Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қожа Ахмет Иассауидің сопылық діни философиясы

Қазақстан республикасы, Шу ауданы, Шу қаласы
Амангелді атындағы орта мектебі
Қазақстан тарихы пән мұғалімі
Естаева А.Т.

Мақсаты. 1. Білімділік.

  • Оқушылардың Ислам діні және оның құндылықтары туралы алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, Қожа Ахмет Иассауидің ислам дінін таратудағы ролін ашып көрсету

2. Дамытушылық.

  • Оқушылардың ізденушілік- зерттеушілік қабілеттерін дамыта отырып, ой қорытындысын жасай білу біліктілігін жетілдіру.

3. Тәрбиелік.

  • Имандылыққа, өз халқының дінін қадірлей білуге үйрете отырып, ислам діні туралы ғылыми көзқарастарының дұрыс қалыптасуына ықпал ету, әр түрлі секталар мен ағымдардың ұстандарымына түсіп кетуден сақтануға үйрету.
  • Дінаралық үнқатысу шарттарын сыйлауға, Отаншыл, ұлтжанды болуға , ата- бабаларымыздың рухани сенімін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Түрі: жаңа білімдерді меңгерту сабағы.

Әдісі: - мағынаны ажырату

- ой шақыру.

- ой толғаныс.

- ой талқы.

- ой түйін

Нәтиже: - ой түйін.

- салдарлы тұжырым

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейне ролик, слайд, портреттер, суреттер. тестік жұмыстар, таратпа материалдар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, оқушыларды түгелдеу, сынып оқушыларын топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау, « жүректен- жүрекке» сәттілік тілеу.)

Топ- топқа, қонақтарға, мұғалімге. ( топ жетекшісі айтады) Алтын ереже:

Мұғалім сөзі: Балалар өткен тақырыптарды еске түсіру үшін мына бейне роликке назар аударайық. Нені байқадыңдар?

Оқушы жауабы.

Енді төмендегі сұрақтарға жауап беріп көрейік.

1. Әлемдік діндерді ата. ( Будда, христиан, ислам. ) Ең жас дін қайсы?

2. Әр діннің қасиетті кітаптарын ата.

3. Әр діннің негізін салушыларда ата. Топтық жұмыс. ( уақыт- 1 минут)

1-топ. (таратпа материалдар)

Әлемдік діндердің қай елдерде пайда болғанын анықта.

2-топ.

Әлемдік діндердің ең негізгі мерекелерін ата.

3-топ.

Барлық діндерде ортақ мүдде барма,бар болса , атап айт.

« Ой қозғау». Мұғалім: Ал осы діндердің маңызы жайлы не айта аласыңдар ? Ықпалы, пайдасы бар ма?

Оқушы жауабы тыңдалады. Кластер жасау.

- Білім дамиды.

- Ғылым дамиды.

- Мәдениет дамиды.

- Қалалар дамиды.

- Сауда өркендейді.

- Бейбіт өмір орнайды.

-

Мұғалім сөзі. Жақсы, дұрыс жауап. Ал олай болса, кім ой түйін жасайды?

Оқушы: Айза. « дін - ғылым , білім , мәдениеттің дамуына жол ашып, өркениеттіліккежетелейді.» Мұғалім: ендеше , ислам дінінің дамуында өзіндік қолтаңба қалдырған , ғылым- білімді дамытуға үлес қосқан қандай ғұламаларды білуші едік, еске түсіріп жіберейікші. Оқушы жауаптары:

1 - Әл- Фараби.

2- Жүсіп Баласағұн.

3- Мақмуд Қашқари.

4. Абай Құнанбаев.

5. Шәкәрім Құдайбердіұлы.

6. Ыбырай Алтынсарин.

Мұғалім сөзі: жауаптарың дұрыс. Қазақ жерінен шыққан осындай дана- бабаларымыз ислам дінін насихаттай отырып, халық болып қалыптасуымызға, ынтымағы жарасқан ел болуымызға ықпал етті.

Мұғалім: Қане, бәріміз мына бір көріністі көріп жіберейік.

Тақтада слайд көрсетіледі. ( Түркістан, тайқаза, А. Иассауи)

Ендеше, бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болуы мүмкін, ойларыңды айтындаршы?

Оқушылар : Қожа Ахмет Иассауи жайлы.

Мақсатымыз қандай болады?

Оқушы жауабы.

Мұғалім сөзі: бүгінгі өтетін тақырып: Иассауидің діни философиясы. ( тақтада көрсету)

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, Түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың хикметтері мен ілімін оқып , үйрену.

Өскелең ұрпақты ұлы баба мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру.

Ұранымыз: (Арай)

Мұрагермін, мұраңды жалғастырар ұрпақпын.

Иассауиден нәр алып, хикметін ұқпақпын

Көз жүгіртіп қарайық , хикметке халайық ,

Өмірінен үлгі алып, әрқашанда басшылыққа алайық.

Дәптермен жұмыс: күнді жазу, тақырыпты жазу.

28- ақпан, қыстың соңғы айының соңғы күні. Ендеше, еске түсіріп кетейік, қыс айы несімен есімізде қалмақшы?

Оқушы: - баға өсті , олимпиада өтті, Жолдау жарияланды.

Мұғалім: жолдау қалай аталады? онда білім саласына қатысты не айтылды?

Оқушы:

Мұғалім: Мәңгілік ел болу үшін бүгінгі ұрпақ мына сендерге үлкен үміт- сенім артылады, ал оны орындау үшін сапалы білім, саналы тәрбие керек екенін әсте естен шығармауымыз керек, келісесіңдер ме?

Қане, енді топ бойынша жұмыс жүргізейік. ( Таратпа материалдар ) 1- топ. «Ахмет Иассауидің өмірі.»

2- топ. «Ахмет Иассауидің еңбегі».

3- топ. « А. Иассауи кесенесі» Тарихтан, қазақ тілі пәндерінен алған білімдерімізді пайдалана отырып , тапсырманы орындайық. Сендерге берілген уақыт 2 минут.

Жақсы, орындадыңдар, енді мені тыңдаңдар.

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі. « Қожа Ахмет Иассауидің діні- ислам, тілі- түрік, ол ислам діні мен мәдениетінің насихатшысы. Иассауи мұсылмандық және түркілік мәдениетке ортақ тұлға. Жаңа өздерің айтып өткендей оның өміріне қатысты екі нәрсе бар, бірі- құрма, екіншісі- 63 жасы. Осы уақыттан бастап өз еңбегі» Диуани хикметті» жазды, ол « екінші дәптер « деп аталды. Хикмет- даналық сөздер деген мағынаны білдіреді. Сонда Қожа Ахмет Иассауи не айтты деген сұраққа кім жауап берер екен?

Оқушы жауабы:

Мұғалім сөзі: Иассауи хикметінің мазмұны адамның Аллаға ғашықтығы. Аллаға ғашықтық сопылық дүниетанымның басты арнасы. Поэзия арқылы жеткізген Хикметтерде ғашықтық жолға түсудің амалдарын көрсеткен:

1 шариғат- дін жолы.

2 марифат- білім жолы.

3 тариқат- тақуалық жолы

4 хақиқат- ақиқат жолы.

Махаббат пен ғашықтықты бір- бірінен ажыратқан, алдымен махаббат бағында болу керек, яғни Алланы мойындап, оған деген махаббат сезімі болуы қажет, сонда ғана ғашықтық басталады- деп ұғындырады. Тек осы жолда- тәуба, тәуекел, сабыр, шүкір болуы керек.

Иассауи әділеттік туралы терең ой айтқан, онда адамға Алла ерік берген алайда, сол ерік адамға дұшпан болған, не үшін берген, неге тежеп отырмаған. Алла адамға ерікті өз кереметін тану үшін берген, ол үшін ақыл, сезім берген. Сезім тек шындық арқылы келеді. Шындықтың аты- Алла, шындықты тану дегеніміз Алла туралы сөз . Адам өзін жаратқан Алласын сүюге ерікті, осы ерікті пайдаланып, іске асырғандарды тақуалар дейді. Алланы тану адамшылыққа бастайтын жол. Бұл барлық адамзат қауымына қажетті шындық. Иассауи өмірі — ғибрат өмір.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен танысу. Топтық жұмыс. 1 топ - Ахмет Иассауидің замандастары кімдер еді? 2 топ - Мәтінде кездесетін таныс емес сөздерді тауып, мағынасын аш. 3 топ - « Иассауи өмірі — ғибрат өмір» деп неге айтылған ?

Жаңа сабақты бекіту. Сұрақтар қоюы.

1. Ахмет Иассауи ілімінің қайнар көздері ( Құран мен пайғамбардың хадистері)

2. Қожа Ахмет Иассауи ілімі қай жерлерге тарады?( Азия, Африка, Европа)

3. Иассауи ілімінің ашық кітабы деп нені айтамыз?( Ахмет Иассауи кесенесі)

4.Иассауи шәкірттерінің бірінің азан шақырып қойған аты- Айқожа, кім туралы айтып отырмыз?( Зеңгі Баба)

5. Сүлеймен Қожаның лақап есімі?( Бақырғани)

6. Ахмет Иассауи кесенесіне сыйға тартылған көне жәдігерлерді ата. ( лауха, шырағдан, есік, тайқазан.)

7. Қазанның ел тұтастығы нышаны ретіндегі мағынасы қандай? ( ауызбіршілік, қонақжайлық)

8. Тайқазандағы 1- қатардағы жазулардың мағынасы қандай?( Әмір Темірдің сыйға тартқандығы жөнінде.)

9. 2- қатардағы жазуы ше?( « мерейің үстем болсын», 1399ж. Тебриздік шебер Абду- л- Әзиз ибн Шарафуддин.)

10. 3- қатардағы жазу ( « Алла- акпар»)

11. Лауханың символдық мәні?( тәуелсіздік)

12. Лауха деген не ? ( ту)

13. Лауханың ұшында қандай сөз жазылған?( Алла)

14. Лауханың салмағы, биіктігі, ұзындығы ( 8х98. сал. 5 кг.)

15. Уакфтың құжаттарында не туралы баяндалған?( кесене иелігіндегі жерлер)

Мұғалім сөзі. Топтық жұмыс. Ойын. « жалғасын тап ». Хикметтен бірнеше мақал алдым. ( таратпа материалдар)

1- топ. Рабт-и- Сұлтан шартына қатысты

1.Ханын сыйламаған ел- ....( азады)

2. Ел ағасыз болмас болмас, тон … ( жағасыз болмас)

3. Басшысыз елде .... ( береке болмас)

4. Әдепсіз үйге кірме , әкімсіз … ( елде тұрма)

5. Ханда қадір болмаса, қарада … ( ұят болмайды)

6.Қанағат қалсаң , қарның …( тоқ)

7. Қорық Құдайдан, қайт… (райдан)

8. Бірлік болмай …( тірлік болмас.)

9. Ырыс Алды -…( ынтымақ)

2-топ.

Мекен және заман , ихуан шартына қатысты мақалдар.

1. Жекен жерінде көгерер, ер … ( елінде)

2. Елінен безген ер оңбас, көлінен безген … (қаз оңбас)

3. Кісі елінде сұлтан болғанша , өз еліңде …( ұлтан бол)

4. Шетте жүрсең тарығарсың, өз еліңді …( тарығарсың)

5. Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт …( елінде патша)

6. Үмітсіз -.. (сайтан)

7. Құдай деген құр …( қалмас)

8. Бірлігі жоқ ел азады, бірлігі күшті ..(ел озады)

9. Көп түкірсе-…( көл)

3- топ. Сабырлылық мақамына қатысты.

1. Барыңа қарап шүкір ет, жоғыңа қарап …( сабыр ет)

2. Сабыр түбі .. ( сары алтын)

3. Сабыр- күн күн түсірмейтін сая, асығыс- аунатып кететін …( мая)

4. Сарғайған жетер мұратқа , асыққан қалар …( ұятқа)

5. Асыққан- …( шайтанның ісі)

6. Ұрыс ырысты қашырар, ынтымақ халықты … (асырар)

7. Көптен қашқан …( көмусіз қалар)

8. Үйірлі құлан ақсағын …( білдірмес)

9. Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса …( ас көп) Жетекшілерге тапсырма Енді осы мақалдар бойынша ой түйінін жасаңдар. Қорытындылау. «Нені білдім, нені білгім келеді?»

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности