Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Тәуелсіз ел — жастары

Казахстан,

КЫЗЫЛОРДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ,

г.Аральск
многопрофильный колледж
преподователь истории

Айгуль Кожамсугурова

Тәуелсіз ел — жастары


Мақсаты : «Тәуелсіз ел — жастары» атты кешімізді оқушыларға 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда дүние жүзін дүр сілкіндірген оқиғаға байланысты жаңа тұрғыда насихаттай отырып,мағұлмат беру.Оқушыларды отанын сүюге,тарихымызды дәріптеуге,
имандылыққа,ел жандылыққа тәрбиелеу мақсат етілді.Бостандық іргесін қалауда өшпес із қалдырған тұлға ерлігін мақтан ете отырып,оқушылардың шыншылдық,ержүректілік,өз жерін,елін,отанын сүю қасиеттерін,патриоттық сезімдерін ояту.

І.Білімділік:Желтоқсан жаңғырығы туралы,желтоқсан көтерілісінің құрбандары туралы мағұлмат беру,білімін арттыру.

ІІ.Дамытушылық :Сөздік қорларын молайту,оқу техникасын,еркін сөйлеу және мәнерлеп сөйлеуін артыру.Оқушылардың тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту.

ІІІ.Тәрбиелік:Өз елінің патриоты болуға,елінің тарландарын тани білуге,құрметтеуге,

адамгершіліке,отанын сүюге,сыйластыққа,ұлтшылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер.Әр түрлі оқулықтар «Халық қаһарманы» және «Желтоқсан құрбандары»деген газет,буклет,т.б материалдар.

Барысы:

Ұйымдастыру:

Кіріспе сөз.Мұғалім:Құрметті оқушылар,ұстаздар!1986 жылғы оқиға біздің есімізден әлі кетер емес.Бізге тәуелсіздік туын,қазақтың көк байрағын биік көтеріп,ел екенімізді дәлелдеп,өз елімізді дүние жүзіне танытып кеткен боздақтарымыздың әруағына тағзым ете отырып,оларды еске алуымыз керек

Тоғжан: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Талғат:Бүгінгі «Тәуелсіз ел — жастары »атты кешімізге қош келдіңіздер.

Тоғжан:Осыдан 18 жыл бұрын,яғни 1986 ж Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды.Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Желтоқсан көтерілісіне қазақ елінің аузында жүрген,тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков,Е.Спатаев,Л,.Асанова және т.б апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.

Талғат: 1986 ж желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ....Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн,әрі қайғылы,әрі бақытты күн.Бұл қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да,әділетсіз көтерілістің бірі.Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата- бабаларымыз үш ғасырға жуық бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Тоғжан:Жарық етіп сөнген жасында,аз ғана ғұмыр кешсе де,өмірдің бар қызығын,бүкіл күш қуатын,жастық жігерін,махаббатын туған халқына арнаған Рұсқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы болды

Талғат:Бүгінгі кешіміз «Қанатты қайырылған желтоқсан құрбандарының »аруағына арналады.Соның бірі Қ.Рұсқұлбеков қазақ халқының патриотты,халқымыздың хаһарманы.Ол тірі болса ақын болар ма еді ?

Хор:А.Түменов орындауында «Қазақ жігіттері»әні

Тоғжан:Сан тұлпардың тұяғы шашып отты,

Қазақ қанша ғұмырдан басып өтті.

Бар түріктің жау жүрек ұрпақтары,

Аз көрдіме тағдырды қасіретті.

Талғат:Бұл жоңғардан кейінгі ұлы сүргін,

Сермемеді қазаққа қылышын кім.

Ұрпағы сол нәубетке ұшыраған,

Азалап мен жүректен жыр ұшыраған.

Тоғжан:Көрініс:Желтоқсан құрбандарының алаңға шығуы: «Әрбір ұлттың өз көсемі болсын», «Ешбір ұлтқа артықшылық берілмесін », «Жасасын Қазақстан».Қазағым –ау,қашанғы қор болып қой сияқты қор болып қой сияқты жүре бермекпіз?Не тілімізді,не жерімізді жаттан қорғай алмай мүсәпір күнге түстік қой.Абылайдай ер бармысың,қайдасын?- деген сөздер айтылады.

