «Қазақстандағы Германия жылы» болып жарияланды

Қалдан Мирас:

2008 жылы «Украинадағы Қазақстан жылы» болып жарияланды

1 Жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.

Ортада «Қазақстаным — қара шаңырағым» дегентақырыпта баяндамасымен Серікбай Ботагөз.

2 Жүргізуші: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Келесі «Тәуелсіз елім — нар елім» деген баяндамасымен Салмырза Құралай.

1 Жүргізуші: Қазақ халқы — жауынгер халық. Олар аттың жалында, түйенің қомында жүріп — ақ ұлан-ғайыр жерді бізге мұра етіп қалдырды емес пе? Жер болғанда қандай жер! Қазба байлықтың бәрі бар. Ең бай, шұрайлы, құнарлы, әсем жерлер.Сұлу айдын көлдеріміз, асқар тауларымыз, шалқар белдеріміз көз тартарлық табиғат байлығы Қазақстан жерінде!.Келесі «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» деген баяндамасымен Қонысбай Ұлболсын.

2 Жүргізуші: ХVІІІ ғасырда «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» заманы еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын, дау жеңетін жігітті талабынан танимын» дегендей адастырмас ақыл мен қара қылды қақ жарған, әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің орны ерекше. Ортада «Мемлекеттік тіл — тәуелсіздігіміздің тірегі» деге нтақырыпта баяндамасымен Өмірғалиев Рауан.

1.Жүргізуші:

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері,

Әділет пен бірлікке жанын қиып.

Әділ өткен ағалардың туған жері.

Бес арыс ұлдары

«Елім»- деп өткен ер.

Жалынды жырлары

Жанымен өтелер.

Үш алып тұлғалар

Бір болып ұраны,

Ғасырлық ұлылар

Мәңгілік жыр әнім - деп

2 Жүргізуші: Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді біртабан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн — «желтоқсан оқиғасы» Осы желтоқсан оқиғасына байланысты 8515 адам ұсталып, прокуратура 5324, мемлекттік қауіпсіздік комитеті 550 адамды тергеді. Түрлі дәрежедегі жарақат алған 1283 адам қаланың медицина мекемелеріне барды. «Қазақты қазақ еткен — Желтоқсан» деген баяндамасымен Темірбек Даулет.

«Желтоқсан жаңғырығы» оқитындар:

8 «Д» класс оқушысы Сыздықова Зәуре

8 «Д» класс оқушысы Жаханша Биназир

Жүргізуші:

Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,

Бөтен елдің билігіне бас ұрсақ.

Бұның бәрін дұрыс болмас түсінгін

Тәуелсізсің біліп қойғын жас ұрпақ!

Серікбай Қуаныш:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға, әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.

Нақыпбек Айбек:

Бүгіннің биігінен көз саламын еліме,

Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме

Қазақстан — бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан,

Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан!

Қазақстан — бүгін міне, достықтың туын тіккен жер: мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер!

Бүгін міне өркендеуде өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз,

Мәдениет те таң қалдырып, ғылымымыз өрлеуде.

Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға,

Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім аршында!

1 Жүргізуші:

Далада думан қалада думан жыр бүгін,

Ғасырлар бойы аңсай да күткен бұл күнім,

Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,

Кеудеме әкеп қондырған бақыт жыр әнін - дей келе ән «Отан — Қазақстан»

Орындайтындар: 6 класс оқушылары Асқар Бибарыс.

Ақтөбенің суреттер бейнесі

2 Жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

(Күй ойнап, тақтаға Тәуелсіздік монументі суреті шығады.)

«Тәуелсіздік толғауы» оқитын 8 «Д» класс оқушысы Бақтыбай Жансая

1 Жүргізуші:

Той боп жатыр, міне бүгін қаламда,

Той боп жатыр бүгін менің даламда.

Көркіменен бар әлемді тәнті еткен,

Ел ордамыз — «Астана» атты қаламда.

«Астана» оқитын 6 «А» класс оқушысы Марат Саламат

Ән. «Астана» орындайтын 8 класс оқушысы Жүкеева Жанар

2 Жүргізуші:

Тәуелсіз — Қазақстаным

Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

1 Жүргізуші:

Сан ғасырлар тарихынан кешегі

Туған жердің шежіресі өседі

Менің елім Қазақстан - Отаным,

Болашағы бізбен бірге өседі.

Ән «Қазақ елі» орындайтын

8 «Д» класс оқушысы Базарбай Айдос

2 Жүргізуші:

Тәуелсіздік — тәтті ұғым, қандай ғажап!

Халқымның орындалды басты арманы.

Туған тілдің мәртебесін тасқа қашап,

Күмбез көкте желбірейді көк байрағы

«Тәуелсіздік- таң нұры» атты оқырмандардар конференциясы аяқталды.

Назар қойып, тыңдағандарыңызға Рахмет!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности