link11400 link11401 link11402 link11403 link11404 link11405 link11406 link11407 link11408 link11409 link11410 link11411 link11412 link11413 link11414 link11415 link11416 link11417 link11418 link11419 link11420 link11421 link11422 link11423 link11424 link11425 link11426 link11427 link11428 link11429 link11430 link11431 link11432 link11433 link11434 link11435 link11436 link11437 link11438 link11439 link11440 link11441 link11442 link11443 link11444 link11445 link11446 link11447 link11448 link11449 link11450 link11451 link11452 link11453 link11454 link11455 link11456 link11457 link11458 link11459 link11460 link11461 link11462 link11463 link11464 link11465 link11466 link11467 link11468 link11469 link11470 link11471 link11472 link11473 link11474 link11475 link11476 link11477 link11478 link11479 link11480 link11481 link11482 link11483 link11484 link11485 link11486 link11487 link11488 link11489 link11490 link11491 link11492 link11493 link11494 link11495 link11496 link11497 link11498 link11499 link11500 link11501 link11502 link11503 link11504 link11505 link11506 link11507 link11508 link11509 link11510 link11511 link11512 link11513 link11514 link11515 link11516 link11517 link11518 link11519
Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Өнермен өрнектелген Тәуелсіз Қазақстан! (ашық тәрбие сағаты)

Казахстан, Акмолинская область, г. Кокшетау

Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей

Воспитатель

Турукулова Қарлығаш Ислямбековна

Өнермен өрнектелген Тәуелсіз Қазақстан! (ашық тәрбие сағаты)

Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздік туралы ұғымды ұғындыру, елін құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.

1 - жүргізуші:

Отан, Отан

Сен болмасаң, не етер ем,

Өмірден бұл өксумен кетер ем, деп — құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар

«Өнермен өрнектелген Тәуелсіз Қазақстан» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2- жүргізуші:

Көк байрақ

Зеңгір көк түс — бұл Қазақстан байрағы,

Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы,

Аспанмен жатыр астасып алтын күні айбарлы,

Бейбіт күннің болашағы, ұланбыз біз жайдарлы.

1 - жүргізуші:

Алтын күннің астында қалықтайды қыраным,

Шет-шетінен көмкерілген ою-өрнек, жыр әнім.

Салтымызда салт — дәстүрім жаңғырып,

Орындалып жалындаған асқақ биік арманым.

2- жүргізуші:

Көк байрақты көтерер болашақпен таудаймын,

Елім үшін жаным пида, лапылдаймын, лаулаймын.

Ана тілін, өз тілімді жаттап өскем жасымнан,

Қасиетті қара өлеңді бір өзіңе арнаймын.

1- жүргізуші:

Жігерлі шат көңілмен, мақтанышпен айтамыз,

Өзінде айбын қуаныш, өзіннен қуат аламыз.

Ашық аспан, бейбіт күн, жалғаса берсін салтымыз,

Тәуелсіздікке тән белгі — шырқасын мәңгі халқымыз.

2- жүргізуші:

Жан азығым, қалықтай берсін, шарықтай бер Әнұран,

Салтанатты асқақ саз, гүлдене бер кең далам!

Жүректерде жаңғырады кеудені кернеп Әнұран,

Елімде рух, мән берген иесі оның мен болам!

ҚР әнұраны орындалады.

1- жүргізуші:

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан — әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін ұланғайыр даламыздың тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы.

Ән: «Өз елім менің»

1 - жүргізуші:

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата — бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманның азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырғыш аманаты екені сөзсіз. « Өткенсіз болашақ жоқ» - дейді дана халқымыз.

Ән «Мен қазақпын »

2 — жүргізуші:

Тәуелсіздіктің басты жемісі — еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп, әлемдік аренадан көрінсе, кешегі Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына ( ЕҚЫҰ ) — ға төрелік етуі, 7 - қысқы Азия ойындары тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе?

Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма?

Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін тоқтық пен молшылықты, қуаныш пен жақсылықты, мұқтаждық пен жоқшылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе ?! Қазақ халқы «Бейнет түбі — зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай, бүгінгі күні тәуелсіздігімізге қол жеткіздік.

«Туған жер» әні

1 — жүргізуші:

Қазақ даласында қайсар рухты Амангелді мен Бекболаттар жерін қорғауда аянбай күрессе, кешегі бүкіл ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған Арқада Ахмет пен Міржақып, Шығыста Алихан, Оңтүстікте Мұстафа, Батыста Халел — халқымыздың ояну дәуіріндегі арыстары, алаптары. Тарихты сараласақ, дұшпанын басқа шығармай, басынан сөз асырмаған елміз. Рухы мықты қайсар қазақ елі аштықты да, қызыл қырғынды да, сталиндік репрессияны да бастан кешті.

«Жібектің елі» орындайтын Есемғали Анель

2 — жүргізуші:

Елбасымыз елдікті нығайту мен қатар есімі тарихта қалған ұлылар абыройын да асқақтата білді. Оған дәлел ЮНЕСКО көлемінде Абай, Жамбыл, Мұхтар, Махамбет тойларының өткізілуі. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында Астананың Сарыарқа төріне көшірілуі — көрегендіктің белгісі.

1 — жүргізуші:

Түркістанның 1500 жылдығының тойлануы, Күлтегін бабамыздың ескерткішінің Елорданың төрінен орын алуы. Сонымен қатар «Экспо 2017» Сарыарқаның төрінде өтуі, «Қазақстан 2050» Стратегиясы, Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауы.

Арайлап атқан бейбіт таңы бар, асу бермес асқар — асқар тауы бар, кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар менің елім — Қазақстан !

Біз 22 жылда үнемі даму, қарқындау үстіндеміз.

«Қазақ жері осындай» әні

2 — жүргізуші:

Бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін қазақтың ұлан - байтақ жерін ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» қорғап келген.

Күй: «Балбырауын».

1 — жүргізуші:

Дініміз, тіліміз, ұлттық болмысымыз үшін жандарын қиған Алаш арыстарының да арман мақсаттары жүзеге асты. Оның дәлелі — мемлекеттік тіл туралы заң.

«Саржайлауым»

Барлық қатысушылар сахнаға шығады.

2 — жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік — ел бақыты, ертеңі,

О, халайық ! Құтты болсын қуаныш!

«Жаса Қазақстан» әні

1 — жүргізуші:

Баршамыздың туған Отанымыз — Қазақстан жасай берсін, байтақ еліміздің мәртебесі биіктеп, әрдайым мерейі үстем бола берсін. Еңбекте жемісті, оқуда озат, денсаулықтарың мықты болып, Қазақстанның өршіл, намысқой, ержүрек азаматы болуларыңызға тілектеспіз.

2 — жүргізуші:

Желбіреп көкте байрағың,

Аман боп ауыл, аймағың,

Айбарың ассын қазағым — деп, жырлай отыра, осынау дарқан жүректі, кең жазира көңілді, ақын жанды халықтың ұрпақтары болғандарымызға қуанамыз, мақтанамыз ! Мың өліп, қайта тірілген елімнің Тәуелсіздігі ұзағынан сүйіндірсін деп, бүгінгі салтанатты кешімізді жабық деп жариялаймыз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности