Год 2012
Страна Казахстан
Автор Амербекова А.Б.
Жарыс:
«Тілге құрмет- елге құрмет»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінде сөйлеуін, мемлекеттік
тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру
оқущылардың ой бнлсенділігін таным іздемпаздық
. қасиеттерін арттыру.
Пәнге ынтасын, қызығушылығын арттыруға ықпал
ету.
Сабақтың көрнекі құралдары: кітап көрмесі, Қош келдіңіздер!, тіл туралы
нақыл сөздер.
Сабақтың барысы
Құрметті мұғалімдер, оқушылар!
Біздің жарыс сабағымызға қош келдіңіздер! Республикамыздың мемлекеттік тілі- қазақ тілі құрметіне арналған «Тілге құрмет- елге құрмет» атты сабағын бастаймыз.
Тақтаға оқушылар шығады.
1. Қазақ тілі- Атаң, Анаң
Қуат алар Отан да одан
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
2. Қазақ тілі жол ашты,
Халақты танып- білуге.
Достарды жаңа танытты
Қол созатын білімге.
3. Мектеп- біздің анамыз,
Білім, тәлім аламыз.
4. Терген ілім жемісін
Біздер- жас ұланбыз.
5. Керек болса ел үшін,
Ел қрғауға барамыз.
6. Асыға күткен бәріміз,
Келді жарыс күніміз.
Сабақта берілген тапсырмаларға дұрыс, нақты жауап беріп, жоғары баға
алған оқушы жарыс сабағының жеңімпазы , яғни «Озық ойлы оқушы» деп атанады.
Біріншіден төрешілер алқасын таңдап алайық (1,2,3).
Жарысқа әрбір сыныптан екі оқушы қатысады.
Бүгін біз 2 тақырыпты қайталаймыз.
1. Мектеп
2. Қазақстан
1) Тіл — қатынас құралы
Сендер әр сұраққа жылдам әрі нақты жауап беру тиістісіңдер.
1. Сендер қай мектепте оқисындар?
2. Сендер қай сыныпта оқисыңдар?
3. Директордың аты кім?
4. Сендер қай республикада тұрасыңдар?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
7. Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесіңдер ме?
9. Қазақстанның әнұраны қашан қабылданды?
10. Әнұранның сөзін жазған кімдер?
11. Әнін жазған кімдер?
12. Әнұран неше шұмақтан тұрады?
Бір минут демалу.
1. Оқушы: Апай маған қоятын «екілікті» Дүйсен ағама қойыңызшы?
Мұғалім: Неге?
Оқушы: Өйткені бұл есепті сол шығарған еді.
2. Мұғалім: Үшті үшке қосқанда неше болады?
Оқушы: Екі үш болады.
3. Мұғалім: Кеше сабаққа неге келмедің?
Оқушы: Басым аурды.
Мұғалім: Ал бүгін неге кешігіп келдің?
Оқушы: Тағы да басым аураратын шығар деп тостым.
2) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Сендер «Мектеп», «Қазақстан» тақырыптарына байланысты сөздер
жазасыңдар,1 минута арасында.
Қалған оқушылар сөзжұмбақ шешеді. 20 сөз табу.
с б о р қ ы з т а
а с о з а е л а е
б т і л з ә ң т т
а б е е а ү й т а
қ а з а қ с т а н
а а з а т ы ұ а а
л г ү л і н ж б т
а ү ш о л ы ы а у
ш л е к і п м р ы
3) Сөздің көркі — мақал.
Жарысқа қатысқан оқушылар оқу- білім, Отан туралы мақал — мәтелдер
айтады.
4) Мәнерлеп оқу.
5 — сыныптың оқулығы, 5 беті, мәтін «Мектеп» 60-65 сөз.
5) Сөйлей — сөйлей шешен боларсың…
1. Өзім туралы
2. Мектеп
3. Қазақстан
Мұғалімнің ең соңғы сөзі:
Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мелекеттік тілі. Болашақта жақсы маман боламын десеңіз, қазақ тілін білуіңіз керек. Сондықтан сендерге табыс пен шыдамдылық тілеймін.
Казахский язык- является государственным языком Республики Казахстан. И если вы хотите в будущем стать хорошим специалистом вам нужно овладеть казахским языком. Желаю вам удачи и терпения