Талғат:Кім көріпті,о заман да бұл заман,

Найзағайды көк аязға құлаған.

Кеуделерде — үрей бар ұялаған,

Болсайшы аман,мына ғалам,дін аман.

Тоғжан:Бурыл көктің көкірегін тілгілеп,

Найзағайлар от билігін тұр билеп.

Ақ боранда құтырады ит деуші еді,

Алматының иттері ұлып,үрді кеп.

Талғат:Бауыржан Үсенов «Ерге салған жыр гүлі»мәтінінен үзінді.

Қайрат- Азамат Түменов.

Тергеуші – Айдынов Марат.

Милиционер-Смайлов Талғат пен Марат Дархан

Автор:Қысқаша баяндама оқылды.Содан соң Қайратты тергеуге әкеледі.

Қайрат:Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың,

Балағаттайсың мені,бір түйінің түсіндім.

Жазықты емеспін,қайталай берем несіне,

Оқып көр міне өленге түнде түсірдім.

Тергеуші:Түкірдім мен жырларына,

Ит,не деген өткір едін

Ине сұқтым тырнағына,

Өлердей ғып тепкіледім.

Алдап-арбау тәсілімен.

Мойындата алмадым.

Қайрат:Мойындата алмайсын.

Тергеуші:Байқа.87 –бұл бүлігі көп,

Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп.

Тілінді безеп,өлен айт маған десен

Савинцкиді өлтірдің алаңда сен.

Қайрат: Бітер екен осы бір Кеңес қашан,

Өлтіргенім жоқ,көргенім жоқ мен ешқашан

Сенбесеніз құдай мен достар куә.

Тергеуші: Жылап бүркіт болмас 10 мың қарға

Үкіметті мұқатпақ болдыңдарма?

Бәрі бір іске аспады амалдарын

Қарғадай қаңқылдаған қадамдарға.

Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз,

Құжатынды атуға даярлаймыз.

Жүргізуші:Милиционерлер келіп,екі қолын артына қайырып тұрғанда Қайрат соңғы сөздерін айтып кетеді.

Қайрат: Алатаудай бабалар,аруағын мен жебей көр!

Тұтқынға түстім жатандап,жоламай ешкім қсыма.

Бара қалсан сәлем айт,елдегі құрбы -досыма.

«Ақтық сөзін не»,-деген,бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма,жоқ пиғыл менде жасымақ.

Күнадан таза басым бар,жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,бозторғайдай жаным бар.

Алам десен алындар,Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар,еркек тоқты құрбандық.

Атам десен атындар,Хош аман бол аартымда,

Ағайын туған азамат!Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!

Тоғжан:Тергеуді құпия жүргізіп,оны жалған айыпты мойындатуда істелген заңсыздықтары туралы Қайрат былай деп айтып кетті: «Елге сәлем айтып барындар,денемде сау жер жоқ,инемен сұққылағанда шыбын жаным көзіме көрінеді.Бірақ мен кінәлі емеспін,тазамын мама»хаттың аяғына. «Қанаты қайырылған Қайрат»,-депті.

Талғат: Қазақ елінің кезекті 21 –ші басшысының зобалаңына ұшыраған,25 жасқа қараған шағында тұтқындалып,21 күн сот алдында нақақтан нақақ шырылдап,Семей түрмесінің 21-ші камерасында 1988 жылдың 21-мамырында қайрат дүниеден өтті.Сөйтіп Қанаты қайырылып,жарық күнмен мәнгі қоштасты.Ол жөніндегі тіркеу ісі қандай құпия жүргізілсе,оның өлімінің себебі де құпия ұсталды.

Тоғжан: 5 жыл өткен соң,1992 ж 21 қпанда ақталуы тездей соқтықпа?Тағдырдың жазуыма әлде?Президенттің жарлығы мен 1996 ж 9 желтоқсанда Қайратқа «Халық Қаһарманы »атағы беріліп,айрықша ерекшелік белгісі «Алтың жұлдызы»тапсырылды.

Талғат: Ұрымталдан ұрғанмен бүгін ызғар,

Тұңшықпайды үрсініс ұғыныздар.

Ей,адамдар еске алып марқұмдарды,

Үнсіз ғана орыннан тұрыңыздар

Тоғжан: Қазақстан,Туды алтын дәуірін,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын қымбатым,

Туған күнін құтты болсын алыбым!

Талғат: Келесі кезекті топ аралық сайысқа берейік.Диаграма

1.Желтоқсан оқиғасы 2.Жауқазын Сабира 3.Азматтық патриоттық

4.Жауқазын 5.Қайрат 6.Ләззат

7.Желтоқсан құрбаны 6.Жастай қайтты

Тоғжан : Ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы музыка училищесінің студентті Ләззат Асанова желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар.Ар-ождан озбырлық пен апталып жапа шекен Ләззаттың қазасы әлі күнге дейін жұмбақ.Мұны анықтау болшақтың еншісінде.Одан кейінгі Сабира Мұхамеджанова 1985 ж 8 жылдық мектепті үздік бітірген.Ол Алматыдағы желтоқсан оқиғасының шыңдығын білуге барған.26 желтоқсанда өткен жиналыста анасы мен барған Сабираны айыптайды.содан соң албырт жас жатақанасының өзі тұратын бөлмесінен секіреді.Соңдағы тағылған айып оқудан шығарылсын деген сөзі.

Талғат:Желтоқсанға байланысты кітаптар қолданыста жүр.Желтоқсанға қатысқан біздің жерлестеріміз бар.Олар Гүлнар Демеуова –сауда-саттық пен айналысады.Злиха Ұзақбаева-мектепте педагог-психолог.

Тоғжан:Талғат келесі кезекте сайыскерлеріміздің ой піклерін білейік.

Талғат:Сонымен келесі сайысымыз «Ой-қозғау»сұрақтар

1.Қазіргі заманда Қайрат Рұсқұлбековтей патриот жастар барма?

2.Сабира Мұхамеджанова неге желтоқсан құрбаны?

3.Сабираға мінездеме бер?

4.Сол заманғы жастардың портреті қандай болды?

5.Отанға деген сүйіспеншілікті көрсету үшін революция қажет пе?

6.Сен — Қазақстан патриоты болар едін?

7.Лаззат Асанованың Қазасы әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатыр.Бұған не айтасыз?

8.Қайраттың орнында өзін болсан құрбандыққа барарма едін?

Тоғжан:Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.

Талғат:Жазалаушы қара құрттай қаптады,

Қазағымды қырып- жойып таптады.

Сонда елімнің ұл — қыздары ардақты,

Қарсы шығып ел сенімін ақтады.

Тоғжан: 16 — шы желтоқсан Тәуелсіздік күніме әлде,Қаралы күн етіп жариялаған дұрыспа ? — деген сұраққа пікір талас

Тоғжан:Я,біз өз елімізді жерімізді.отанымызды сүйетін атриот болып,отанымызға болашақ қызмет етіп,өз үлесімізді қосуымыз керек…Біз сөзімізді Н.Ә.Назарбаевтың жастарға айтқан жолдауы мен аяқтай келе : «Сіздер,қазіргі жастар,тәуелсіз қазақстанда өстіңіздер.Сіздердің көз алдарыңызда біздің мемлекетіміздің қалыптасуы жүрді.Сіздер ана сүтімен бірге патриотизм және өз тәуелсіз отандарына деген сүйіспеншіліктің терең сезімін дарыттындар.Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіру жөніндегі біздің барлық ойымызбен жоспарларымыздың қорытындысына жететін боласыздар.»

Талғат: Мұқалмапты бірақта жігеріміз,

Сыпырылды тізгін иен жүгеніміз.

Желтоқсанның ызғары қарып кеше,

Жалын атты қайтадан жүрегіміз,-деп.Бүгінгі кешімізді аяқтай келе оқушыларымыздың ой — пікір сайысын қорытындылай келе сөз кезегін директордың оқу — ісі жөніндегі орынбасары:Өтегенов Қожахмет ағайға.ұстаздар қауымы атынан Сағынбаева Айнамкөз апайға және Тілепова Гүлхан апайға,тәрбие — ісі жөніндегі орынбасары Әйділдаев Бақтыбай ағайға сөз береміз.

Хор:Атамекен әні

Арал көпсалалы колледжінің тарих пәні оқытушысы, Айгүл Қожамсүгірова.

Скачать

Скачать файл: tauelsyz.docx
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности